11
келбеттеуге болады. Тіпті картаның көмегімен өткен уақытқа көз
жіберуге болады. Мысалға, тарихи карталарды еске түсіріңіз.
Географиялық карта адамның тіршілік әрекетінің барлық саласында
пайдаланылады. Ол – жол көрсеткіш, өнеркәсіп, энергетика, транспорт
құрылыстарын барлау-іздеу, жобалау және инженерлік жобаны нақты
іске асырудың негізі. Ауыл шаруашылығын жерге орналастыру,
мелиорация және барлық жер қорын есепке алып, оны тиімді
пайдалану ісіне керек. Халыққа білім беруде, дүние туралы білімді
таратуда, жалпы мәдениетті көрсетуде өте маңызды көрнекі құралы.
Территорияның картографиялық жағынан зерттелуі әскери іс үшін де
маңызды. Социолониялық құрылыс жағдайында жалық шаруашылығын
көптеген міндеттерін – географиялық жағдайларды дұрыс бағалау,
табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалпына келтіру және
табиғатты өзгертудің жоспарларын жасау, өндіргіш күштерді дұрыс
орналастыру, экономикалық аудандарды комплексті дамыту т.б. –
географиялық картаның өте сапалы болуын керек етеді. Географиялық
карта ғылыми-зерттеу құралы болып табылады. Мысалы, геологиялық
карта белгілі бір жердің геология құрылысын көрсетумен қатар,
қазбалардың таралу заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ол –
құбылыстардың кеңістегі өзара байланысы мен дамуын зерттеуде
және болжауда да аса қажетті құрал.
Ғылыми практикада модельдендіру нақты объектіні оқып білуде
және жасауда орын бастаушы ретінде түсіндіріліп келеді.
Картографияда «модель» деген термин қолданады және өзінің
ерекшеліктері бар. Модель жер бедерін, географиялық қабықты, жер
қыртысын және атмосферада тіршілік ететін тірі организмдермен
әлеуметтік
құбылыстармен
адамның
іс-әрекетінен
болатын
құбылыстарды көрсетеді. Осы «Картографиялық модельдендіру»
ұғымын орыс ғалымы географ, картограф К.А. Салищев қолданды.
Ғалым К.А. Салищев карталардың ең негізгі 4
функциясын атап
көрсетті.
Коммуникативті – картаны қолдану кезінде ең негізгі
хабарлар беру;
Оперативті – карта бойынша практикалық жұмыстарды орындау;
Танымдық – әртүрлі саладағы мамандар мен оқушылар
өздерінің білімін дамыту үшін қолданады.
Болжамдық – картографиялық моделдеу кезінде бір
құбылысты бағыт бере отырып дамыту.
Географиялық картаның жиегі мен бос жерінде қосымша
графиктер мен жазулар: картада қолданылған картографиялық
белгілер және олардың түсіндірмелері; карта бойынша қашықтықты,
12
бұрыштарды, объектілердің ауданын, жеке нүктелердің координаталарын,
еңістікті т.б. өлшеуге қажет графиктер; картаның жасалған кезін,
пайдаланған материалдарын т.б. көрсететін деректер; кейде көрсетілген
объектілерді түсіндіріп, толықтыратын диаграммалар, таблицалар мен
мәліметтер де болады.
Достарыңызбен бөлісу: