Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған тапсырмалар
Мәтінді тиянақты оқып,төмендегі берілген сұрақтарға жауап бер
«Оңтүстік Американың биіктік белдеу зонасы»
Анд тауларындағы биіктік белдеулердің алмасуын Орталық Андының батыс беткейі мысалында қарастырайық. Таудың ең төменгі бөлігінде әйгілі Атакама жағалық шөлі орналасқан. Мұнда ауа температурасы тәулік ішінде 25°-30С-қа ауытқиды, соның әсерінен мамыр мен қараша аралығында бриз желдері, салқын, «соқыр» тұмандарды –гаруаны қалыптастырады.Түнге қарай тұман шыққа айналады. Осы мол ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыр жемісті және түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы ломас деп аталады. Осы бөліктегі мұхит суы тіршілікке бай болғандықтан, климатының қолайсыздығына қарамастан Атакама шөлінің жағалауы құс базарына айналады. Құс саңғырықтарынан – қалыңдығы 30м-лік гуано деп аталатын аса бағалы азотты тыңайтқыш жиналады.Бұл –Чилидің басқа елдерге сататын өнімдерінің бірі. Батыс Кордильера жотасының 2500м биіктігінде жағалық шөл кактус пен опунциядан тұратын тікенекті ксерофитті бұталар белдеуіне айналады.
1.Анд тауы белдеуіндегі гаруаның қалыптасу себебі:
А) климаттың қаталдығы
В) тәулік ішінде температураның ауытқуы
С) ең төменгі бөлікте шөлдің орналасуы
D) ксерофитті бұталардың болмауы
Е) шықтардың пайда болуы
2. Түйнекті өсімдіктердің биіктік белдеуде кездесуі:
А) бриз желдері әсерінен
В) тұманның тұрақты болуынан
С) температураның ауытқуынан
D) ылғалдың көп болуынан
Е) шықтың болуынан
3. Атакама жағалық шөлінде гуаноның жиналуы:
А) Чилидің басқа елдерге сататын негізгі тыңайтқышы
В) мұхит суы тіршілікке бай
С) құс базарының болуы
D) бағалы азотты тыңайтқыштың болуы
Е) климаттың қолайлығы
Чад көлі
1 суретте Сахара шөлінің солтүстік Африка бөлігіндегі Чад көлінің тереңдік деңгейінің өзгеруі көрсетілген. Чад көлі шашамен б.э. дейін 20 мың жыл бұрын соңғы мұз басу кезеңінде толығымен жойылып кетті. Шамамен б.э. дейін 11мың жыл бұрын ол қайтадан пайда болды. Б.э. д. 1000жылы оның тереңдік деңгейі қандай болса, бүгінгі күні ол шамамен дәл сондай.
Достарыңызбен бөлісу: |