21
Түзу сызық жоғарыдағыдай «масштаб негізін» 2см-ге тең етіліп,
бірнеше бөліктерге бөлінеді. Оң жақтағы 0, 2, 4, 6, 8 нүктелерінен
перпендикуляр тұрғызылып, олар төменге түзу сызықтан бастап,
әрқайсысы 2 не 3 мм-ге тең 10 бөлікке бөлінеді. Бөлінген нүктелер
арқылы бастапқы түзу сызыққа параллель сызықтар жүргізіледі. Сол
жақтағы масштаб негізінің төменгі және жоғарғы қабырғалары «10- ға
бөлініп, масштабтың кіші негізі» алынады. Осылай сызылған
көлденең масштабтың ең кіші бөлігі «bо» кесіндісі «ВО'» -ның 1/10
не, яғни 0,2 мм-ге тең. 0,2 мм-ге сәйкес келетін жер бетіндегі
горизонталь ұзындықты көлденең масштабтың дәлдігі дейді.
Достарыңызбен бөлісу: