Топографиялық сипаттама Топографиялық сипаттама – бөгеннің негізгі топографиялық
сипаттамалары ретінде айдын ауданы мен көлемінің тежелу деңгейі
араларын
байланыстыратын
қисық
сызықтар
немесе
бұл
сипаттамаларды анықтау үшін жергілікті жердің горизонталды планы
түріндегі болашақ су басатын ауданның ірі масштабтағы планды-
биіктігі бейнелетін түсірулер. Ұсақ масштабты түсірулер арқылы
алынған топографиялық сипаттамалар шамалап алынған деп
есептеліп, көп жағдайларда жобалаудың тек алдыңғы сатыларында
ғана пайдаланылуы мүмкін. Ол кейіннен ірі масштабты түсірулер
арқылы дәлірек анықталатын болады. Бөген айдынының ауданын
анықтау – деңгейдің әр түрлі жағдайларындағы аудандардың түсіру
пландарында планиметриялау арқылы жүргізіледі. Айдын аудандарының
деңгей белгілерімен байланысын анықтау (сызу) үшін планиметрияны
барлық горизонтальдар ауқымында (ең төмеітті деңгей, яғни түбінен
ең жоғарғы деңгей – тежелген суға дейінгі аралықта) жүргізу қажет.