Совхоз (советтік шаруашылық) - КСРО ауыл шаруашылығындағы жоғары сапада тауар өнімін өндіретін механикаландырылған социалистік мемлекеттік кәсіпорын. Ол жерге және басқа да өндіріс құрал-жабдығына мемлекеттік (жалпы халықтық) меншік негізінде құрылған, шаруашылық есеп бойынша жұмыс істеген.
Штольна – таулы жерде жер асты жұмыс орындарын жер үстімен байланыстыратын жазық немесе көлбеу орналасатын қазба. Қолдану мақсатына қарай Штольналар кен барлау және пайдалану болып екіге бөлінеді. Пайдалану Штольнасына кен тасу, желдету, су ағызу, т.б. жатады.
Жоспарлы экономика– КСРО-да және басқа да “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық қорлар мемлекет меншік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың экономика қызметі директивалық жоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып, үйлестіріліп отырды.
Сұрақтар:
Сегізінші бесжылдықты ата.
Қандай бесжылдық тіпті «алтын бесжылдық» деп атайды?
«Аз и Я» деген кітабының авторы?
1965-1985-ші жылдардағы Қазақстанның жағдай қандай болды?
«Аз и Я» деген еңбекке кімдер тыйым салды?
12-тақырып.Қоғамдық-экономикалық өмірді қайта құруға бағыты
ХХ ғасырдың 80-жылдарының орта шенінде кеңестік қоғамда түбегейлі өзгеріс қажеттігі айқын сезіле бастады.1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық Комитетінің пленумында Бас хатшы болып М.С. Горбачев сайланды. Ол сол жылдың сәуір айында өзінің “қайта құру” бағытын айқындайды. Кеңестер Одағының жаңа басшылығының жариялаған әлеуметтік-экономикалық қайта құруға бағытталған бағыт, кейін уақыт көрсеткендей, оның алдындағы өкімет басшылары сияқты өзін демократиялық реформатор етіп көрсетуге бағытталған талпыныс еді. Оның алғашқы төрт жылында (1985-1989 жж.) жеделдету концепциясын жүзеге асыруға бағытталған бірқатар нәтижесіз бастамалар басталды.
Жеделдетудің басты қадамы ретінде өндірістік құрылымды, құрал-жабдықтарды, техникалық жүйелерді жаңарту идеясы ұсынылды. Бұл идеяны ұсынушылар – академик-экономист А.Г. Аганбегян және т.б. тұтыну жабдықтарын сатып алуға бөлінетін валютаны азайтып, үнемделген қаржыны сырттан машина жасау өнімін сатып алуға жұмсауды ұсынды. Жоба авторлары бұл шара 1990 ж. қарай құрал-жабдық және машина жасаудың азаматтық салаларының құрал-саймандарының 90% әлемдік стандарт деңгейіне жеткізуге мүмкіндік әперіп, еңбек өнімділігін күрт өсіріп, жеделдетуге алып барады деп сенді. Аграрлық салада да ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін ендіру ауыл шаруашылық өндірісін жеделдетеді деп есептеді.