35
Абцисса осі
х (тік ось) ретінде әрбір аймақта осьтік меридианның
бейнесі, ал ордината осьі
у (горизонтальді ось) – ретінде экватор
бейнесі қабылданады. Олардың қиылысуы – 0, координата басы деп
аталады.
ТМД елдері үшін
х абциссалары оң шамада, ал
у ординатасы – оң
да, теріс те шамада болады. Ординатаның теріс шамасын жою үшін
әрбір аймақтың меридиандағы осьтік
у ордината шамасын 500км-ге
тең деп қабылданған яғни
х осі батысқы 500км-ге ауысады.
Сондықтан да
у координатасы осьтік меридианнан шығысқа қарай, ал
шамасы 500 км-ден кішісі батысқа қарай орналасқан.
Әрбір аймақта тік және көлденең сызықтарға өзара перпендикуляр
тор салынады, олардың алғашқысы
х осіне, екіншісі
у осіне параллель.
Бұл тор тік бұрышты координаталық тор деп аталады, картада ол
квадраттар жүйесімен көрсетіледі. Оны сондай-ақ километрлік деп те
атайды, өйткені сызықтар тұтастай километр саны арқылы жүргізіледі.
Километрлік тор салынған алты градустық аймақ картаның жеке
парақтары түріндегі бөлімдерге бөлінеді. Картаның әрбір парағы барлық
аймақ үшін бірдей координаталық торлар бөлімдерімен жабылған.
Жақтау сыртына шыға берісте шақырымды тор сызықтарында
абцисса және ордтнаталарының шамасы жазылады. Жақтау бұрыштарына
таяу координата сызықтары толығымен, ал қалғандары қысқартылып
(соңғы екі саны) жазылады.
Километрлік тор карта бойынша нүктелердің координатасын
анықтауға және белгілі координаталар бойынша картаға обьектілерді
салуға, дирекциондық бұрыштарды өлшеуге, сондай-ақ обьектілерді
көрсету немесе табу үшін қолданылады. Сонымен бірге, тор «көз
мөлшерімен» қашықтықты және ауданды бағалауға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: