0 " " сыныпқа арналған тәрбие жоспары


«Болады – болмайды» ойынын ойнату



бет37/42
Дата21.01.2023
өлшемі0,68 Mb.
#62181
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
1 сынып 22-23

«Болады – болмайды» ойынын ойнату:
Суреттерде бейнеленген балалардың дұрыс, бұрыс жасаған қылықтарына қарай болады, болмайды деген жауаптар алу.
- Ал , енді балалар бағдаршаммен жолда жүру ережесін жақсы түсініп білгендеріңді «Жолдан өте біл !» ойынымен жалғастырамыз .
- Мынау төселіп жатқан не ?
- Ол жолдар , олар қиылысып жатыр.
- Ол жол қиылысы.
- Мынау жаяу жүргінші өтетін жол.
- Ал мынау ше?
- Ол бағдаршам.
Балаларға жолда жүру ережесі туралы рөлдер бөлініп беріледі. Балалардың бірнешеуі көлік жүргізуші, ал біреуі жол тәртібін реттеуші бағдаршам рөлінде ойнайды. Ал, қалғандары жаяу жүргіншілер.



Оқушыларға суреттер беріледі




Компьютер

Ортасы (20 мин)



Жұмбақтар шешу:
1. Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген, Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын, Ала-алмайсың бір үзім. Табыңдаршы, балалар, Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді, Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)
3. Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Біздің қаламызда сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.






Компьютер

Соңы

Қорытындылау


1. Топтық тапсырма: Бағдаршамның әр көзінен сұрақтар алып жауап беру.
Ал енді сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.
- Жиек жол (тротуар) деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)
- Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.)
- Көшенің келесі бетіне қай жерден өту керек? (Жаяулар өтетінжолмен /пешеход/ өту керек)
2. Топтық тапсырма: Балалар, бүгінгі сабақтан не ұқтық, алдарыңдағы параққа жазып не сурет салуға болады.
Балалар, деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.Қорыта келе:
Ирек – ирек көшелер, Көше деген мың ирек. Қиындыққа әйтсе де, Үйренесің біртіндеп. Барар жерге асықпа, Бәйге алмайсың бұрын кеп, деп сабағымызды аяқтаймыз.
V. Кері байланыс



Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет