Терминологиялық сөздік: Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) деп атаған құбылыс ғылымды қоғамдық өндірістің жетекші даму факторына айналдыру негізінде өндіргіштік күштердің түбегейлі, сапалы қайта құру болып табылады.
"Тоқырау жылдары" - 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасындағы жетекші рөл атқарып келген Кеңес Одағын ықпалы бұрынғыға қарағанда әлсіреп кетті. Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады.
Бесжылдық, Бесжылдық жоспар — Кеңес өкіметінің 1929 жылдан бастап КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуын межелеген мерзімді жоспарларының жалпылама атауы.
Жетіжылдық жоспар (1959—65) КОКП 21-съезінде (1959) белгіленді. Жетіжылдық жоспар кезінде Соколов — Сарыбай кен-байыту комбинаты толық қуатында іске қосылды, Өскемен титан-магний комбинаты, Павлодар алюминий зауыты, Кентау экскаватор зауыты, Жамбыл супер фосфат зауыты, Жітіқара асбест комбинаты салынды, Бұқтырма су электр станциясы, Қарағанды ГРЭС-і, Алматы жылу-электр орталығы, Павлодар мен Өскеменде машина жасау зауыттары пайдалануға берілді.
Сұрақтар: КСРО Қорғаныс Министрлігінің өз мәліметі бойынша 1949 жылдан 1963 жылға дейін полигонда қанща сынақ жасалған?
Дәрігерлер мен фельдшерлерге иондандырушы радиацияға байланысты рактан, лейкоздан және басқа аурулардан өлген адамдардың шын диагнозын айтуға рұқсат етті ме?
Электрлендіру және химияландыру салалары ненің есебінен интенсивтендірілді?
1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да нешінші орынға шықты?
Қазақстанның табиғи ресурстарын игеруде ұлттық мүдде қаншалықты ескерілді?
Қазір адамзат өз өмірін ғарышсыз елестете алмайды. 1961 жылдың 12 сәуірінде Ю. Гагариналғаш ұшқанда, ешкім де дәл бүгінгідей, жаңа технологиялар шығып, ғарыштан бақылайтын заман болатынын білмеген. Ғарышты игеру өмірдің барлық саласына жаңалық әкелді.. мәселен, ауыл шаруашылығын дамуы үшін, ауа райының құбылысы, мал жайылымы, ауыз судың жеткіліктігі бақылануы тиіс. Ал оны бақылау тек ғарыш арқылы жүзеге асады.
Жалпы Жердің жасанды серіктері елдің географиялық жағдайын, геофизикалық өзгерісін, атмосферасын зерттейді. Жер шарына қаупі бар апаттардың алдын алады.