«Арқа жылы болса, арқар ауып несі
бар» дегендей, ауданның әлеуметтік аху-
алы жақсы болса, жергілікті жастардың
да тұрақталуы ойдағыдай шығар?
— Жастардың әр кезде де өз мақсаттары,
өз көздегендері болады. Өмір доңғалағы
да осы көріністің арқасында алға қарай
доңғалайды. Әрине, ауданның жалпы ахуа-
лы жаман болмағанымен, жастар арасында
жоғарыға ұмтылушылар жиі кездеседі. За-
ман талабы сондай. Неге десеңіз, Қазақстан
даму үстінде, елімізге жаңа технологиялар
жаппай келіп жатыр. Мұнай өндіріліп, атом
энергетикасы еселеп дамуда. Бұл даму
үрдісіне сәйкес жаңа мамандықтарға де-
ген сұраныстардың артары айтпаса да
түсінікті. Бізде жақсы оқыған жастар аз
емес, олар Қазақстанның түкпір-түкпіріне
кетіп жатыр. Заман талабы тудырған жаңа
мамандықтар бойынша еліміздің әлеуетін
арттыруға қызмет етуде. Оларды ауылдан
шығармай ұстап тұрған да дұрыс емес.
Республикаға еңбек сіңіретін азаматтың
туған ауылына да пайдасын тигізбесе, зи-
яны бола қоймас.
Жыл сайын диқандардың түн ұйқы-
сын төрт бөлетін мақта бағасы биыл
қаншалықты көңілден шығып тұр?
— Дүниежүзі бойынша мақта бағасы
үш елде орналасқан биржадағы жағдайға
қарап реттеледі. Оның біреуі Сиднейде
болса, екіншісі Нью-Йоркте. Ал бізде-
гі жағдай Ливерпульдегі мақта бағасына
тәуелді. Солар қалай белгілейді, бізде де
солай болады. Елбасының мемлекеттік за-
уыт салудағы негізгі мақсаты баға нарығын
қалыптастыру болатын. Бірақ мұны тиісті
мемлекеттік мекемелер дұрыс басқара
алмау салдарынан бәсекелестік жандан-
бай жатыр. Мәселен, мемлекеттік зауыт
жылына 60 мың тонна мақта қабылдауы
керек болса, олардың жинайтыны 25-30,
әрі кетсе 40 мың тоннаның төңірегінде.
Неге? Мемлекеттік зауыттың мақтаны
қабылдау бағасын жеке зауыт иелері
бақылап отырады. Зауыт мақта бағасын
80 теңге деп белгілесе, жекелер 84 теңгеге
көтеріп қояды. Шаруалар сонда мақтасын
кімге өткізеді? Әрине, қымбатырақ баға
қойғандарға. Сосын бұлар Астана жаққа
хабарласып, ресми түрде хат жазып,
олардан келісімін алып жүріп 84 теңгеге
көтергенде, жекелер 88 теңгеге көтере
қояды. Осылай өкше баса алмай жүргенде
мақтаның негізгі бөлігін жеке зауыттар жи-
нап алады. Бұл қиындықты айналып өту
үшін мемлекеттік зауыт акциясының бел-
гілі бір бөлігін өзінде қалдырып, қалғанын
шаруаларға сату керек. Бірақ олар акция-
ны сатылымға шығарғанымен, ешкім алмай
жатқанын айтады. Әрине алмайды, өйткені
дихандардың қалтасында оны сатып ала-
тын қаражат жоқ. Сол үшін мемлекетте
акцияның 26 пайызын қалдырып, қалған
74 пайызын шаруаларға беру керек. Олар
мұның құнын мақтамен өтейді. Міне, сонда
ғана зауытқа 60 мың тонна мақта жинала-
ды.
Жұмыс күшінің жетіспеушілігі де жыл
сайын жырға айналып жатады...
— Биыл 280 мың тонна мақта жинау
жоспарланған. Қарапайым есепке салар
болсақ, әр адам күніне 100 келі мақта тере
алады. Сонда 40 күнгі мақта терімі үшін 70
мың жұмыс күші керек. Мұның барлығын
бір мезгілде табу мүмкін емес. Сол себеп-
ті қазір комбайнға көшіп жатырмыз. 2010
жылы мақтаның небәрі 4 пайызы комбайн-
мен жиналса, 2011 жылы 7 пайызға жетті.
Осы жылы комбайнмен жинау көрсеткішіміз
Өзбекстанмен теңесті. 2012 жылы 17
пайызға көтерілдік, ал Өзбекстан сол 7
пайызында қалды. Биыл 24 пайызға же-
тіп, қазірге дейін 45 мың тонна, ал науқан
аяқталғанша 85-90 мың тонна мақта ком-
байнмен теріледі деп көзделуде. Алдағы
уақытта комбайнның үлесі 30 пайыздан
асады деген жоспар бар. Комбайндар өте
қымбат тұрады. Америкалық 6 қатарлы бір
комбайнның құны 780 мың доллар. Біз құны
450 мың доллар тұратын 4 қатарлы 11 ком-
байн алдық. Бұл — мектеп оқушыларын
мақтаға шығаруды тоқтатудың төте жолы.
Су тапшылығымен қалай күресіп жа-
тырсыздар?
— Су тапшылығына байланысты вице-
премьер Б.Сағынтаевтың басқаруымен
арнайы бағдарлама жасалуда. Осыған
орай үкіметтің қаулысы шығуы тиіс. Сол
кезде су тапшылығынан құтыламыз деп
ойлаймын. Бұл бағдарламаның мақсаты
– егіс саласын әртараптандыру. Бүгінгі
жағдайда аудандағы мақтаның көлемі 94
мың гектарды құрайды. Оларға су бір мез-
гілде керек, тапшылық сол кезде сезіледі.
Басқа дақылдардың, мәселен, көкөністің,
жоңышқалықтың үлесін арттыру арқылы
мақта көлемін 28 гектарға қысқарта алсақ,
бұл мәселе шешімін табады деп ойлай-
мыз.
Әңгімеңізге рақмет!
«Мақта
туралы заңға
өзгеріс керек»,
— дейді зауыт басшысы
Әңгіме ауаны мақта төңірегінде
өрбігендіктен, мемлекеттік зауыт саналатын
«Мақта келісімшарт корпорациясының»
президенті Сәбит Сұлтанхановтан алған
деректерімізді де келтіре кеткенді жөн
көрдік. Жалпы, Мақтарал ауданында 9
мақта зауыты жұмыс істейді. 2007 жылы
іске қосылған мемлекеттік зауыттың
қуаттылығы жылына 60 мың тонна
мақтаны өңдеуге жетеді. Тұрақты түрде
260, науқан кезінде 620-дан астам адам
жұмыспен қамтылады. С.Сұлтанхановтың
уәжіне сүйенсек, мақта туралы заң мемле-
кеттік зауыттың мақта талшығын өңдеуден
өзгеге құқының жоқтығы көп жағдайда
қолбайлау болып жатады екен. Бұл ең
алдымен жұмысшылардың жалақысын
өсіруге кедергі келтіреді. Сондай-ақ,
зауытқа қажетті қосалқы бөлшектердің
қымбаттауы, соңғы үш жылдағы электр
энергиясының екі есеге, көгілдір отынның
бір жарым есеге көтерілуі зауыт тынысын
тіптен тарылтқанға ұқсайды. «Егер басқа
қызмет түрін де көрсете алар болсақ, өз
мәселемізді өзіміз шешуге мүмкіндік туған
болар еді. Қосымша цехтар ашып, жұмыс
ауқымын кеңейту арқылы табыс көзін де
арттыруға болады. Бұл мәселе үкіметтік
деңгейде көтеріліп келе жатқанына екі
жылға жуықтап қалды. Алдағы жаңа жылға
дейін бір өзгеріс енгізілуі мүмкін деп отыр-
мыз», — дейді зауыт президенті.
Экспедиция мүшелерін аудан шекарасы-
нан күтіп алған Мақтарал ауданы әкімінің
орынбасары Алтын Ешанқұлова мен
аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі,
осы салада ұзақ жылдар тер төгіп, мол
тәжірибе жинақтаған, тіпті, алғашқы сай-
ланбалы әкім ретінде ауылды абыроймен
басқарған Пердеш Есенбеков бізді бірнеше
мекемелерге алып барды.
Алғаш табан тіреген, өткен жылдың
аяғында іске қосылған «Сапа Инвест»
ЖШС мақта қауашағы, яғни қозапаядан
сығымдалған тақтайша (ДСП) шығарумен
шұғылданады екен. Ағаш кесіндісінің
қалдығымен дайындалған тақтайшаны біле-
тін біз үшін бұл тосындау жаңалық болғаны
рас. Бұл осы кезге дейін қозапаяны отын
ретінде пайдаланатын немесе малға бе-
ретін дихандар үшін де пайдалы болғаны
айтпаса да түсінікті. «Мақта сабағын май-
далап, желімен араластырып, 180-200 гра-
дус ыстықта нығыздап дайындаймыз. Са-
пасы мемлекеттік стандарттарға сай бұл
өнімнің ерекшелігі — өзіндік құны төмендеу
әрі экологиялық жағынан зиянсыз», — дей-
ді зауыттың ішкі шаруасына жауапты ма-
ман Мәдениет Қаби.
Нұрмұрат Мұзапарұлы деген жеке
кәсіпкердің идеясынан туған бұл шағын
зауыттың қуаты күніне 800 дана тақтайша
шығаруға жетеді. Қажетті құрал-жабдықтар
Қытайдан жеткізілген. Бүгінде 35 жергілік-
ті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылса,
қозапая жинау науқанында 100-ден астам
адам мерзімді жұмысқа тартылады.
Болашақта түрлі-түсті тақтайлар шығару
жоспарланып отыр екен.
70 түлектің 29-ы
алтын медаль алды
Жеке кәсіпкер Қарашаш Нұртазаева
ашқан «Нұр Жібек» балабақшасы 175
орынға арналған және ол балалармен
толық қамтылған. Тамылжыған тамыз ай-
ында бүлдіршіндерге есігін айқара ашқан
балабақшаның сыртқы көрінісі де, балалар
ойнайтын алаңшалары да, ішкі бөлмелері
де ертегідегідей әдемі екен. Тазалық
мәселесіне ерекше көңіл бөлінетіні бірден
аңғарылады. Балалардың тамағы үшін
төленетін төлемақысы да қымбат емес, ай-
ына 5 мың теңге.
Жетісай қаласындағы Б.Момышұлы
атындағы мектеп-гимназияның атағы биыл
ерекше дүркіреді. Мектепті бітірген 70 түлек
түгелдей ҰБТ-ға қатысып, 29-ы алтын ме-
даль, 8-і үздік аттестат алды. Түлектердің
54-і жүзден жоғары балл жинап, 63-і мем-
лекеттік грантпен жоғары оқу орындары-
на қабылданды. Бұл еліміздегі ең жоғары
көрсеткіш болып отыр. Жалпы соңғы бес
жылдың көлемінде бұл білім ұясы 74 ал-
тын медаль мен 72 үздік аттестат иелерін
тәрбиелеп шығарыпты. Осындай жетістікті
бағындыра білген ұжым басшысы Өмірхан
Қозыбақ 1988 жылдан бері директор
қызметін атқарады. Мектеп 1995 жылы
эксперимент алаңына айналған болатын,
нәтижесі көңіл қуантарлық. «Жақсыны —
көрмекке» демекші, экспедиция мүшелері
атағы алысқа ұзаған бұл мектептің тіршілі-
гімен танысу үшін арнайы қонақта болды.
Ауданда білімнің ғана емес, мәдениет,
спорт салаларының да тамырына қан
жүгіргенінің куәсі болдық. Жуырда «Нұр
Отан» партиясы аудандық филиалы
су жаңа ғимаратқа қоныстаныпты. Ау-
дан әкімінің айтуынша, ауданда жетекші
партияның 12 мыңға жуық мүшелері бар
екен. Атакентте ашылған «Алпамыс батыр»
мәдени-спорт кешені салауатты өмір сал-
тын қалыптастыруда ерекше маңызға ие.
Қазір ауданның атымен аталатын футбол
клубы республикалық деңгейде, дәлірегі І
лигада өнер көрсетеді. Осындағы халықтар
достығы үйіне күрделі жөндеу жүргізу үшін
148 миллион теңге қаражат бөлініп, ескір-
ген ғимарат сәнденіп шыға келді. Мұнда
бірнеше ұлттың мәдени орталықтары
жайғасқан. Бұл нысанның 350 мыңдай
халқы бар, 60 ұлттың өкілдері мекен ете-
тін Мақтарал ауданының мәдени өмірі,
ұлт татулығына тигізер септігі зор болмақ.
Мәдениет үйінің жанында жасақталған ба-
лалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде
қаншама балалар жаттығып жүр. Ал осы
мектеппен жапсарлас орын тепкен посел-
келік №25 кітапханада 26 мыңнан астам
кітап қоры бар екен. Жыл сайын жаңа кі-
таптармен толығып отыратынын кітапхана
қызметкерлері мақтанышпен айтып өтті.
«ҚАЗАҚСТАН-ZАМАN» ГАЗЕТІ мен «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН – 2050: АУЫЛ — ЕЛ ҚАЗЫНАСЫНЫҢ, ЖЕР ТАРИХЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ» АТТЫ
БІРЛЕСКЕН ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА
МАҚТАРАЛ МАҚТАСЫНЫҢ «САЛМАҒЫ» АУЫР
Халықаралық
«Қазақстан-
ZAMAN» газетінің
ауылдың тыныс-
тіршілігіне, тари-
хына арналған
экспедициясының
Оңтүстік Қазақстан
облысындағы сапары
оңтүстіктің оңтүстігінде
орналасқан, тыныс-
тіршілігі де, атауы да
мақтамен тікелей бай-
ланысты Мақтаралда
жалғасып, ол аудан
әкімі, ғалым-агроном
Серік Тұрбековпен
сұхбаттасудан ба-
сталды.
Минералды суымен, шипажайымен
атағы шыққан Сарыағаш ауданының
ауылшаруашылық саласында да қым-қуыт
тіршілік. Экспедиция мүшелерін күтіп алып,
жол бастап жүрген аудан әкімінің орынба-
сары Әшірбек Тұрдалин аудан аумағында
өспейтін көкөніс, бақша өнімдері жоқ екенін
алға тартты. Тіпті, лимон секілді цитрустық
өнімдер де егіліп, өнім алынуда.
Ауданның ахуалына қысқаша тоқталған
аудан әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев биыл 9
мектеп пен 4 медицина нысанының салы-
нып жатқанын айтты. Өткен жылы 6 білім
ұясы мен 7 медицина нысаны пайдалануға
беріліпті. Осы туралы баяндаған аудан
басшысы еліміздің гүлденуіне үлесі зор
бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз
қарым-қатынаста жұмыс жасайтынын да
жасырған жоқ.
Жылыжайы
жайнаған қожалық
Аудан әкімінің қабылдауынан кейін іс-
сапар экспедиция мүшелерін Қапланбек
ауылдық округінде орналасқан «Жа-
бай ата» шаруа қожалығының жы-
лыжайын таныстыруға ұласты. Іскер
жігіт Еркін Қыдырбаевтың 4 гектарға
орналастырған жылыжайында қызанақ
пен қияр жайқалып тұр. Жылыжай брига-
дирі Ергеш Төребековтың айтуынша, осы
жылыжайдың өзінен жылына 200 тоннадан
астам өнім алады екен. Бұл шаруашылық
бұған дейін де 5 гектар жерге жылыжай
орналастырған.
Қапланбекпен жапсарлас жатқан Жібек
жолы ауылдық округі әкімінің орынбасары
Сейдазым Ортаевтың айтуынша, округ-
те 19 ұлт өкілдерінен құралған 18 мыңға
жуық халық тұрады екен. Шаруаға икемді,
кәсіпкерлікке бейім халықтың тұрмыс-тір-
шілігі тәуір.
Өзіндік ерекшелікке
бай білім ұясы
Аудандағы беделі мықты №18 Абай
атындағы жалпы орта мектеп осы округ-
те орналасқан. Ұжым өзіне ғана тән
өзгешеліктермен ерекшеленетінін бірден
байқадық. Табалдырықты аттай бере
оқушылар да, мұғалімдер де бірыңғай
форма киетіні аңғарылды. Жас ұландар
тағатын жасыл түсті галстукты өздері ті-
гіпті. 540 бала дәріс алатын білім ұясында
бала санының артуына байланысты 2011
жылы жаңа ғимарат пайдалануға беріл-
ген. Оның салтанатты ашылуына облыс
әкімі Асқар Мырзахметовтың өзі қатысты.
Жаңа ғимараттың іші ұлттық нақыштармен
тамаша безендіріліпті. Қабырғаларға
қолмен салынған суреттердің барлығы
да бейнелеу пәнінің мұғалімі мен тала-
бы бар оқушылардың қолынан шыққан.
Дәліздерде көздің жауын алардай болып
тұрған қолөнер бұйымдары жайында да
осыны айтуға болады.
— Жаңа ғимаратқа қоныстанғанымыз-
бен, оқу-тәрбиеге қажетті құралдардың
барлығына өз күшімізбен қол жеткіздік.
110 орындық «Думан» залындағы тере-
зеге, сахнаға қойылған перде және өзге
де қажетті бұйымдардың барлығын өз
қолымызбен тіктік. 100 орындық шағын
орталық аштық. Ендігі мәселе технология,
құрал-жабдықтар алуда болып тұр. Тиісті
басшыларға сұраныс жасадық, береміз
деп отыр. 30 жылдан бері осы мектептің
ыстығына күйіп, суығына тоңып келемін, ал
мектеп басшылығын 2007 жылы қолға ал-
дым. Ұлттық бірыңғай тест қорытындысы
бойынша жыл сайын алғашқы ондықтың
құрамынан түскен емеспіз. Балалардың
білімімен қатар тәрбиесіне де ерекше
көңіл бөлеміз. Әр сыныптан бір ұл, бір қыз
таңдалып, жас полицейлер тобы құрылған.
Бұлар тәртіпті қадағалайды. Балалардың
бірі де қалмастан спорттың түр-түрімен
шұғылданады. Осы мақсатта бірнеше
үйірме жұмыс істейді. Соңғы үш жылдың
өзінде 100-ге тарта жетістікке жеттік,
— дейді өзінің жан-жақты басшы екенін
аңғартқан мектеп директоры Ұлша Расу-
лова.
Ұлша Ахметқызының бастамасымен
жуық арада ауыл тарихынан сыр шер-
тетін мұражай ашу жоспарлануда. Ал
келесі айда абайтанушы ағамыз Мекем-
тас Мырзахметовпен арнайы кездесу
ұйымдастырып, оқушылардың ой-өрісін
кеңейтуге, дамытуға күш салмақ ниетте
екен.
Өзбекстанмен
шекаралас
жатқан
Сарыағаш мектептің саны жағынан да об-
лыста ең алдыңғы орындағы аудан есеп-
теледі. Халқы еңбекқор, ауа райы егін
шаруашылығына жайлы ауданда, әсіресе
қысы-жазы көкөніспен қамтамасыз ету-
ге мүмкіндік беретін жылыжай кәсібі өте
жақсы жолға қойылған. Елбасының өзі
жақында облысымызға жасаған іссапа-
рында арнайы Сарыағаш ауданының
жүзім алқаптарын аралап, аудан әкімі
Әбдібақыт Мақұлбаевтың атқарып жатқан
жұмысына оң бағасын берді. Ауданда
ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін
кәсіпорындармен қатар минералды су-
сын шығаратын бірнеше ірі кәсіпорындар
да толық қуатымен жұмыс істейді. Онда
мыңдаған жергілікті тұрғындар тұрақты
жалақысы бар жұмыспен қамтылған.
Бір сөзбен айтқанда, минералды суы-
мен, шипажайымен атағы алысқа ұзаған
Сарыағаштың халқы жалқаулықтың не
екенін білмейді. Халықтың іскерлігін ескер-
ген жергілікті билік те оларға көмек қолын
созудан жалыққан емес.
Минералды суымен
танымал Сарыағаш
Серік Тұрбеков, Мақтарал ауданының әкімі
Экспедиция мақта пунктінде
Сәбит Сұлтанханов , «Мақта
келісімшарт корпорациясының» президенті
«Нұржібек» балабақшасы
Мәдениет саласының қыздарымен кездесу
Әбдібақыт Мақұлбаев,
Сарыағаш ауданының әкімі
№18 Абай орта мектебінде
07
ЭКСПЕДИЦИЯ
7 ҚАРАША ЖЫЛАН ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN
Құрылысы
кері кеткен өңір
Биыл Қостанай қаласында «Қолжетімді
баспана - 2020» бағдарламасы бойынша
жыл аяғына дейін 28,2 мыңнан астам шар-
шы метр тұрғын үйді пайдалануға беру
жоспарда тұр екен. Оның 17,7 мыңнан
астам шаршы метрі несие қаржысы есе-
бі бойынша салынуда. Олар – КСК шағын
ауданындағы көп қабатты үй, Быков-
ский-Маяковский көшесі бойындағы көп
қабатты үй, Маяковский көшесіндегі көп
қабатты үй, Гашек-Чкалов көшелеріндегі
көп қабатты үйлер. Облыс орталығында
қазіргі таңда құрылыс жұмыстары
тоқырап тұрған көп қабатты тұрғын үйлер
де жоқ емес. Бұған билік өкілдерінің өз
уәжі бар.
Қауқарсыз қала әкімінің
орынбасары
Валерий Полешко, Қостанай қаласы
әкімінің орынбасары:
— Мердігер компаниялар көп жағдайда
қаражатсыз келеді. Құрылыс мерзімдері
бұзылып, кейбір баспаналар уақытында
берілмей жататыны сондықтан. КСК
шағын ауданында (мердігері – «Евростиль
І» ЖШС) және Маяковский көшесінде
(мердігері – «Стройтех ІС» ЖШС) са-
лынып жатқан көп қабатты үйлердің
құрылысы бекіткен уақытынан қалып
қойды. Бүгінгі күні осы мәселелер бойын-
ша сот талқылауы жүріп жатыр. Нысанға
уақытында құрылыс материалдарының
жеткізілмеуі
мен
жұмысшылардың
біліктілігінің жетіспеушілігі кедергі келтіріп
отыр. Сондай-ақ, «ТаU PROJEKT» ЖШС
жобалық жұмыстары сапасының төмендігі
туралы да атап өткім келеді. Оған қоса,
техникалық қадағалаушылардың бар-
лығы келісімге сәйкес инжинирингтік
қызметтерді толық түрде жүзеге асырып
отырған жоқ, нысандардың техникалық
құжаттамалары бақыланбайды. Бірқатар
техникалық қадағалаушылардың сал-
ғырттығынан ғимараттар сапасыз салы-
нуда. Сондықтан ол нысандардың жо-
балауы өзгертуге ұшырайды да, соның
кесірінен жұмыста тоқырау орын алады.
Біз де КСК шағын ауданында бас-
тапқыда тұрғындардың айғай-шуына
ұласқан қарсылығына қарамастан са-
лынып, қазіргі таңда мерзімінен кешігіп
жатқан тоғыз қабатты үйдің (мердігері
– «Евростиль І» ЖШС) құрылысының
барысын білмекке жұмыс басына келдік.
Себебі бұл үйге тұрғындар сәуір айында
қоныстануға тиіс болатын.
Құрылыс алаңының сыртынан Қостанай
қаласы әкімінің тағы бір орынбасары
Мақсұт Қалиевті жолықтырдық. Қасында
мердігер компания басшыларының бірі
тұрған болу керек, «құрылыс алаңына
кіргізбейміз» деді және суретке түсіруіме
қарсы болды. Ал билік өкілі де не сұхбат
беруден, не суретке түсуден бас тартып:
«Барлық мәселені қалалық құрылыс
бөлімінен сұра», — деді. «Егер жауап
бермесеңіз, мұнда не себепті келдіңіз?»
— деген сұрағыма: «Жұмыс барысын
қарап кету үшін жүрмін, өзім де ішке кіре
алмай тұрмын», — деп жауап берді.
Қала әкімі орынбасарының өзі құрылыс
алаңына кіре алмаса, оны қалай
қадағалап кетуге келгеніне түсінбедік. Ал
мердігер компания болса жыл аяқталуға
жақындаған сайын жұмысқа жанта-
ласа кіріскен. Ала жаздай әр жерді бір
шұқылап келген құрылысшылардың қар
түсуге таяғанда ғана жан алып, жан бере
қимылдағандары құрылыс сапасына
қаншалықты әсер ететіні белгісіз.
Алақандай жер үшін
айқас немесе өз
міндетіне салғырт
шенеунік
Бүгінгі таңда ұсақ шаруа қожалықтары
қалай дамып келеді? Ел Үкіметі осы
бағытқа қаншалықты қолдау көрсетіп
отыр? Шағын кәсіпкерлердің барлығы да
субсидияға қол жеткізе ала ма? Олардың
кәсібін ұлғайтып, халық игілігі үшін барын-
ша қызмет жасауына жергілікті шенділер
неге кедергі келтіреді? Таран ауданының
Новоильинов ауылындағы «Қабылхан»
шаруа қожалығында осы түйткілдерге тап
болдық.
Моңғолиядан атамекенге оралып, жеке
кәсіппен айналысып жатқан Болатхан
Қабылханұлы осыдан 5 жыл бұрын ауыл
сыртындағы өзен бойынан 25 гектар жер-
ді бес жыл мерзімге жалға алыпты. Оның
өзінде аудан әкімдігі алқапты сынақ ре-
тінде берген екен. Биыл сол жердің шарт-
ты мерзімі аяқталыпты. Оның үстіне жер
егістік түрінде емес, жайылымдық негіз-
де берілгендіктен, шаруа қожалығы осы
уақыт аралығында субсидияға қол жеткі-
зе алмай келіпті.
Болатхан Қабылханұлы, «Қабыл-
хан» шаруа қожалығының жетекшісі:
— Бастапқыда аз мөлшерде картоп
тұқымын салып көрдім. Нәтиже жаман
болған жоқ. Сонымен қатар, аз ғана
қырыққабат пен сәбіз, қыс күндерінде
жанұямызға деп қияр, қызанақ, жуа
отырғыздық. Содан бері бес жыл бойы
ел қатарлы өнім алып келемін. Ешкімнен
ештеңе сұраған жоқпын. Күзгі шығым
қарыз-несиені жауып, жұмысшылардың
еңбегі мен шығынын ақтап, алдағы жылға
тұқым алуға жетіп жүрді. Жұмысшылар
еңбекақыларын он күн сайын алып отыра-
ды. Оның сыртында киім-кешек, ас-ауқат,
керек-жарақтары шаруашылық есебі-
нен тегін беріледі. Шаруа қожалығының
тракторы, тұқымды отырғызатын, оны
жинап алатын техникалары, су сорғыш
құралының бәрі бар. Ылғалдандыру
жұмысына ұзындығы 400 метр болатын
су құбыры сатып алынып, соны жаз бойы
іске жаратып келеміз. Биылғы жаз айла-
рында ылғал мол болды да, егістіктің кей-
бір жері мөлшерден тыс дымқылданып,
салдарынан картоптың бір бөлігі сызда-
нып кетті.
Ал биыл егістіктің шартты мерзімі
аяқталып, аудан әкімдігіне тағы жер
сұрап бардым. Ол кезде біздің ауыл
маңында 39 гектар жер бос жатқан. Сол
егістікті маған беріңдер деп аудандық
жер қатынастары бөліміне соқсам, оның
басшысы Рахат Сейдахметов: «Ол жерді
тамыр-танысы мықты біреу алып отыр,
босқа әуреленбе, одан да конкурс өтеді,
соған қатыс», — деп шығарып салды.
«Тым болмаса жайылымдық жерді егі-
стік жер деп ауыстырып беріңдер, ел
қатарлы субсидия алып отырайын» де-
сем, «ол жер ауылдық округке қарайтын
болғандықтан, ауыстыруға болмайды»
деді. Ал конкурстың қашан өтетінін
сұрағанымда, «мен қайдан білемін» деп
шығарып салды. Менің бір ашынатыным
– жерлерін пайдаланбайтын кейбір шаруа
иелері бар, соларды неге тартып алып,
біз сияқты жұмыс істеп отырғандарға
бермейді екен?! Бір сөзбен айтқанда,
бұлар маған жер ұсынудан қашқақтап
отыр. Маған аудандық әкімдік: «бұрынғы
жеріңде неге отыра бермейсің?» — дейді.
Оның үстіне алқап еңістеу болғандықтан,
су да тоқтамайды, ал алғаш осы жерді
алғанда қаншама бейнет тарттық, тіпті,
топырақ арасынан үйме-үйме қиыршық
тас тергеніміз әлі есімізде... Бәрін айт
та, бірін айт, келер жылы жерсіз қалғалы
отырмын. Бұл аз болғандай, өткен қыста
жолдасым көз жұмып, бес баланы асырау
менің мойныма қалды.
Болатхан бауырымыз ауыл маңында
бос жер қалмағанын айтады, тіпті, басқа
жақтан келіп, бірнеше телімді алса да,
дән сеппей, оны екінші біреулерге жалға
беріп қоятындарды білетінін, заң бойынша
жалға алып отырған жерді екінші адамға
жалға беруге болмайтынын айтты.
Айтпақшы, даулы мәселені естіп, Но-
волильинов ауылына аудан әкімінің
кеңесшісі Дәмді Қабылтаев пен жер
қатынастары бөлімінің маманы да келген
екен. Әкім кеңесшісіне кім айтқаны белгі-
сіз, «Болатхан Қабылханұлы жерден бас
тартып жатыр» деп түсініп келіпті. Білдей
аудан әкімінің кеңесшісі істің байыбын
білмегесін не сұрайсыз!
Сонымен, конкурстың қай кезде өтетіні
туралы білгіміз келіп, Таран аудандық
жер қатынастары бөліміне бардық. Бөлім
басшысын әңгімеге тартып, «аудандағы
егістік алқаптарына деп бөлінген жер
телімдерінің аумағы қанша, алдағы
конкурсқа кімдер қатысады, олар осы
ауданның азаматтары ма» деп сұрай
бастағанымызда, Рахат Сейдахметов
сөзге жауап бере алмай, қағаздарын
ақтара бастады. Сол күні бөлім басшысы
Қостанайда мемлекеттік қызметкерлердің
сынағын тапсырып келген екен, сертифи-
каты қолына тиген шендіні қуаныштың
«буы» ұрды ма, мандытып ештеңе ай-
та алмады. Бір ұққанымыз, аудандық
мәслихат бюджетті мақұлдап, содан
кейін барып конкурс өтеді. Ал аудан-
дық мәслихаттың хатшысы Сәбит
Жолдыбаевқа жолықпақшы болып едік,
ол кісіні орнынан таппадық. Тек телефон
арқылы хабарласқанымызда, «бюджет-
ті мақұлдау қарашаның басында өтеді»
деді.
Айтпақшы, қазан айының аяғында
облыстың экономикасы мен әлеуметтік
дамуының тоғыз айдағы қорытындысына
арналған кеңейтілген жиналыс бо-
лып, онда Таран ауданында үш бірдей
инвестициялық жобаның біреуінің де
жүзеге аспағаны өңір басшысының сыны-
на ілінген еді.
Достарыңызбен бөлісу: |