Қ. Т. Сапаров г.ғ. д., С. Торайғыров ат



Pdf көрінісі
бет141/151
Дата07.01.2022
өлшемі5,58 Mb.
#19097
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   151
№14 Зертханалық жұмыс  
 
18-тапсырма. Топографиялық картадан берілген екі нүктенің (15-кесте): 
1) абсолюттік биіктігін 
2) салыстырмалы биіктігін 
3) еңісін 
4) пішінін анықтау. 
Тапсырманы  орындауға  арналған  ұсыныстар.  Егер  А  нүктесі 
горизонталь  үстінде  жатса,  онда  оның  абсолюттік  биіктігі  сол 
горизонтальдың биіктігіне тең. Ал егер А нүктесі екі горизонталь арасында 
жататын болса, онда оның абсоюттік биіктігін табу үшін қорші жатқан екі 
горизонталь  биіктіктерін  интерполяциялау  арқылы  табады.  Ол  үшін 
ізделініп жатқан нүкте арқылы d түзуін жүргізеді (12 сурет).  
15-кесте 
Нұсқа  У-34-37-В-в-4 (Снов) картасы бойынша 

Тастар жиынтығы (6812) – омарта (6712) 

Құдық (6614) – су қыспақты мұнара (6614) 

Орманшы үйі (6412) – шіркеу (6413) 

Жанармай қоймасы (6514) – су қыспақты мұнара (6414) 

Жол торабы (6812) – «Северный» орманының шығыс бұрышы (6813) 

Бұлақ (6713) – жол (6614) 

Орманшы үйі (6611) – омарта (6512) 

Малдарға арналған қаша (6511) – Орманшы үйінің жанындағы қиылыс (6412) 

Тастар жиынтығы (6414) – ескерткіш (6413) 
10 
Жанармай қоймасы (6413) – орман жолдарының қиылысы (6412) 
11 
Телемачта (6413) – бақшаның оңтүстік бұрышы (6414) 
12 
Кірпіш зауыты (6613) – жеке тұрған қылқанды ағаш (6513) 
13 
Ұн тартатын зауыт (6511) – оба (6611) 
14 
Зираттың солтүстік бұрышы (6413) – жеке жатқан тас (6513) 
15 
149,7 белгісі бар көпір (6612) – жеке бұта (6613) 
16 
Темір жолдың тұйықталған жері (6714) – Зираттың солтүстік бұрышы (6714) 
17 
Электрберіліс жүйесінің далалық жолмен қиылысы (6712) – зираттың батыс 
бұрышы (6811) 
18 
Вороново  елді-мекенінің  солтүстік-батысындағы  жол  торабы  (6612)  –  жеке 
жатқан тас (6612) 
19 
Көмір шахтасы (6714) – орманшы үйінің жанындағы құрылыс (6713) 
20 
Новый  елді-мекеніндегі  көшелер  қиылысы  (6412)  –  орман  жолдарының 
қиылысы (6412) 
 
Содан кейін берілген нүкте мен төменгі горизонталь арасындағы 
арақашықтық d
1
 өлшенеді. А нүктесінің биіктігі осыған тең: 
Н
А
 = Н
төм
 + Δh, 
мұндағы Δh = төменгі горизонталь мен А нүктесі арасындағы биіктік. 
Пропорция құра, Δh табамыз:
 
 мұндағы h – жер бедерінің биіктік қимасы. 


 
151 
Мысалы,  жеке  тұрған  ағаштың  абсолюттік  биіктігін  табу  керек 
(12  сурет).  Керекті  өлшемдерді  жүргізген  соң,  d  =  12  мм,  d
1
  =  4  мм 
өлшемдері белгілі болды. Биіктік қимасы h = 10 м, осыдан: 
 
 
Анықталып жатқан биіктік Н = 210 + 3,3 = 213,3 м. 
 
 
12-сурет. Нұктелердің абсолюттік және салыстырмалы биіктігін анықтау 
 
Берілген  құламаның  еңісін  анықтау  үшін  рамканың  оңтүстігінде 
еңістер шкаласы беріледі (13-сурет). 
 
13-сурет. Еңісті анықтау 
 
Горизонталдарды  еңісті  бейнелеу  қасиеті  картада  оның  пішінің 
анықтауға мүмкіндік береді. Оның бірнеше түрі болады (14-сурет).  
А нүктесі жатқан жердің пішінің анықтау үшін оның екі жағынан 
да  бірнеше  горизонталь  белгілеп,  кимасын  салып  алу  қажет.  Содан 
кейін 14-суретте берілген мысалдармен салыстыра пішінің анықтау. 
 
Түзу                 Дөңес             Ойыс                Сатылы 
14-сурет. Жер бедері пішіндерінің түрлері 


 
152 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет