5
Кіріспе
Жер бетін зерттеуде адамзат баласы әрқашан үлкен назарын
аударған. Территорияны зерттеу кезінде картасыз жұмыс өтпейді.
Картаны тіпті ең жақсы жасалған территория сипаттамасы да ауыстыра
алмайды. Картасыз қала құрылыстарын, жолдарды, каналдарды жобалау,
елдің шаруашылық дамуын жүргізе алмаймыз. Картографиялық
оқытуынсыз жаңа жерлерді және табиғи байлықтарды игеруге,
табиғатты қорғау және ресурстарды рационалды қолдану, ғарышты
және Әлемдік мұхитты игеруге болмайтынын айтуымыз жөн. Карта
біздің өмірімізге етене енді: біз карталарды күнделікті газеттерде,
журналдарда, телебағдарламаларда, мысалы ауа райын сипаттағанда,
спорттық шараларда, халықаралық жағдайларда да көреміз. Электронды
және цифрлық карталар, атластар, топографиялық пландар,
картографиялық анимациялар, және т.б. геологтар, экологтар,
геоморфологтар және т.б көптеген мамандар өз салаларында белсенді
қолданады.
Ал оқыту үрдісінде карталар көптеген маңызға ие:
- карта географияда ең алдымен көрнекілік құралы ретінде
қолдануда;
- кеңістіктегі құбылыстардың орналасуын нақты бейнелеуде;
- карта шартты белгілердің тек орналасуын ғана емес, сонымен
қатар суреттердің сипаттамасын, олардың жағдайын ғана емес,
қоз,алысы, дамуы мен өзгерісін бейнелеуде үлкен маңызға ие;
- карта географияны оқыту үрдісінде маңызды психолого-
педагогикалық рөл атқарады, яғни білімдерін реттеуде, білімді
меңгеруде және есте сақтауда жеңілдетеді.
Пәннің мақсаты: Студенттерді топогеодезиялық құжатнамаларды
(карта, план, профиль) және карта материалдары құбылыстар мен
процестерді, объектілерді барлау, жобалау, құру және пайдалану іс-
әрекеттеріне қатысты баулу.
Пәннің міндеті:
Студенттерді топогеодезиялық-картографиялық курсты өту
арқылы география ғылымдарының нақтылы игерілуіне
бейімдеу;
Картографиялық есептердің математикалық өнделуіне икемдеу;
Достарыңызбен бөлісу: