Қ. Т. Сапаров г.ғ. д., С. Торайғыров ат



Pdf көрінісі
бет89/151
Дата07.01.2022
өлшемі5,58 Mb.
#19097
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   151
Проекциялардың жіктелуі: 
Картада кездесетін бұрмаланулар сипатына қарай, картографиялық 
проекциялардың мынадай түрлері белгілі: тең аудандытең бұрышты
тең аралықты және еркін проекциялар. 
Тең  ауданды  проекциялардағы  карталарда  географиялық 
объектілердің  ауданы  бұрмаланбай  дәл  беріледі,  бірақ  өте  үлкен 
аумақтарда бұрыштар мен геометриялық пішіндер елеулі бұрмалануға 
ұшырайды. 
Тең  бұрышты  проекциялардағы  карталарда  бұрыштардың 
бұрмалануы  жоқ.  Сонымен  қатар  мұндай  карталарда  аумағы  шағын 


 
82 
жерлер  пішіні  де  дәл  кескінделеді.  Ал  ұзындықтың  масштабы 
картаның  кез  келген  нүктесінде  барлық  бағытта  да  бірдей  мөлшерде 
сақталады.  Неғұрлым  аумағы  үлкен  географиялық  объектілердің 
ауданы қатты бұрмалануға ұшырайды. 
Тең аралықты проекциялардағы картада ұзындықтың масштабты 
тек канa бір басты бағыт бойынша, тек параллель  – немесе мередиан 
бойымен  ғана  сақталады.  Бұрыштар  мен  ауданнын  бұрмалануы 
соншалықты байқала бермейді. 
Еркін  проекциялардағы  карталарда  бұрыштар  мен  ауданның, 
ұзындықтың бұрмалануы аз мөлшерде картаның кез келген нүктесінде 
кездеседі. 
Географиялық 
объектілерді 
жазықтыққа 
көшіру 
үшін 
пайдаланылатын  көмекші  геометриялық  беттердің  түріне  және 
картографиялық тордың ерекшелігіне қарай проекциялар: цилиндрлік
конустық және азиммуттық деп бөлінеді. 
 
 
 
1-сурет. Проекциялар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет