50
рейкадан есептеуді П алады да, А нүктесінен нивелир дүрбісінің
окулярының центріне дейіні вертикаль ара қашықтықты өлшейді. А
және В нүктелерінің арасындағы салыстырмалы биіктік (һ) мынаған
тең болады.
Һ=і – П
Ортадан нивелирлеудің алға қарай ниввелирлеумен салыстырғанда
мынадай артықшылықтары болады: еңбектің өнімділігі 2 есе жоғары;
нивелирдеуге әсерін тигізетін кейбір қателіктер жойылады.
Едәуір ара қашықтықта орналасқан А және D нүктелерінің
арасындағы салыстырмалы биіктікті анықтау кезінде, егер нивелирлің
орналасқан жерінен осы екі нүктенің арасындағы салыстырмалы
биіктікті анықтау мүмкін болмаса, онда жүйелі нивелирлеу
қолданылады.ол үшін шеткі нүктелердің ара қашықтығын ортадан
нивелирлеуге мүмкіндік беретін бірнеше тең кесінділерге бөледі. Осы
байланыстыру нүктелерінің арасындағы салыстырмалы биіктіктерді
жүйелі анықтап, олардың қосындысын тауып, бастапқы А және соңғы
D нүктелерінің арасынгдағы салыстырмалы биіктікті анықтайды. Екі
нүктенің арасындағы салыстырмалы биіктік байланыстыру нүктелері
арасындағы салыстармалы биіктіктің алгебралық қосындысы болып
саналады. Нивелирдің екі шектес орналасуы ортақ нүктелерді
байланыстыру нүктелері деп аталады.
Геометриялық нивелирлеу әдісі нивелир деп аталатын аспапты
пайдаланып, түсіру жұмыстары көкжиек бұрыш арқылы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: