бір кеш болды мен үшін.
келген жоқпыз. Әзірше құпия.
Телефонмен сұхбатыңызға рақ-
мет, сізге зор табыс тілейміз!
жұптасып өнер көрсетті.
ақындар да риза болып тарқасты.
Айдай Адамқұл
йды.
болады. Дүке
ы. Бутикте
ы. Бұл жәй
журналымыз жарық көрді. Енді мін
ұнамады. Содан ке
Мира Келімбаева.
жеке журналын сыйға тартты. Алғашқы
жасында бастаған еді. Аз ғана уақыт
концертін өткізіп үлгерді.
Бейбіт Жанатұлы
тартты. Бұл уақытқа
қатарына кірді. Ал
белгілі. Бірден жаңа
шалып білдік. Бұның
қуаныш.
киім үлгісін жарыққа шығарды. “Kair
айтысы өтті. Жамбыл аудандық
Саурық аттанса” деп аталады.
туғанына 215 жыл толып отыр. Осыған
аламан айтыс өтті.
09
ТҮРКІ ДҮНИЕСІ
7 ҚАРАША ЖЫЛАН ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN
Қазақстан не істей
алды?
Дархан
Қыдырәлі,
Түркі кеңесі Бас
хатшысының
орынбасары:
— Т ү р к і с т а н
х а л ы қ т а р ы н ы ң
т ә уе л с і з д і к т е р і н
жоғалтуымен бірге түркі әлемі де
әлсіреді. Әлемдік үстемдікке ұмтылған
алпауыттардың үлкен ойындары осы
аймақтың төңірегінде өрбіді. Бұл
орайда ХХ ғасырда геосаясат пен
геостратегияның негізін қалаушылардың
бірі, танымал ағылшын ғалымы Хэл-
форд Маккиндердің осы аймақты Харт-
ленд, яғни «жердің жүрегі» деп атағанын
ұмытпаған абзал. Бұл қазақтың ежелгі
«Жерұйық» ұғымымен де сәйкес келе-
тін терең тарихи түсінік екені белгілі. Ал
тоқсаныншы жылдары түркітілдес елдер
өз тәуелсіздіктеріне қол жеткізген соң,
аймақтың геосаясаттағы маңызы қайта
арта түсті. Маккиндердің тұжырымын
жаңаша пайымдаған Роберт Каплан
есімді американдық сарапшы 2012
жылы шыққан «Жағрафияның кегі»
деген еңбегінде Қазақстанды «жердің
жүрегіне» теңейді. Бұл тұжырым Аста-
наны Еуразияның жүрегіне теңеп кітап
жазған Елбасының пікірін де негіздей
түседі. Демек, Қазақстан Президентінің
ұйытқы
болуымен
Түркі
кеңесі,
ТҮРКСОЙ, ТүрікПА, Түркі академиясы
сияқты халықаралық ұйымдар арқылы
ынтымақтастығын жан-жақты дамытып
жатқан түркі әлемінің болашағы ХХІ
ғасырда жарқын болады деп сенеміз.
«ХХ ғасыр біз үшін
бөліну ғасыры бол-
са, ХХІ ғасыр бірігу
ғасыры болу керек»
Сәл кейінірек... ХХ ғасыр түркі әлемі
үшін азулы, ызғарлы сызымен есте
қаларлық ғасыр болды. Бір атадан
тараған Көк Түріктің ұрпағы тарыдай
шашылғаны өз алдына, өзара байла-
нысы да біразға дейін үзіліп қалды. Тек
біздің елде ғана емес, тіптен Түркияның
өзінде де «тұраншылдық», «фашизмге»
теңеліп айыпталу үдерісі жүріп жатты.
Бұл — бір. Екіншіден, ХХ ғасыр әлемдегі
біраз мемлекеттер үшін даму, әлемді
барынша тану ғасыры болды. Әркім
өзгенің емес, өз мәселесін шешумен,
өзінің ішкі, сыртқы саяси мәселелерімен
айналысты. Дәл осындай үдерісті
Түркия Республикасы да бастан кешті.
Тек Кеңес Одағы ыдырағаннан бастап
Түркия президенті Тұрғыт Өзалдан кей-
інгі түркі әлеміндегі басшылардың өзара
кездесулері жалғасқан. Бұл жайында
симпозиумға қатысқан ғалым-сарапшы-
лар: «ХХ ғасыр біз үшін бөліну ғасыры
болса, ХХІ ғасыр бірігу ғасыры болу ке-
рек», — деп ұрандатты.
Бір анадан туған екі баланың уақыт
өзгере келе түрлі себептермен бір дас-
тархан басында бас қосып, туған ана-
сынан ақыл ала алмауы жиі кездесе-
тін құбылыс. Сондықтан бір атадан
тараған түркі әлемінің бүгінгі ұрпағының
ортақ мүдде үшін келісе алмай жатуы
да заңды құбылыс секілді. «Сырт көз
— сыншы» демекші, төбеңізден тесіліп
тұрған әлем алпауыттары түркі әлемінің
жақындасып кетуін қаламайды. Осы жи-
ында бұл мәселе сарапшылар тарапы-
нан қайта бір сүзгіден өткізілді.
«Алтау тату болса,
дүниедегінің барлығы
келеді»
Әділ Ахме-
тов, сенатор,
Түркі дүниесі
ақсақалдар
кеңесінің мүшесі:
— Қазақта «Алтау
ала болса, ауыздағы
кетеді, төртеу түгел
болса, төбедегі келеді» деген ата сөзі
бар. Бұл жайдан-жай айтылмаған. Жан-
жағыңызға қарайтын болсаңыз, еге-
мен түркі мемлекеттерінің саны алтау.
Олар – Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан,
Өзбекстан, Қырғызcтан, Түркіменстан.
Өткенде Әзірбайжанда өткен 3 саммит-
те алтаудың бесеуі — төрт президент,
Түркіменстанның вице-премьері —
қатысты. Бұрын олар ондай жиындарға
қатыспайтын. Мен осыған қуандым.
«Жарылғанды жау алады, бөлінгенді
бөрі жейді» деген бар. Сол себепті ал-
тау өзара тату болу керек. «Алтау тату
болса, дүниедегінің барлығы келе-
ді» дер едім. Түркі әлемінің бір-біріне
жақындасуына көздерін алартатындар
бар. Әлемде неше түрлі одақтар бар.
ЕҚЫҰ, ИЫҰ, БҰҰ сияқты Түркі тіл-
дес мемлекеттердің ынтымақтастық
ұйымы да саяси ұйым емес. Біздің де
көксегеніміз — саяси ұйымнан алыс
жүру. Алпауыт АҚШ, алпауыт Еуропа
да, Қытайда экономикалық тұрғыда
тәуелсіз емес. Сондықтан бізге эконо-
микалық одақ құру тиімді», — деді.
Түркі әлеміндегі
білім-ғылым мәселесі
Симпозиумда түркі әлеміндегі білім-
ғылым мәселесін қозғаған Қырғыз-түрік
Манас университетінің ректоры, про-
фессор Себахаттин Балжы болды. Ол
алғашқы сұрағын: «Түркі әлеміндегі
ЖОО қаншалықты жақындаса алды?»
— деп, төтесінен қойды. Ары қарай Түркі
дүниесі университеттерінің арасын
жақындастыратын ортақ жобалардың
жоқтығы, әлі күнге дейін жоғары білім
жүйесінің ортақ бір жүйемен жұмыс
істей алмай келе жатқандығы, өзара
білім, тәжірибе алмасуға арналған
жүйенің де жоқтығын сөз етті. Себа-
хаттин Балжы Түркі дүниесі универ-
ситеттері
қауымдастығының
оңай
құрылмағандығын да жасырмады. Тіпті
сөз басында аудармашының көмегіне
сүйеніп отырған ғалымдардың қазақ-
түрік тілдерін еркін білмеуінен бүгінгі
түркі әлемінің қандай деңгейде екендігін
аңғаруға болатындығын ашып айтты.
Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін түркі
әлемінен әлемге танымал бірде-бір
ЖОО-ның жоқтығын, Қырғызстандағы
Манас, Түркістандағы Ахмет Иаса-
уи университеттерін брендке айнал-
дыру ұсынысын жеткізді. Бұндай
келеңсіздіктердің
алдын алу үшін
Се-
бахаттин Балжы
мырза:
«Тарихи,
ғылыми,
мәдени
мирасымыз бүгінгі
және келешек ұрпақ
тарапынан жеткілік-
ті дәрежеде игеріл-
мейінше, біздің байланысымыз күтілген
деңгейге жетпейді»,— деп түйді. Дәл
осы келеңсіздіктер жөнінде Л.Н.Гумилев
атындағы ЕҰУ-дың проректоры, док-
тор, профессор
Ди-
хан Қамзабекұлы:
«Тәуелсіздігімізді
алғалы 22 жыл
толып жатыр. 22
жылдың ішінде бір-
бірімізге аса қажет
екенімізді, бір-бі-
рімізді қолдау, қорғау керектігімізді
түсініп жатырмыз. Себахаттин Балжы
мырза өте дұрыс айтып отыр. Түрік
кеңесі соңғы кездерде Түркі әлеміндегі
университеттерінің дипломдарын тану
туралы мәселелерді жиі көтеріп жатыр.
Біздің ендігі міндетіміз – бұл мәселеде
формализмге
бармауымыз
керек.
Егер қызды-қызды мәселелерге дейін
қозғай берсек, сонау Ахмет Иасауидің,
Әл-Фарабидің дипломдарын сұрап
қалуымыз мүмкін. Түркі әлеміне таны-
мал университеттерде оқыған белгілі
адамдардың пікірлеріне құлақ асуымыз
керек», — деді. Сонымен қатар Дихан
Қамзабекұлы қазақ пен түрік арасына
тікелей көпір орнатып отырған қазақ-
түрік лицейлерін де тілге тиек етті: «Біз
бұл лицейлерге де үмітпен қараймыз.
Болашағы зор деп есептейміз. Елбасы-
мыз «Нұрорда» қазақ-түрік мектебінің
ашылуында «Біздің болашағымыз – осы
лицейде оқып жатқан балалар. Бұлар
елдің бірлігіне, тарихына, болашағына
жұмыс жасайды» деп айтқан болатын.
Біз де осылай ойлаймыз. Біздің бірлігі-
мізге көлеңке түсіретін сырттан келген
қара пиарлар бар. Біз оларға әрқашан
білім, білік, парасатымызбен қарсы
тұруымыз керек».
Бір жүйеде
ойлайтындар
ғана өзара санаса
алады
Стратегиялық ойлау институтының
сарапшысы Айдын Болат Шанхай
ынтымақтастық ұйымының Түркия-
Қазақстан қатынастарына әсер ете-
тіндігін мәлімдеді. Сонымен қатар,
Еуразиялық одаққа Түркияны да қосу
туралы
Елбасы
Н.Назарбаевтың
ұсынысы осы жиында қызу талқыланып,
Түркияның Еуразиялық одаққа қатысуға
мүдделілігі туралы пікір білдіргендер
де болды. Әрі Еуразиялық Одақтың
Түркия үшін тиімділігі мен зияндарын
анықтаудың маңыздылығы баса ай-
тылды. Сенатор Әділ Ахметов «Түркі
дүниесінің іргетасы экономикалық одақ
болуы керек», — деді. Әсіресе саяси
одақтан алыс тұруды естен шығармау
керектігін баса айтты. Экономикалық
тұрғыдан әлем алпауыттарының өздері
де бір-біріне мүделлі болып отырған
заманда түркі мемлекеттерінің өзара
экономикалық жағынан ықпалдасуы
дұрыс деп бағаланды.
Момынқұлов
Жанат, ҚазҰУ
халықаралық
қатынастар
факультетінің до-
центі:
— Түркия мен
Қазақстан
ара-
сындағы байланыстарға 22 жыл ғана
толғандықтан, екі жақты қатынастар өз
деңгейінде емес деп байбалам салудың
қажеті жоқ. Түріктерді туризм, энергети-
ка, университеттік білім, өндіріс, инве-
стиция салаларына тартуымыз қажет.
Қазақстан Түркияның 30-шы сауда се-
ріктесі десек, Түркия Қазақстанның 10-
шы серіктесі болып табылады. Демек,
түріктердің бізге деген қызығушылығы
төмен. Түріктер энергетика саламызға
ғана шынайы қызығушылық танытуда.
Мұнайымызды Каспий теңізінен Түркия
арқылы балама жолдармен Еуропаға
шығару елімізге геосаяси-экономикалық
жағынан тиімді болар еді. Түріктер
Қазақстан бастаған Орталық Азияға
қайта мән бере бастады. Бірақ, Анкара
әлі де аймақпен қалай тиімді қатынас
орнатудың жолын білмей отыр. Түркия
Орталық Азияны өзінің Еуразиялық,
Азиялық саясатының тарихи негізі ре-
тінде көргісі келеді. Түркияда ел билі-
гіндегі кісілер Орталық Азияға қатысты
тиімді стратегияларды ойластыруда,
бірақ, әзірше, оларды «мәдени сая-
сат» деген жалпы атаумен ғана белгі-
леуде. Бұл жерде Анкара «мәдениет»
сөзімен нені айтып тұр, әзірше белгісіз.
Бірақ, менің ойымша, түрік сарапшы-
лары Қазақстанды, қазақтарды, ішкі
аймақта болып жатқан оқиғалардан
бейхабар сияқты әсер қалдырады.
Түркияда аймағымызға тарихи көзқарас
әлсіз болғандықтан, ауқымды да
нақты саясат жүргізудің негізін таппай
отыр. Түркияның билікке жақын саяси-
интеллектуалдық топтары Қазақстан
мен Орталық Азия аймағына қатысты
күрмеу мен түйіннің шешімін табуға бел-
гілі күш жұмсауда. Қазақстанға келсек,
елдегі ішкі динамикалардың (қазақылық)
нығаюымен бірге, халық ішінде Еуразия
одағына байланысты тепкі, реакция
күшейіп келеді. Елбасының Түркияны
да Еуразиялық одаққа қабылдау ке-
рек деген ұсынысы табиғи қорғану ин-
стинкті тұрғысынан кімнің кім екендігін
тағы да көрсетіп берді. Демек, Түркия
Қазақстан үшін керек. Қазақстан Түркия
үшін қаншалықты қажет, оны алдағы 5-
10 жылдың ішінде білетін боламыз.
Мурат Чемрек,
Еуразия институты
директоры:
— Түркия Орталық
Азияға «не болады
екен?» деп емес,
керісінше,
«қалай
болуы керек (еді)?»
деп қарауы тиіс. Яғни Түркия аймақтағы
оқиғалардың енжар бақылаушысы
емес, сол аймаққа белгілі деңгейде
әсер ете алатын, тиісті стратегиялар
жетілдіре алатын күрделі ойыншы бо-
луы керек. Түркия 90 ж.ж. түркі респу-
бликаларын капиталистік экономика
мен демократиялық жүйеге тартудың
орнына, көбінесе «ағалық» ете баста-
ды. Түркия өзі орындай алмайтын көп
уәделерді аймақтың елдеріне үйіп төгіп
берді де, аяғында оларды орындай ал-
майтынын түсінді. Өйткені 1994, 1999
және 2001 ж.ж. болған экономикалық
дағдарыстар, 1991-2002 ж.ж. саяси
қиын жағдай себепті Түркия өз ішкі
мәселелерімен шұғылдануға мәжбүр
еді. Түркия ебедейсіз, тәкаппар іс-
әрекетімен Ресейді күдіктендіріп алды.
Түркия Орта Азиямен орта деңгейде
және салалық секторларда қатынас
жасауы керек. Мысалы, білім беру мен
мәдениетке көңіл бөлуге болады. Түркия
Қазақстанмен энергетикалық салада
ортақ жобаларды жүзеге асыра алар
еді. Түркия Қазақстан, Түркіменстан,
Өзбекстанмен энергетикалық жобалар-
ды іске асырғысы келсе, үлкен қаражат
жұмсауға дайын болуы керек. Түркияның
соңғы қырық жылғы тағдыры Еуропа-
мен байланысты болып келді. Түркия
мен Қазақстан арасында ортақ қоғами-
саяси
идеалдар
болмағандықтан,
мәдени және этникалық кодтарды
әсірелендірместен, орташа қатынас жа-
сау қажет. Түркия бір уақытта барлық
түркі елдерімен жан-жақты қатынас
жасауға шамасы жете қоймайтынын
түсінуі керек. Түркия Орталық Азиямен
дұрыс (саяси-саудалық) қатынастар ор-
ната алмады деп өкінудің еш қажеті жоқ.
Түркия аймақпен арадағы қатынасын
өз мүмкіндіктерін ескере отырып,
бағалағаны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: