4-сурет. Изосызықтар әдісі Таңбалар тәсілі Таңбалар әдісі бір нүктедегі объектіні белгілеу үшін қолданылады.
Оның орналасқан жері қатаң түрде географиялық немесе басқа
координатамен анықталады, ол уақыт өтуіне байланысты өзгермейді.
Объектінің ауданы картаның масштабында көрсетілмейді. Мысал,
ретінде бөлек орналасқан нысандар, елді мекендерді айтсақ болады:
электростанциялар, зауыттар, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар,
пайдалы қазбаларды өндіретін орындар және т.б. Таңбалардың
мынадай түрлері бар:
– Геометриялық белгілер карталарды жасау кезінде оңай
анықталады, жай геометриялық фигуралардан тұрады. Оған дөңгелек
және оның бөліктері, шеңберлер, тікбұрыштар, үшбұрыштар, ромб
және т.б. жатады. Картада геометриялық белгілер оңай оқылады, аз
орын алады, тез жатталады.
– Әріптер таңбалары белгілі бір объектіні әріппен белгілеу тәсілі.
Мысалы, объект атының бас әрпі болып табылады: А - автомобиль,
Х - химия, Б - балық аулау өнеркәсібі; – Шығармашылық белгілерге өзінің қалыпты бейнесіне ұқсас
әртүрлі суреттер жатады. Мысалы, мұнай шығару орындарындағы
мұнаралар, металлургия заводындағы домен пештері.