36
Километрлік тордың мәнін жазу үлгісі. Картаға тікбұрышты
координаталардың толық және қысқартылған нүктелерін түсірудің
мысалы.
Квадраттың оңтүстік-батыс (сол жақ төменгі) бұрышының пункт
орналасқан қысқартылған координаталарын атау керек, алдымен
х координатасы, ал сонан соң
у координатасы аталады. Мысалы,
А белгісінің орналасу орнын көрсету керек болса, «Квадрат жетпіс
төрт он бес, нысана» деп айтылуы тиіс.
Карта бойынша координата нүктесін анықтау. Масштаб
көмегімен берілген нүктеде ол орналасқан квадраттың көлденең
жағының сол жақтағы (батыстағы) тік және төменгі (оңтүстіктегі )
нүктесіне дейінгі қашықтық метрмен (перпендикуляр бойынша)
өлшенеді.
х мәні экватордан квадраттың оңтүстік жағына
дейінгі тұтас
километрлік мән мен сол жақтан нүктеге дейінгі өлшенген
қашықтықтың қосындысынан тұрады, ал
у мәні тік сызықтың сандық
мәні мен сол сызықтың нүктеге дейінгі метр санынан тұрады.
Мысалы, А нысанасының координаталар нүктесі х=74 560; у=15 410.
Достарыңызбен бөлісу: