Тәрбие сағаты
|
«Еңбек түбі - береке»
|
Күні
|
|
Сынып жетекші:
|
Өмірәлиева А.Е.
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)
|
«Еңбек етсең емерсің».....
|
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушылардың еңбек туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке, үнемді болуға, еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу
|
Ресімдеу
|
Слайд,презентация
|
Музыкалық және бейне көркемдеу
|
интерактивті тақта, слайд
|
Үлестірмелі материалдар
|
мақал – мәтелдер жазылған плакаттар
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
|
Презентация
|
Дайындыққа арналған әдебиет
|
Интернет материалдары
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
Алдымен тақтаға қарап, видео тамашалаймыз. Ия, балалар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз еңбек тақырыбында болмақ. Осы видеодан көргеніміздей, адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады. «Еңбек» сөзіне тоқталайық. Еңбек адамды тәрбиелейді, қуаныш сыйлайды, жігерлендіреді, шынықтырады, пайдалы өмір сүруге үйретеді. Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған. Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен- еңбек»
Бүгінгі сайыс сабағымыз 5 кезеңнен тұрады. 1 кезең еңбек туралы ойларын айту, 2 кезең мақал-мәтелдер сайысы, 3 кезең жұмбақтар, 4 кезең шығармашылық сайыс, 5 кезең қолөнер сайысы
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
|
Компьютер
|
Сабақ басы (13 мин)
|
Әр топ еңбек туралы білетін мақал-мәтелдерін кезекпен айтады
Еңбек – бәрін жеңбек.
Еңбек етсең емерсің.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Еңбек ер атандырады.
Еңбек мұратқа жеткізер, Жалқаулық абыройды кеткізер.
Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық.
Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады.
Ерінбесең, еңбегің өнеді.
Еңбек етпеген ішіп – жемейді.
Еңбек етпесең елге өкпелеме, Егін екпесең жерге өкпелеме.
Ерінбеген етікші болады.
Еңбек етте мақтан, Ойнап күл де шаттан.
|
Оқушылар, алдарыңызда берілген сұрақтар бойынша 2 минут дайындалып алып, әр топтан ортаға бір оқушы шығып, сұрақтарға жауап береді
|
Компьютер
|
Ортасы (20 мин)
|
Еңбек ерлікке жеткізер, ...( ерлік елдікке жеткізер )
Еңбек етпей елге өкпелеме, ... ( егін екпей жерге өкпелеме )
Еңбек етсең емерсің, ... ( ерінбесең жеңерсің )
Еңбегіне қарай - құрмет, ... ( жасына қарай – ізет )
Еңбек адамның ... ( екінші анасы )
Еңбек – ата, ... ( жер – ана)
Еңбек ет те мақтан, ... ( ойнап күл де шаттан )
Еңбекке жастан, ... ( өнерге бастан )
Айлар бойы жүзеді, Жерді көрмей жүреді. Ақ жал таумен алысқан, Адамды кім біледі? (Теңізші,моряк, sailor)
2. Айдында жүзеді, Тірі күміс сүзеді. (Балықшы,рыбак, fisherman)
3. Дабылға тез жететін, Жалынға сүңгіп кететін. Қақалса да түтінге, Тайсалмайтын батыл кім, Жасқанбайтын батыр кім? (Өрт сөндіруші, пожарный, fireman)
4. Екi басы дөңгелек,
Екi ұшы сүйiр,
Қиғанға үйiр. (Қайшы, ножницы, scissors)
5. Жансыз жарады, Жанды ұрады. (Балта, топор, axe)
6. Қылдырықтай бір нәрсе иретілген, Мойнында ұзын арқан сүйретілген. (Ине, жіп, иголка, needle)
7. Қалпағы ақ қарасаң, Дәрігер емес, бірақ ол. Дәм мәзірін қаласаң, Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз, повар, cook)
8. Оның тіккен бұйымы, Аяғыңды қаптайды, Шыға қалса жұлымы, Әдемілеп баптайды.( Етікші, сапожник, shoemaker)
9. Күміс қанат, сұңқары, Көкке еркін сүңгиді. Бұлттан да тым әрі, Кеткен жанды кім дейді? ( Ұшқыш, летчик, pilot)
10. Тізіле өскен тісі бар. Көп істеген ісі бар. (ара, пила, saw)

еңбек тақырыбына қатысты жұмбақ жасырамын. Жауабын 3 тілде айтады
|
слайд
|
Соңы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |