Қ. Т. Сапаров г.ғ. д., С. Торайғыров ат



Pdf көрінісі
бет92/151
Дата07.01.2022
өлшемі5,58 Mb.
#19097
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   151
 
 


 
87 
 
5-сурет. Конустық проекциядағы бұрмаланушылық 
 
18.3 Азимуттық проекциялар 
Азимуттық  проекцияда  параллельдер  тұйық  шеңбер  жасап,  ал 
меридиандар  бір  нүктеден  жан-жаққа  бойлық  бұрыштарының 
көрсеткішіне  сәйкес  бөлінген  түзу  сызықтар  түрінде  таралады. 
Азимуттық  проекциялар  жекелеген  материктер  мен  полюстік 
аймақтардың картасын жасауда кенінен қолданылады. 
Параллельдері 
концентрлік 
шеңберлер, 
меридиандары 
параллельдердің радиустары болып келетін картографиялық проекция 
Оларда  меридиандардың  арасындағы  бұрыш  тиісті  бойлықтардың 
айырымына  тең  болады.  Азимуттық  проекциялардың  жеке  түріне 
перспективтік  проекциялар  жатады.  Жалған  цилиндрлік  проекциялар 
–  параллельдері  параллель  түзу  сызықтармен,  орта  меридианы  осы 
сызыққа  перпендикуль  түзумен,  қалған  меридиандары  қисық 
сызықтармен кескінделетін проекциялар. 
Перспективті  азимутальды  проекциялардағы  бұрмаланудық 
таралуымен  картографиялық  тордың  сыртқы  бейнесі  жобалау 
орталығымен  байланысты,  яғни  жобалаушы  сәулелер  шығаратын 
кеңістік  түріне  байланысты.  Шар  бетіне  жанама  жазықтыққа 
жобалаушы орталықтың орналасуына байланысты проекциялар: 

 
орталық; 

 
стериографиялық; 

 
ортографиялық болып келеді. 
Орталық картографиялық проекциялар бұл ежелгі проекциялардың 
бірі.  Оны  б.з.д.  ІҮғ.  Жұлдызды  аспан  картасы  үшін  грек  философы 
Фалес  қолданған.  Стериографиялық  проекцияны  б.з.д.  ІІ  ғ.  Ежелгі 
грек ғалымы Гиппарх жасаған.  
Ортографиялық  проекцияны  б.з.д.  ІІ  ғ.  Грек  ғалымы  Аппалони 
жасаған.  Бұл  проекция  қазіргі  кезде  де  күн  жүйесі  планеталарды 
бейнелеу үшін қолданылады.  


 
88 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет