Қ. Т. Сапаров г.ғ. д., С. Торайғыров ат



Pdf көрінісі
бет114/151
Дата07.01.2022
өлшемі5,58 Mb.
#19097
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   151
 
3-сурет. Нүктелік тәсіл 
 
Изосызықтар тәсілі 
Изосызықтар  –  географиялық  картадағы  қайсыбір  шаманың 
(қысым, температура, ылғалдылық, т.б.)  бірдей  сандық  көрсеткіштері 
бар  вертикаль  қимадағы  немесе  графикадағы  нүктелердегі  қосатын 
сызықтар. 
Изосызық  тәсіл  –  грек  тілінен  аударғанда  изос  бірдей  деген 
мағына білдіреді. 
Изосызықтар  тәсілі  –  кеңістіктегі  үздіксіз  және  біртіндеп 
өзгеретін құбылыстардың – жер бетінің биіктігін, ауа температурасын, 
жауын – шашын мөлшерін және т.б. шамасын (немесе қарқындылығын) 
картаға түсіру үшін қолданылатын бейнелеу тәсілі. 
Изосызықтардың  мынадай  түрлері  бар:  изотерма,  изогиета, 
изобар. 
Изотермалар  –  (изо.  және  герк.  Тhermе  –жылылық,  ыстық)  – 
географиялық картадағы бір сәттегі немесе орташа бір кезеңдегі (жыл, 
ай  бойғы)  ауаның,  судың  және  топырақтың  бірдей  температуралы 
нүктелерін қосатын сызықтар.
 
Изогиета  –  географиялық  ккарталардағы  тәулік,  ай,  жыл  ішінде 
жауатын  атмосфералық  жауын  –  шашын  мөлщерінің  бірдей 
нүктелерін  немесе  бір  айда  немесе  бір  жылда  жауатын  жауын  – 
шашынның  көп  жылғы  орташа  мөлшерінің    бірдей  нүктелерін 
қосатын сызықтар. 
Изобара  –  барометрлік  қысымы  бірдей  нүктелерді  қосатын 
сызықтар.  Карталардың  бетінде  белгілі  бір  уақытқа  арналып 
жасалады.  Изобаралар  тәуліктің,  айдың,  жылдың,  т.б.  орташа,  ең 
жоғары немесе ең төменгі қысымдарына арналып жасалуы да мүмкін.  


 
108 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет