Қ. Т. Сапаров г.ғ. д., С. Торайғыров ат


Гаусс - Крюгер проекциясы



Pdf көрінісі
бет43/151
Дата07.01.2022
өлшемі5,58 Mb.
#19097
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   151
8.1 Гаусс - Крюгер проекциясы 
1928 ж. КСРО-да барлық геодезия және топографиялық жұмыстарға 
арналған геодезия мәжілісінде Бессель эллипсоидында Гаусс - Крюгер 
проекциясы қабылданған болатын. Бұл проекцияда 1:500000  - нан ірі 
масштабты  топографиялық  карталарды  жасай  бастады,  ал  1939 ж. 
бастап  Гаусс-Крюгер  проекциясы  1:500000  масштабты  картасында 
қолданылды. 1825 ж. К. Гаусс алғашқы рет бір жазықтықты екіншісінің 
үстіне  шексіз  кіші  бөлшектер  түрінде  бейнелеп  сақтап  отырудың 
жалпы  шешімін  тапты.  1912  ж.  А. Крюгер  жазықтықта  қолданылған 
формулаларды есептеп, баспадан шығарды. Осыдан кейін бұл проекция 
Гаусс  -  Крюгер  атауын  алып,  топография-геодезиялық  жұмыстарда 
кең  қолданыла  бастады.  Гаусс  –  Крюгердің  тең  бұрышты  көлденең-
цилиндрлі  проекциялау  заңы  бойынша  проекцияланады.  Сондықтан 
жер эллипсоиды бойлықта әрбір 6° сайын меридиандармен 60 зонаға 
бөлінеді, олар полюстен полюске дейін созылады. Зоналардың нөмірлері 
батыстан шығысқа қарай Гринвич меридианнан жүргізіледі, ал Грнивич 
меридианы  бірінші  зонаның  батыс  шекарасы  болып  саналады.  Әрбір 
зонаның ортадағы меридианы остік меридиан деп аталады.  
Меридиандар мен параллельдер қисықтармен бейнеленеді, меридиан 
зонасы  мен  экваторға  салыстырмалы  түрде  симметриялы,  бірақ 
олардың  қисықтығы  шамалы  болғандықтан,  картаның  батыс  пен 
шығысындағы  шегі  түзу  сызықтармен  бейнеленеді.  Карталардың 
солтүстік  және  оңтүстік  шегімен  сәйкес  келетін  параллельдер  ірі 
масштабты  карталарда  түзумен  бейнеленеді  (1:2000-1:50000),  ұсақ 
масштабты  карталарда  қисықпен  бейнеленеді.  Әрбір  зонадағы 
тікбұрышты  координаталарының  басы  осьтік  меридиан  зонасының 
экватормен қиылысу нүктесінде орналасады.  
Гаусс - Крюгер проекциясы - геодезиялық проекция, жердің беті 
шартты түрде меридиандармен 60 зонаға бөлінеді. 
Гаусс - Крюгер  проекциясындағы  аймақтарды  санау  гринвич 
меридианынан шығысқа жүргізіледі. Орта меридиан зонасы осьтік деп 
аталады.  Шығыс  жарты  шарының  кез  келген  аймағындағы  L

осьтік 
меридиан ұзақтығы мына формуламен есептеледі: 
     L
0
=6°* n -3° 
     Ал батыстағыда - мына формула: 
     L
0
=360°-(6°* n-3°), 
     n - аймақ нөмірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет