Балалар шеңбер болып тұрады.
- Қане балалар, қолымыздан ұстасып, үлкен шар үрлейікші. Міне, бізде үлкен шеңбер пайда болды. Енді бір-бірімізге жылы сөз айтып тілек білдірейік.
-Қайырлы күн ! Бақытты баламыз .
-Барлығымыз доспыз , бәріміз татумыз .
- Әр қашан күн сөнбесін, деніміз сау болсын!
Балалар мен сендерге тілерім:
-Егеменді еліміздің дені сау баласы болыңдар !
- Бүгінгі күн сендерге сәтті күн болсын!
Бүгін, біздер көше тәртібі туралы айтамыз. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
Компьютер
Сабақ басы (13 мин)
Суреттер мен жұмыстар: Жолда жүру ережесіне байланысты.
- Балалар, «ойынның да орны бар» демекші сендер ойын қызығына
берілген кезде әр түрлі көліктер жүретін үлкен жолға қалай шығып кеткендеріңді өздерің де байқамай қалатын кездерің болады. Мұның соңы қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін. Сондықтан жол жиегінде ойнауға болмайды.