0 ом жунусбекова Сабира Игеновна сынып география пәнінен күрделілігі әртүрлі тапсырмалар жинағы


І тарау. Жер шары табиғатының басты ерекшеліктері



бет2/36
Дата15.04.2022
өлшемі5,7 Mb.
#31119
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
І тарау. Жер шары табиғатының басты ерекшеліктері.

1.Салыстыру

Материктік және мұхиттық қыртыстарын салыстыр.Қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар? Литосфералық тақталардың қозғалысы және жер қыртысының пайда болуы тұрғыдан түсіндір.

2.Талдау жасап қорытындылауға арналған

«Жер қыртысының құрылысы» картасын пайдаланып жанартаулар мен жер сілкінісі жоқ, жаңа қатпар облыстары жоқ материкті көрсетіңіз

3.Себеп-салдарды іздеуге және ашуға арналған

Таулардың жасаруы деген не? Көне платформалардың орнында бұрын биік таулары болғаны белгілі. Платформаларда жер сілкінісі, сөнбеген жанартаулар болмайды, платформаны құрайтын тау жыныстары қатпарға иілмеген. Рельефтің даму кезеңі аяқталғандай болады, бірақ сондай-ақАфриканың платформаларында сөнбеген жанартаулар бар, жер сілкіністері болады. Бұл факті ненің айғағы?

4.Географиялық объектілердің және құбылыстардың орналасуын анықтауға арналған.

А) шөлдерде өзендер аз. Неге?

Ә) Жер шарында ірі жазықтардың таралуының себептері не?




5. Генезисі бойынша байланысты топтастыру.

Тропикалық шөл мен шөлейт сияқты ТТК тудыратын факторлар жер бетінде қайда басым болады?

6. Объектілерді топтастыруға арналған.

А) Ұсынылған объектілерді топқа бөліңіз, әр топқа атау беріңіз: Лавразия, платформа, жазық, Солтүстік Америка, Гондвана, Австралия, Африка, жанартаулар, сейсмикалық белдеулер, таулар, үгілу.

7. Географиялық жағдаяттарды және құбылыстарды моделдеуге арналған

А) Сіздің ойыңызша алыс болашақта Жер бетінде жаңа мұхиттар мен жаңа материктер қайда пайда болуы мүмкін?

8.Географиялық объектілерді болжауға арналған.


А) Ойланыңыз, Гибралтар бұғазының орнына құрлық көпірін салу қандай салдарға әкеледі?

Ә) Евразия мен Африканы бөлген Жерорта теңізі экватор аймағында пайда болды деп елестетіңіз. Бұл жаңа пайда болған материктердің климат пен рельефіне қалай әсер етер еді.






АФРИКА.

1. Салыстыру жүргізуге арналған

Негеылғалды экваторлық орман тұрғындары- пигмейлерде саванна тұрғындары –кафрларға не бушмендерге қарағанда терісі ақшыл келеді? Бұл халықтардың сыртқы ерекшеліктерін салыстырыңыз.

2. Талдау жасап қорытындылауға арналған .


А) көлдің тұздылығы оның ағып шығуына байланысты. Чад ағынсыз көл болса да неге суы тұщы болып келеді?

Ә) Африка үшін шөлдену, яғни шөл аудандарының ұлғаюы тән. Бұл қандай себептермен байланысты? Бұл құбылысты болдырмауға болады ма?



3. Себеп-салдарды іздеуге және ашуға арналған



1.Облыста қандай климат, егер ондағы өзендердің келесі ерекшеліктері болса?

а) қатпайды, қыста суы толады, жазда қатты тартылады;

б) қатпайды, тасиды;

в) жыл бойы суы мол және қатпайды;

г) мұхитқа ағыны жоқ, жазда кейде кеуіп қалады.

2. Келесі тұжырымдардан себеп-салдардың тізбегін құрастыр:

а) Чад көлі кеуіп қалады;

ә) Африкада шөлдердің ауданы өте үлкен;

б) Африканың солтүстігінде жауын-шашын мөлшері өте аз түседі;


4. Географиялық объектілер мен құбылыстардың таралу заңдылықтарын анықтау

а)Шөл – Жер бетіндегі заңдылық па әлде қалыптан ауытқу ма?
ә) Африканың климаттық облыстарының пайда болуы мен орналасуында қандай негізгі атмосфераның айналым ерекшеліктері өзіндік көрініс тапқан?


5. Генезисі бойынша байланысты топтастыру.

Тура және кері байланысты орнату



а) Табиғат зонасында топырақ түзілу жыл бойы өте белсенді жүреді, және қызыл-сары ферралитті топырақ түзіледі. Бұл зонаның өсімдік және өзендерінің ерекшеліктерін көрсетіңіз


6. Объектілерді топтастыруға арналған тапсырмалар.

Ұсынылған Африканың объектілерін топқа бөліңіз группы, әр топқа атау беріңіз.

Шығыс – Африка таулы үстірті, Ливия шөлі, Намиб шөлі, Эфиопия таулы үстірті, Нигер, Атлас, Кап таулары, Сомали түбегі, Нил, Сахара, Танганьика көлі, Гвиней шығанағы.



7. Географиялық жағдаяттарды және құбылыстарды модельдеу

а)Егер Африка экваторды солтүстік бөлігінде, оңтүстік бөлігінде кесіп өткен жағдайда оның климаттық белдеулері қалай орналасар еді? Оны шамалап сызбамен көрсетіңіз.

ә) Қай жерде ең ылғалды климат, қай жерде құрғақ болар еді?

б) Шөлдер қайда болар еді, олардың ауданы қанша болар еді?

в) Африканың қай жағалауында жылы, қай жағында суық ағыстар болар еді?




8. Белгілері бойынша құбылыстар мен объектілерді тану

Өзен оңтүстіктен солтүстікке 6671 км ұзындыққа ағып жатыр, жоғарғы ағысында көптеген салалар қосылады, оның атырауы көне өркениет орны болған


9. Географиялық жағдаяттарды болжау.

а) Саваннада жауын шашын мөлшері 4 есеге кемісе қандай экологиялық салдарға әкеп соғуы мүмкін, болжап көріңіз.

ә) Атлас таулары батыстан шығысқа жалпағынан созылып жатса не болар еді?








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет