Қ. Т. Сапаров г.ғ. д., С. Торайғыров ат



Pdf көрінісі
бет57/151
Дата07.01.2022
өлшемі5,58 Mb.
#19097
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   151
Бақылау сұрақтары: 
Топографиялық  түсірілім  дегеніміз  не?  Оған  қандай  шаралар 
жатқызылады? 
Топографиялық  түсірілім  аспаптары  мен  құралдар  қандай 
белгілеріне  байланысты  топтастырылады  және  олардың  түрлерін 
атаңыз? 


 
47 
11. Биіктік түсірілімдер 
Нивелирлеу – Жер бетіндегі нүктелердің биіктіктерін қайсы бір 
бастапқы  нүктемен  немесе  бастапқы  деңгейлік  бетпен  салыстыра 
отырып анықтау. 
Нивелирлеу  –  Жер  беті  бөліктерінен  таңдап  алынатын  нүктелер 
биіктіктері  айырмалары  мен  оларға  есептеулер  жүргізу  бағытындағы 
жазықтыққа 
қарағанда 
салыстырмалы 
биіктіктерді 
анықтау 
жұмыстарын жүргізеді. Кеңес Одағында, бастапқы есептеу жүргізетін 
негізгі  жазықтық  ретінде  мұхит  деңгейінде  болатын  деңгейлік 
жазықтық – геоид аталымының қабылдауына сәйкес Балтық теңізінің 
орта деңгейліктегі жазықтығы алынады. 
Нивелирлеу  тірек  геодезия  желісін  түзу,  топографиялық 
түсірулердің биіктік негізін құру, жер бедерін түсіру, түрлі ғимараттарды, 
тас жол мен тас жолды жобалау, тағы басқа мақсаттарда жүргізіледі. 
Жер  пішінін  зерттеу,  жер  қыртысының  вертикаль  қозғалыстарының 
шамасын анықтау,  теңіз және көл деңгейінің өзгерісін белгілеу, тағы 
басқа  ғылыми  зерттеулерге  қажет  мағлұматтар  береді.  Нүктелердің 
биіктігі  іргелес  екі  нүктенің  биіктік  айырымына  қарай  анықталады. 
Геометриялық  және  тригонометриялық  Нивелирлеу  топография 
түсірулерде биіктіктерді үлкен дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. 
Барометрлік  және  механикалық  нивелирлеу  түрлі  экспед.  зерттеулер 
кезінде  пайдаланылады.  Гидростатикалық  Нивелирлеумен  ғимарат-
тардағы  өзгерістер  айқындалады.  Бұлардан  басқа  астрономиялық 
немесе астрономиялық-гравиметриялық Нивелирлеу қолданылады.  
Нивелирлеу  геодезиялық  өлшеулердің  саңдық  көрсеткішінің  бір 
түрі.  Ол  биік  тірек  геодезиялық  торды  (жер  бетінің  ойлы-қырлы 
өлшем  көрсеткіштерін)  құруда,  топографиялық  жер  бейнесін 
түсіруде  жер  бетінің  бейнесін  кішірейтіп  (масштабпен),  сондай-ақ 
инженерлік  ғимараттарды,  темір  жолдар  мен  тас  жолдарды, 
каналдарды  және  т.б.  жобалау,  құру  және  оларды  пайдалану 
мақсаттары үшін жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет