Ахмет Байтұрсынұлы туралы айшықты ойлар



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі16,7 Kb.
#12215
  1   2   3

Ахмет Байтұрсынұлы туралы айшықты ойлар

Ахмет Байтұрсынов – ұлттық дамудың талай жыл әбден тот басып қараусыз қалған, тіпті қараң қала жаздаған тегершігін бір өзі айналдырып көріп, мігірсіз қозғалысқа қосып берген, ертегінің ерлеріндей ерен тұлға. Туған халқының рухани жаңғыруының сырын тап ондай біліп, сол жолда қалтқысыз еңбек етіп, мәңгі ескірмейтін ағыл-тегіл мол үлес қосқан қайрткер туралы көзқарастарын айтып, пікірлерін білдірген тұлғалар аз емес. Мәселен, С.Сейфулин:

… өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл» - десе, Ахмет Байтұрсынұлының 1923 жылғы мерейтойына орай жариялаған, машинкаға баслығанда көлемі үш-ақ беттей болаты шағын мақаласында «Ахмет Байтұрсынұлы... оқығандардың арасынан халықтың намысын жыртып, даусын шығарған кісі», «ұлт намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді» - дей отырып, халық намысы, ұлт намысы, ұлттың ары, халықтың ары тіркестерін бірнеше жерде қайталап қолданады.

… А. Байтұрсыновтың өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… А. Байтұрсыновтың арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады… (Міржақып Дулатов)

«Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны- “Қырық мысал” , “Маса”, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер- білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды» - десе, тағы бір сөзінде: өмір бойы туған халқының арын арлаған, арына айналған, елі абыройын арқа тұтқан Ахмет Байтұрсынқлы «қазақ жұртының алғашқы көсемі» ретінде, міне осылай танылды»– дейді (Мұхтар Әуезов)

Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Бақия Атшабаровқа Ахмет Байтұрсынұлы туралы айтқан бір естелігінде Әлімхан Ермеков былай дейді: «Ахаңды біз өзімізше Алашорда үкіметінің құрамына сырттан кіргізіп қоятынбыз, сөйтіп ол кісінің халық арасындағы үлкен абыройын партия мақсатына пайдаланатын едік».

Ломоносовтың бойында екі түрлі қабілет бар- ақындық пен ғалымдық, оның соңғысы алғашқысына қарағанда күштірек”- деген еді В. Белинский. Осыған ұқсас жайды Ахмет бойынан да көреміз. Оның ақындығын ғалымдығы жеңіп кетті… Қазақ даласына азаттық идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның бастаушысы, алғашқы ту ұстаушысы болып Ахмет қашан да тарих биігінде тұрады. (Серік Қирабаев)

Екі жинақ- “Қырық мысал”, “Маса”- қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам- тарам үлгілерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады. — Рымғали Нұрғалиев

Сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынов туған тілдің, туған мәдениеттің басында тұрды. Туған тілдің әдеби нормасын жасады. Бірде- бір бөгде тілдің сөзін қоспай, бірде- бір цитата келтірмей, таза, мөлдір тілмен өзі тапқан қисынды баламалармен “Әдебиет танытқышты” жазып шықты. — Сырбай Мәуленов

Біз бүгін Ахаңның “Әдебиет танытқышын” Аристотель “Поэтикасымен” салыстырар едік. Мұның мәнісі- екеуі де: бірі грек әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің алғашқы әліп- билері”. Асылы, үздік қасиеттер бір- бірінен неғұрлым ерекше болса, бір-біріне солғұрлым ұқсас болады”.

Зейнолла Қабдолов

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам- Ахмет. — Сәбит Мұқанов





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет