Географиялық атластар – біртұтас шығармалар ретінде жалпы
бағдарлама бойынша жасалған географиялық карталардың жүйелі
жинақтары. Географиялық атластар әр түрлі және олар аумақтық
қамтуы (дүние жүзі, жеке континенттер, елдер, өңірлер атластары,
тағы да басқалары), мазмұны (жалпы географиялық және тақырыптық
атластар (мысалы, геологиялық, климаттық, ауыл шаруашылықтық,
өнеркосіптік, кешенді атластар), тақырыбы (ғылыми-анықтамалық,
өлкетанулық, туристік, оқулық, тағы да басқалары) бойынша бөлінеді.
"Атлас" деген атауды Фламанд картографы Меркатор енгізген (1595
ж.). Ол өзінің карталар жинағын Ливияның мифтік королі Атластың
құрметіне атаған.