111
Картодиаграмма тәсілі
Карта бетіндегі территориялық бөліктің белгілі бір статистикалық
көрсеткішінің жалпы мөлшерін диаграмма көмегімен көрсететін карта.
Бұлар карта бетінде құрылып шығатын диаграммалық сызбалар.
Құбылыстардың жер танабында (аудан, облыс, ел бойынша)
орналасу жағдайлары және олардың абсолюттік шамалары диаграммалық
шартты белгілердің (бағаналар, шаршылар, дөңгелектер) пішіндерімен
кескінделеді. Мысалы, пайдаланылатын жерлердің картодиаграмма-
ларының шаршылармен топталуы. Сырттай картодиаграммалар
таңбалауларға ұқсайды. Бірақ таңбалаулар құбылыстардың пункте
(«нүктеге») орай, ал диаграммалық пішіндер картадағы жер танабына
қатысты орнықтырылады.
11-сурет. Картодиаграмма тәсілі
Достарыңызбен бөлісу: