0 сынып 10. В. Қазақстан Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда



бет23/33
Дата15.12.2023
өлшемі203,6 Kb.
#137997
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Байланысты:
1946-2013 жж 9-10 класс материалдары

Терминологиялық сөздік:



  1. Экстремист – шектен шыққан көзқарасты жақтаушы.

  2. Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) деп атаған құбылыс ғылымды қоғамдық өндірістің жетекші даму факторына айналдыру негізінде өндіргіштік күштердің түбегейлі, сапалы қайта құру болып табылады. Ол адамзат тарихында ғылым мен техника пайда болғаннан бері өндіргіш күштерді ұдайы жетілдіруге себепші болған ғылыми-техникалық революция дегеніміз- белгілі бір уақыт аралығында дамудың жаңа сатысына көтерілуге себепші болған сапалық өзгерістердің жедел қарқынмен жүруі.



Сұрақтар:



  1. Халықаралық аренада кеңестік басшылық өз беделін өсіру мақсатында қай жылы ядролық сынақты біржақты тоқтатты?

  2. 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы кімді орнынан алды?

  3. Қайта құру бағытының негізін қалаған?

  4. Кеңестер Одағы қай жылы өз әскерін Ауғаныстаннан шығара бастады?

14-тақырып.«Қайта құрудың» екінші кезеңі


«Қайта құрудың» екінші кезеңі 1989 ж. көктемдегі сайлауға байланысты басталды. Сайлау науқаны кезінде нарықтық экономикаға және меншікке көшу үшін, ұлттық республикалар мен аймақтардың құқығын кеңейту үшін белсенді күрес басталды. Демократиялық процесстердің даму барысында көрнекті рөл атқарған 1989 ж. наурыз айында өткен КСРО халық депутаттарының І съезі болды.
Осы съезде Г.В. Колбин одақтық халық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып, Мәскеуге кетті. Оның орнына осы жылғы шілдеде Н.Ә. Назарбаев сайланды. Саяси өмірде болған өзгерістер ұлттық сананың оянуын туғызды. Мұның айқын көріністерінің бірі ядролық қаруға қарсы халықтық қозғалыс болды. 1989 ж. ақпандағы республика жұртшылығының жиынында тұңғыш «Невада-Семей» қозғалысының бастамасы салынды. Оны белгілі қоғам қайраткері, ақын О. Сүлейменов басқарды. Бұл қозғалыс бүкіл Қазақстан халқы тарапынан қолдау тауып, осы жылдың 6 тамызында Семей облысы Қарауыл ауылында өткен жиында КСРО мен АҚШ-тың халықтары мен Президенттеріне ядролық сынауға бірлесіп мораторий жариялау қажеттігі жөнінде үндеу қабылдады. Одақтық үкімет Семей полигонындағы жарылысты азайтуға мәжбүр болып, 1989 ж. полигонда жоспарланған 18 жарылыстың 11-ін тоқтатты.
«Невада-Семей» қозғалысының бастамасы бойынша 1990 ж. мамырда Алматыда әлемдегі барлық антиядролық қозғалыстардың барлық ядролық державаларда қаруды сынауды толық тоқтату жолындағы күш-жігерін біріктіру мақсатында «Дүние жүзінің сайлаушылары ядролық қаруға қарсы» деген халықаралық конгресс өтті.
Елдегі жүріп жатқан саяси реформаның екінші кезеңі – республикаларды, өлкелерді, облыстарды, қалаларды, аудандар мен округтерді басқарудың жаңа жүйесін құру еді. Ондағы негізгі мақсат – бұқара халық өкілдері органдарының рөлін тек орталықта ғана емес, сондай-ақ жергілікті жерлерде де көтеру болатын. Оны тәжірибе жүзінде іске асыру үшін партия комитеттерің бірінші хатшылары халық депутаттары Кеңесінің төрағаларына ұсынылды.
Бірақ мұндай өзгеріс барлық жерлерде бірдей міндетті еместігі айтылды. Міне, осының нәтижесінде 1990 жылғы жергілікті кеңестер сайлауының қорытындысы бойынша Қазақстанда 9 қалалық және аудандық Кеңестерге кандидаттар бөлек-бөлек сайланды. Жаңа тәртіпке сәйкес 1990 жылғы наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау ұйымшылдықпен өтті. Онда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-ші хатшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Осыдан көп кешікпей-ақ орталықтағы сияқты біздің республикамызда да президенттік қызмет енгізілді. Сөйтіп, 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә. Назарбаевты республиканың тұңғыш президенті етіп сайлады. Н.Ә.Назарбаевтың президент болып сайлануы республикада саяси-экономикалық мәселелерді шешуде жаңа идеялардың өрістеуіне ықпалын тигізді. Оның бастамасымен Қазақстанда елді басқару ісіне көптеген жаңалықтар, халық шаруашылығын басқарудың барлық сатыларында сапалы жаңа өзгерістер енгізілді. Республика Жоғарғы кеңесі 1986 ж. 17-18 желтоқсанда Алматыда болған оқиғаға байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөнінде арнайы комиссия құрды.
Қоғамды демократияландыруда халық депутаттары Кеңесінің заң шығару қызметі маңызды рөл атқарды. Бұл салада он екінші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі (1990 ж. сәуір) жетекші орын алды. 1990-1991 жж. қабылданған республика заңдарында әрбір адамның бостандықтары мен адамгершілік қасиеттерін көрсетуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінді.
Қалыптасқан жағдайдың талаптарына сай республика заңдарын жаңарту құқықтық мемлекет құру жолындағы елеулі қадам болды. Заңдар Қазақстанның саяси және экономикалық егемендігін іс жүзінде нығайтуға, демократия жолына бүкіл саналы күштерді топтастыруға бағытталды. Олар азаматтардың құқықтарын едәуір кеңейтіп, республиканы мекендейтін барлық ұлттар өкілдерінің талап-тілегіне жауап беретін еді. Республика парламентінің қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесін берген “Қазақ КСР-нің тіл туралы заңын” 1989 ж. қыркүйекте қабылдауы маңызы зор оқиға болды. Елде жүзеге асырылып жатқан демократиялық өзгерістер бұқара халық арасында әртүрлі көзқарастардың, түрлі қоғамдық пікірлердің ашық айтылуына және бірқатар саяси партиялар құрылып, олардың еркін жұмыс істеуіне жағдай жасалды.
Мысалы, 1990 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. Бұл партияның алдына қойған басты мақсаты – республикалық парламент сайлауына қатынасып, оның құрамына өздерінің өкілдерін депутат етіп өткізу еді. Сондай-ақ, партия қоғамдағы жеке меншікті мойындады және өзінің қызметінде кәсіпкерлікті қолдап отыруды көздеді.
1990 жылы Қазақстанда “Азат” азаматтық қозғалысы қалыптасты. Оның басты мақсаты - Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін, заң алдында барлық азаматтардың тең құқықтылығын, әлеуметтік әділеттілікті қорғау болды. Одан басқа республикада “Алаш”, “Желтоқсан”, т.б. саяси қозғалыстар пайда болды. Мұның өзі Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптаса бастағанын көрсетті.
Қорыта келгенде, ХХ ғасырдың 70-ші – 80-ші жылдары қоғамдық-саяси өмірдегі және әлеуметтік-экономикалық дамудағы теріс құбылыстар одан әрі өсіп, қоғамдағы қайшылықтар мейлінше шиеленісе түсті. Сол кездегі күшпен ұстап тұрған кеңестік тоталитарлық жүйенің құлдырауы жағдайында басқаша болуы мүмкін де емес еді.
1985 жылдан басталған қоғамдық-экономикалық өмірді қайта құру, горбачевтік социализмді “жаңарту” әрекеттері ешқандай оң нәтиже бермеді, КСРО-ны төніп келе жатқан терең дағдарыстан құтқара алмады және құтқара да алмайтын еді. Керісінше, кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе тоқырауға ұшырап, қоғамның барлық салаларын қамтыған дағдарыс одан әрі тереңдей түсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет