40. Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерін көрсетіңіз



Дата09.12.2022
өлшемі53,46 Kb.
#56065
Байланысты:
Сессия


40. Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерін көрсетіңіз.
Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, оқыту үдерісінде төменгі әдіс-тәсілдерді «Қол сигналы», «Бағдаршам», «Қорытындылауға арналған карточка индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызекі баға», портфолио, журналдар, рубрикалар, сөзжұмбақтар, сұрақтар және тағы басқа түрлерін қолдануға болады.
Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерін сабақтың әр түрлі кезеңдерінде: жаңа тақырыпты түсіндіруде, тапсырма орындау кезеңінде, мұғалімнің оқушыға жұмысының нәтижесін жақсарту мақсатымен кері байланыс ретінде ақпарат беру барысында да қолдануға болады.

41. Қалыптастырушы бағалаудың түрлерін талдаңыз.


Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
Жұптарда өзара бағалау
Жауап үлгілері бар жұптарда өзара бағалау
Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
Топтардағы өзара бағалау

42. Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалауға сипаттама беріңіз.


Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу әрекеттері нәтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Бұл олардың өз оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасауына мүмкіндік береді, алған нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады. Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалаудың жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың әрекеттерін жүйелі қадағалап және аралық нәтижелерді тіркеп отыруы қажет. Нәтижелерді тіркеу кезінде білім алушылар жұмысының күшті жағына да, әлсіз тұстарына да, назар аударып отырған дұрыс. Жеке жұмыс нәтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге жүргізуді есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік беру маңызды болып табылады. Жұмысты әрі қарай жоспарлау кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін ескерген дұрыс. 

43. Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалауды көрсетіңіз.


Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Жұптық Жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін және жұп ішінде бірін- бірі бағалауына болады. Мұндай өзара қарым-қатынас Кезінде білім алушылардың дайындық деңгейіне қарамастан өзара көмегі, рефлексиясы,өзін,өзі реттеуі белсенді байқала бастайды. Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау кезінде білім алушылар тапсырманыорындау, оның нәтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан оларды өз әрекетімен келісуге, өзара әрекеттесуге, пікір алмасуға, сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге үйрету маңызды. 

44. Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалауды көрсетіңіз.


Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тәсілі ретінде қолданып,топтық жұмысты ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау критерийлерімен таныс болуы тиіс.Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды,қадағалайды: кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес тез көрсете алуы мүмкін. Әрі.қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы: - Бұл туралы сіз не ойлайсыз?
- Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба?  Егер білім алушылар тәжірбиелік тапсырмалар орындайтын болса, онда осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы: 
- Сіз қазір не істеп жатырсыз? 
- Сіз қалай ойлайсыз, әрі қарай не болады? 
- Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?  Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және әр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы қажет.Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім 
алушыларға: 
• жаңа идеяны тұжырымдауды;
• екі (одан да көп) идеяларды салыстыруды; 
• идеяларды бағалауды; 
• топтық талқылау негізінде пікір білдіруді; 
• сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады; 
Жоғарыда аталған бөлімдер белгілі оқу мақсатына жетудің дәлелін көрсетеді. 

45. Қалыптастырушы бағалау нәтижесін талдаңыз.


Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудағы маңызды кезеңдердің бірі білім алушылар жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасау. Қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне талдау жасау білім алушыларда кездесетін 
қиыншылықтар туралы ақпарат алуға, оның алдын алу шаралары туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, тексерілген жұмыстардың нәтижесіне талдау жасау: 
• белгілі бір тапсрмалар қиындық тудыратын балалар тобын; 
• бөлім, тақырыптар бойынша қиындықтар туындайтын жеке білім алушыларды; 
• білім алушылар үшін аса күрделі, қиын сұрақтар, тапсырмалар, тақырыптарды айқындап береді. 
Нәтижелерге талдау жасау мұғалімдердің тәжірибесіне оң әсер етуі үшін: 
• әрекет ету мен шешімді талап ететін нақты, маңызды, тәжірибелік бағыттағы мәселелерді анықтау; 
• орындалған тапсырмалар мен нақты мақсаттарға жету үшін талдау жүргізу; 
• талдауда дәйектерді, дәлелдерді негізге алу; 
• шешімнің сыни нұсқаларын қарастыру, яғни, мәселені шешудің жоспарлылығын, баламалылығын (альтернативтілігін), 
жетістігін, кемшілігін, жақсы және нашар жақтарын талдау; 
• мәселені шешу, кемшілікті жою үшін өз тәжірибесін нақты қалай өзгетуге болатыны туралы іс-рекеттің тоық жоспарын 
құру; 
• талдау нәтижелерін тіркеуде қысқа, түсінікті стильді ұстану (күнделік, портфолио, мақала, таныстырылымдар және т.б); 
• ұжымда өз әрекеті нәтижелерімен бөлісу; 
• ұжымға көмектесі, білім алушылардың қажеттілігіне бағыттай отырып, сабақтастықты сақтай отырып, жүйелі талдау 
жүргізу ұсынылады. 

46. Топтық жұмыс түрлерін қолдануда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауды түсіндіріңіз.


Топтық жұмыс кезінде оқушы белсенділігі арттырылады.Әр оқушы топ мүшесі бола тұра өзінің топтағы орнын анықтай алады. Оқушы ынтымақтастығы арттырылады. Топтық жұмыс әр оқушының нақты іс әрекетін тудырады, бірлесе жұмыс жасайды. Бірлескен топтық оқытудың негізгі түйіні әрбір топ мүшесінің өз ойын толық жеткізіп, басқамен де келісімге, бітімге қол жеткізуге болатыны.Ынтымақтастық оқу дегеніміз - өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі: оқушы белсенділігін арттыру үшін оқу үрдісін сауатты ұйымдастыру болып табылды. Сол оқудың тиімді тәсілдерінің бірі топтық жұмыс. В.А.Сухомлинский былай деген «Мұғалімнің оқу үрдісіне шығармашылықпен қарауы баланың бойындағы жасырын қабілеттіктері мен дарынын ашады». Кеңес дәуірінде осындай жақсы ой айтылғанымен ол көбінесе іске аспады. Мұғалім сабақты белгілі бір қалыпта, бір сарында жүргізді. баланың жасырын қабілеті жабулы күйінде қала берді.
Топтау әдістерінің тиімділігі төмендегідей:
Оқушылардың бір-біріне жолдастық, достық қарым қатынастары дамиды
Бір-біріне бар ынта-жігерлерімен көмектесуге, үйретуге бейім болады
Топтық жарыстар кезінде ұйымдастырудың жөн жобаларын біледі, оны қолдана алады.Бір сабақтың үстінде берілген материалдарды, бір біріне көмектесе отырып толық меңгереді. Топтық жұмыс сабақты ұйымдастыруда жаңашылық алып келеді.Топ мүшелері мен мұғалімнің арасында, топ мүшелері арасында сенімділік байланыстың орнығуына көмектеседі. Топ ішінде кері байланыс жүзеге асады.

47. Топтарда және жеке оқушының топтағы жеке жұмысын бағалауды салыстырыңыз.


Топтық жұмыста оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұнда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша бірлескен оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және жұмысқа белсенді қатысуға мүмкіндік алады.Оқушының белсенділігі мен танымдық іс-әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданылатын топпен жұмыс істеу және жұппен жұмыс істеу кезінде оқушы өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, не қателігін мойындауға, қателігін көрсете білуге, пікірлесе отырып шешім қабылдауға үйретуді жөн көрдім. Сол арқылы оқушыда өз білімін бағалау және бақылау, өз-өзін реттеу дағдысы меңгеріледі. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет