070-нұсқа мәтін Бөлтірік шешеннің сөзі



бет27/40
Дата22.11.2022
өлшемі0,55 Mb.
#51719
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40
Байланысты:
070-í?ñ?à ì?ò³í Á?ëò³ð³ê øåøåíí³? ñ?ç³

2321 нұсқа 1-мәтін
Жер шарында теректің жүзден астам түрі бар. Біздің елімізде теректін отыз шақты түрі кездеседі. Қазақстан жерінде ақ терек, көк терек, қара терек, мырза терек сияқты түрлері өсіріледі.
Терек өте тез өседі. Оның биіктігі елу метрге дейін жетеді. Мұндай әсем де ірі ағаш көше бойына, аулаға, су қоймаларының жағалауына отырғызылады. Қалалар мен ауылдарды көгалдандыруға, егіс алқабын қорғауға пайдаланылады.
Теректің бір артықшылығы - көп күтім тілемейді. Оны көшеттерден көбейтуге болады. Теректің кейбір түрлері жүз жиырма, жүз елу жыл өседі. Терек ағашы жұмсақ болады. Одан сіріңке, қағаз, түрлі бұйымдар жасалады. Теректі құрылыста да кеңінен пайдаланады.
313

  1. Мәтін тақырыбын анықтаңыз.

  1. Ағаш өнімдері

  2. Қазақстанда өсетін ағаштар

  3. Ағаш түрлері

  4. Ағаштың пайдасы

  5. Терек ағашы




  1. Тұжырымдардың дұрысы:

  1. Терек баяу өседі.

  2. Терек көп күтім тілемейді,

  3. Терек катты ағашқа жатады.

  1. Екінші мен үшінші

  2. Үшеуі де

  3. Тек бірінші

  4. Тек екінші

  5. Бірінші мен екінші

      1. мәтін

Ерте көктем шығысымен-ақ әкем қыс бойы көміліп жатқан жүзім бұтақтарын ашып, оны ағаштан иіп жасалған арнайы белдеулерге асып қоятын. Бұл өте күрделі, нәзік жұмыс. Қысымен жер астында жаткан жүзім бұтақтары кейде топырақ астында жатып-ақ бармақтай- бармақтай бүртік шығарып қалады. Оны абайсызда жұлып түсіруге болмайды. Әкем топырак астында көзге көрінбей жатқан адам саусактары секілді жүзім бұтақтарының қай тұста, қалай жатқанын алақанымен сипалап білетін. Сол себепті көктемдегі жүзім ашу ісіне өзінен басқа тірі пендені жолатпайтын. Мұндайда әкем жүзімнің әр бұтағын қолымен сипалап, «Ә, оянып қалдың ба, жарайды, сен де жарық дүниеге шыға ғой», - деп өзінен-өзі күбірлеп сөйлеп жүретін.


Әкем үш гектардай жерді алып жатқан жеміс бағындағы алма, өрік, шабдалы, тағы басқа мыңдаған түп ағаштардың әрбіреуінің қай жерде, қалай тұрғанын, неше жаста екенін, өткен жылы неше бұтағы кесілгенін, қанша жеміс бергенін, биыл қайсысына күтім қажеттігін жатқа білетін. Сол себепті ол бақты аралап жүрмей-ақ өзі көздеген жеміс ағашын бірден тауып, оның артық бұтақтарын кесіп, құрт түскен жапырақтарына дәрі сеуіп жүретін.

  1. Автордың бағбанға қатысы қандай?

  1. Інісі

  2. Ағасы

  1. Бүл кімге/неге айтылған сөз?

  1. Шөбересі

  2. Баласы

  3. Немересі

«Ә, оянып қалдың ба, жарайды, сен де жарық дүниеге шыға ғой».

  1. Жүзімге

  2. Алмаға

  1. Мәтінде не туралы айтылған?

  1. Әкенің бақты күту шеберлігі

  2. Бау-бақшаны баптау сыры

  1. Әкеге

  2. Балаға

  3. Өрікке

  1. Бақтағы жемістердің өнімінің көптігі.




  1. Біріншісі мен үшіншісі дұрыс

  2. Екіншісі мен үшіншісі дұрыс

  3. Барлығы бұрыс

  4. Біріншісі мен екіншісі дұрыс

  5. Барлығы дұрыс

  1. Мәтінді жазудағы автордын басты ойы

  1. Жүзім түрлерін жарнамалау

  2. Жеміс ағаштарының түрлерін жарнамалау

  3. Әкесі туралы естелік

  4. Жеміс бағының күтімі бойынша кеңес

  5. Жеміс бағының пайдасы туралы айту

        1. мәтін

Біздің ауыл Іле өзенінің арнасына жақын орналасқан. Мұнда қыс қытымыр болғанымен, жазы жайсаң. Әр үйдің ауласында бау-бақшасы бар. Онда алуан жеміс ағаштары: алма, өрік, жиде өсіріледі. Әсіресе бағбан Алмабай атайдың бағы өте көрікті, ағашы қалың, көлеңкесі қою болғандыктан, күннің көзі өтпейді. Шие ағаштары мен қарақаттарының арасынан жол тауып

өтудің өзі бір тауқымет.
Жердің беті жасыл желекке бөленгенде, мұндағы бауларды бұлбұл мекендейді де, түнге қарай тыным таппай құбылта сайрайды. Ауыл бұлбұл әніне ұйып қалады. Тындаған сайын тыңдағың келеді.
Өз ауласындағы бақтың арасынан бұлбұл әнін естіген Есен бұталарды аралап, оны ұстап алмақ болып іздей бастады. Сыбдырдан шошынған бұлбұл сайрауын тыя қойды. Ештеңе таба алмаған Есеннің ұзағаны сол еді, бұлбұл қайта сайрап қоя берді. Есен тағы да бұталарды аралап әуреге түсті. Бұлбұл да тым-тырыс.
Есен бірнеше күн тосты. Ешбір дыбыс естілмеді. Мұнысы несі? Басқа бақтардын бәрінде бұлбұл сайрап тұр. Тағаты таусылған Есен жолдасы Сәлімге барды. Сәлім - Алмабай атайдың немересі. Бақшаның ішіндегі бүлдіргенді суарып жүр екен. Есен бакқа кіре бергенде, жап- жақын жерден бұлбұлдың сызылған әні естілді.
Есен айқайлап жіберді:

  • Әне, бұлбұл!

  • Айқайлама, - деді Сәлім бәсең дауыспен. Есеннен сабыр кеткен.

  • Жүр, ұстап алайықшы!...

  • Жоқ, болмайды...

  • Неге?

  • Ұстағанды бұлбұл ұнатпайды, тұтқындықты азап көреді. Ән салмай қояды. Бұлбұл еркін жүруге тиіс. Өзіне нұқсан келтірмейтін, ешкім қорқытып, үркітпейтін кең, тыныш жерде ғана қамсыз өмір сүреді. Еркін сайрайды.

Есен ойланып қалды: «Бақшамнан мен үркіткен бұлбұл осында қоныстанды ма екен ?...» Бұлбұл тынымсыз сайрайды. Өзін мәпелеп, қорғаған балаға алғысын жаудырып тұрған секілді.

  1. Неліктен Сәлім Есеннің айқайламауын өтінді?

  1. Жұмысына бөгет жасады

  2. Бұлбұлдарды шошытқысы келмеді

  3. Есенмен дос болғысы келмеді

  4. Атасын оятқысы келмеді

  5. Бұлбұлдар әнін естігісі келді

  1. Есенге қандай қасиет жетіспейді?

  1. Алғырлық

  2. Сабырлылық

  3. Пысықтық

  4. Сыпайылық

  5. Өткірлік

  1. Мәтін мазмұнына сәйкес әнші құс нені ұнатады?

  1. Таулы аймақты

  2. Шулы аймакты

  3. Бостандықты

  1. Есен неге ойланып қалды?

  1. Қателігін түсінгендіктен

  2. Бұлбұлға ұя салуды жоспарлағандықтан

  3. Сәлімге ренжігендіктен

  4. Бұлбұлға ренжігендіктен

  5. Асыраған бұлбүлдарын қимағандыктан

  1. Мәтіндегі негізгі ой берілген нұсқалар 1 .Құстар әнін тыңдау.

  1. Құстарға қамқор болу.

  2. Құстар тыныштығын сақтау.

  1. Екіншісі мен үшіншісі

  2. Біріншісі мен екіншісі

  3. Біріншісі мен үшіншісі

  4. Қараңғылыкты

  5. Жазық даланы




    1. Барлығы бұрыс

    2. Барлығы дұрыс

  1. Есеннің ауласындағы бұлбұлдар неге сайрамады?

  1. Тыныштығы бұзылғандықтан

  2. Басқа құс болмағандықтан

  3. Маңайындағы құстар сайрамағандықтан

  4. Есенді ұнатпағандықтан

  5. Ағаштары аз болғандықтан

        1. мәтін

Қазақтың абыройын жер жаһанға көтерген Қажымұқан балуан Семей қаласында ел құрметіне бөленіп жүргенде, бір отырыста мынандай сұрақ қойылыпты:

  • Осы біздің қазақта дәл өзіңіздей күшті бар ма? Болды ма, кезікті ме?

Сонда Қажекең:

  • Бар ғой, менен де күштілер болған. Балуан Шолақ ағамызды барлығың білесіңдер. Дәл осы қалада да бір мықтыға жолыққаным бар, - деп әңгімесін бастапты.

  • Осындағы бір азамат жалғыз өзімді қонаққа шақырды. Көбіне елге сыйлы азаматтар, әншілер мен өнерпаздар бірге ілесіп жүретін. Шақырғандар барлығымызды қоса шақыратын да, отырыстьң өзі көңілді, қызықты өтетін. Шақырған үйдің мол дастарқанының төрінде жалғыз мен. Үй иесі сөзге сараң, әлденеге алаңдаулы. Бір уақытта пар ат жеккен пәуеске сартылдата, қатты екпіндетіп келіп, есік алдына тоқтай қалды. Одан дембелше келген жігіт түсіп: «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем бере кіріп келді. Бір тізерлеп отыра қалып, нан ауыз тиді де, маған карап:

  • Қажы ага! Уақытым аз, асығыспын. Сізді қонаққа шақыра келдім. Осы қазір жүріңізші! - деп түрегелді. Атып тұрып, ере жөнелдім. Пәуескеге отырып, Ертіске келдік. Бір қайықшы қайығымен тосып тұр екен. Қайықка отырдық. Содан өзен ортасындағы Түйемойнақ аралына алып келді. Аралда бір жігіт тайқазанға ет асып жатыр екен. Дастарқан жайып, тамақты түсіріп болған соң мені әкелген жігіт қайықшы екеуі кетіп өалды.

Аралда әлгі жігіт екеуміз ғана. Тамақ ішіп болдық. Сонда ғана әлгі бауырдың шақырған себебін түсіндіргені.

  • Аға, арманым елдің даңқын көтерген сізді бір көру, қонақ етіп, құрмет көрсету еді. Енді сізден бір өтінішім, мені бір сынап көріңізші. Өйткені, өз күшімді сынайтын адамды жолықтыра алмай жүрмін, - дегені.

  • Қалай, күресіп пе? - деп сұрадым.

  • Иә.

Аралда екеумізден басқа ешкім жоқ болса да, ағаштардың арасындағы тасалау жердегі алаңкайға ертіп барып:

  • Жол сіздікі, жасыңыз үлкен, - деп аяғын алшақтау қойып тұра қалды.

Әлгіні олай-бұлай итерем, тартам. Тартып тұрып, итеріп қалам. Итеріп
тұрып, тартып қалам. Тамырын тереңге жіберген емен секілді, былқ етпейді. Тұрған орнынан қозғалта алмай-ақ койдым, қақиған мойны да иілмейді.

  • Ал енді өзің көр, - деп кезекті бердім. Сол-ақ екен ол бір қолымен иығымнан қапсыра ұстады да, шыр айналдырып, дедектете жөнелді. Бір уақытта екінші қолымен қоса ұстады да, жерден көтере айналдырды. Дүниежүзінің қаншама мықтыларымен күрессем де, еш уақытта мұндай күйге түспеген едім. Әлгі жігіттің қолында орамалдай желпілдеп, айнала ұшып жүрмін. Бір уақытта тік көтеріп алды да, жерге екі аяғыммен дік еткізіп қоя койды. Сосын басын иіп, тізесін бүгіп, еңкейе тағзым етіп Кешіріңіз, аға, жауырыныңыз жерге тимесін! - деді.

Күші асып тұр, тағы аға деп сыйлап, жықпай тұр. Басын иіп тұр. Ешкімді маңайына жолатпағаны да менің абырой-даңқыма сызат түспесін деген сақтығы
екен.
Мен қазақ болып туғаныма, үлкенді сыйлаған әдет-ғұрпыма, оны білетін інілер барына қуанып, жүрегім елжіреп, иілген басын көтеріп, құшақтап алдым. Көзімнен жас та шығып кетті. Осындай ініні көтеріп, бағын ашсам, армансыз болатындаймын.

  • Жүр, бауырым, менімен бірге. Дүниежүзінде саған тең келер ешкім жоқ. Өзім аралатам, үнемі жаныңда болам. Дүниежүзінің балуандарын енді сен жығасың. Жүр, менімен бірге! - дедім. Сөзіме, көңіліме риза болып тұр, бірақ басын шайқайды. Өмір бойы көре алмай жүрген туысын тапқандай, елжіреп ағалай береді.

  1. Әңгіме соңында Қажымұқан кандай көңіл күйде болды?

  1. Сабыр етті

  2. Басу айтты

  1. Күресте кім жеңіске жетті?

  1. Бейтаныс жігіт

  2. Балуан Шолақ

  1. Мәтіннің стилі кандай?

  1. Ренжіді

  2. Толқыды




  1. Қажымұқан

  2. Қайықшы жігіт

  3. Күмәнданды

E) Тең түсті



  1. Ауызекі сөйлеу стилі

  2. Ғылыми стиль

  3. Көркем әдебиет стилі

  4. Ресми іс-қағаздар стилі

  5. Публицистикалык стиль

  1. Мәтін мазмұнынан жігіттің қандай қасиеті көрінеді?

  1. Атаққұмарлығы

  2. Кішіге мейірімділігі

  3. Үлкенді сыйлауы

  1. Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай?

  1. Шешендігі

  2. Барға қанағатшылдығы

    1. Қазақ халқының қонақ күту дәстүрін насихаттау

    1. Қазақ еліндегі ұлттық спорт түрлерін мақтан ету

    2. Қазақ халкының үлкенді құрмет тұтатын салт-дәстүрін дәріптеу

    3. Қазақ еліндегі ұлттық спорт түрлерін мақтан ету

    4. Балуандардың дүниежүзілік күреске жету жолын көрсету

  1. : Жігіттің Қажымұқанды қонаққа шақыруының басты себебі неде?

  1. Жора-жолдастарымен таныстыру

  2. Қажымұқанды жығып, даңққа бөлену

  3. Дәм таткызып, әнін тыңдату

  4. Күшін Қажымұқанға сынату

  5. Үй ішін балуанмен таныстыру

  1. Түйемойнақ аралында неліктен Қажымұканның жамбасы жерге тимеді?

  1. Қажымұқанның күші басым болғандықтан

  2. Қажымұқанды сыйлағандықтан

  3. Қажымұканның абырой-данқына сызат түсіргісі келмегендіктен

  1. Біріншісі мен екіншісі дұрыс

  2. Барлығы бұрыс

  3. Екіншісі мен үшіншісі дұрыс

20. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді?

  1. Күш атасын танымас.

  2. Ep айтқанынан қайтпас.

  3. Батыр жарасыз болмас.

  4. Тәуекел тау жығады.

  5. Шешінген судан тайынбас

  1. Барлығы дұрыс

  2. Біріншісі мен үшіншісі дұрыс





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет