Tay етегі. Жалпақ аңғардың теріскей беті сірескен қалың қарағай. Күнгей беті тақырлау. Өрге тырмысып, жотаның төбесіне қарай өрмелеген, таспадай тартылған жалғыз аяқ жолдың жағасында бармақтай-бармактай шілтиген кішкене көкшіл гүлдер өсіп тұр. Әлденедей үмітпен алысқа, көкпеңбек аспанға телміреді.
Сонша қадалып, қайда қарап тұрсыңдар? - деп сұрады гүлдерінің желкесіне өрмелеп шығып алған қызғылт түсті, белі қылдырықтай, буындары бунақ-бунақ құмырсқа.
Бір қиырға созылып, бел-белестерден асып кетіп жатқан жалғыз аяқ соқпақтың қайда барып тұйықталатынын білу үшін соның түкпіріне көз жіберіп тұрмыз.
Оның сендерге не қажеті бар? Мына өсіп тұрған жерлеріңнің өзі қандай әсем, жаннат секілді. Шөбі де қою, құйқадай ұйысқан.
Жаңа ғана алақандай қызыл қанат көбелек төбемізден елпелектей ұшып өтті. Соның басқан жолының түбін бағдарлап тұрмыз. Күндердің күнінде ұша қалсақ, адаспаспыз.
Гүлдер ұшпайды, орнында тұрып тұқым себеді. Сол тұқымы келесі жылда көктеп, ұрпағы тарайды. Ал гүлдің ұшқаны - өлгені. Шаңға көміліп, жүргіншілер табанының астында жаншылып жатады.
Құмырсқаның сөзінен шошыды ма, әлде иланды ма, бармақтай гүлдер таласып дау айтпастан бүрісе состиып қалысты. Жел есті. Қарағайлар уілдей теңселеді.
Жұлдыздар төніп, Қадала жерге қарайды. Жарығын төгіп, Бақытқа соны балайды. Үмітке теліп,
Телміртіп тұрды талайды.
Алайда гүлдер қызыл қанат көбелек ұшып кеткен кеңістіктен көз алмайды. Әлдеқандай бір жарқын жол іздеген отты үміттерінен арыла алар емес.
Мәтін тақырыбына сәйкес мақал-мәтел
Жақсы сөз - жарым ырыс
Орындалған арман
Гүлдердің армандауына себеп болған не?
Гүлдер айтысы
Қызыл қанат көбелек
Жел
Жұлдыздар
Көбелек
Құмырсқа
Қарағай
Құмырсқаның: «Қолдан келмейтін әрекеттін қамын жеп, босқа әуреленбей-ақ қойыңдар» деген сөздері қандай мақсатпен айтылған?
Қанаттандыру үшін
Қол үшын беру үшін
Көңілін көтеру үшін
Босқа үміттендірмеу үшін
Жігерлендіру үшін
мәтін
Жуықта Шығыс Қазақстанның Қатонқарағай және Күршім аудандарында 50-ден астам сұңқар мен ителгі еркіндікке жіберілді. Кезінде контрабандалық жолмен шетелдерге өтіп кеткен құстар аймаққа Біріккен Араб Әмірлігінен әкелініп отыр. Дубай қаласындағы экологиялық агенттіктің бұл жобасы әлемде 18 жыл көлемінде жүзеге асырылып келеді. Осыған байланысты құрылған арнайы қор «Қызыл кітапқа» енген және жылдан-жылға азайып бара жатқан сұңқарлардың санын қалпына келтірумен айналысады. Арабтар аңшылыққа пайдаланатын құстарды еркіндікке жіберу жөніндегі жобасын бұған дейін Қырғызстан және Пәкістан елдерінде жүргізген. Соңғы бірнеше жыл ішінде бұл ауқымды экологиялық шараға Қазақстан да қатысып отыр. Басына сәлде киіп, ақ киімге оранған арабтардың Алтай өңіріне келуі - күнде бола бермейтін оқиға. Сондықтан болар, қонактардың әрбір әрекеті мен жүріс- тұрысын бақылау көпшілік үшін қызықты болды. Саятшылық пен құсбегілік қазақтың канына сіңген өнер болса да, арабтардан үйренетін тәжірибе көп. Олар сұңқарды аса қасиетті құс санағандықтан, Араб Әмірлігінде онымен тек ақсүйектер ғана саятшылык кұратын керінеді. Сонымен бірге, арабтың ежелгі дәстүрі бойынша, аңшылықка 2 жыл пайдаланылган кұс міндетті түрде еркіндікке жіберіліп отырған. Өйткені, адамзат баласы жабайы табиғаттағы сұңқар мен ителгі санының азаюына залал келтірмеуі тиіс. Қазір әлемнің бірқатар елдерінде жүзеге асырылып отырган осы экологиялық бағдарлама да дәстүрдің негізінде жасалыпты.
Біріккен Араб Әмірлігі табиғат ресурстарына өте бай. Сондықтан да біз жабайы табиғатқа зиян келтірмеуіміз және құстың санын көбейтуге болашақта да өз үлесімізді қосуымыз қажет. Арабтардың аңға шығу дәстүрі бойынша сұңқарлар екі жылдан кейін бостандыққа жіберіліп тұрған. Өйткені соңғы 10 жылда сұңқарды браконьерлік жолмен аулап, шетелге сататындар көбейіп кетті.
Араб Әмірлігінде сұңқар мен ителгіні әлемдік деңгейде қорғау жөніндегі бағдарламаға мемлекет жан-жақты қолдау жасап тұрады. Құстарды бостандыққа жіберуге осы экологиялык жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль Баварди Шығыс Қазақстанға арнайы келіпті. Ол Күршім және Қатонқарағай өңірінің таулы, өзенді жерлеріне ұшырылған сұңқарды жеке бақылап, әрқайсысын суретке түсіріп отырды. Акцияны ұйымдастырушылар, ең бастысы, еркіндікке жіберілген құстар қайтадан браконьерлердің қолына түспесе дейді.
- Біз бұл жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың тиімді екендігіне көз жеткіздік. Бұл өңірдің табиғаты сұңқар және ителгі сияқты құстарға өте қолайлы. Олардың жабайы ортаға бейімделіп, өз қорегін табуына барлық жағдай бар. Ең бастысы, құстар табиғат жауларының қолына түспесе болғаны, - дейді экологиялык жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль-Баварди.
Жалпы Араб елдері бұл жобаны халықаралық денгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап келеді. Мәселен, мына сұңқарлар осыған дейін Дубайдагы арнайы кұстардың емханасында сауығып шыққан. Арабтар оның әрқайсысына құны 2 мың доллар тұратын электрондық қондырғылар тақты. Салмағы бар-жоғы 9 грамдық күннен қуат алатын спутниктік жабдық арқылы сұңқарларды болашақта да бақылауға болады. Дәстүр бойынша әрбір сұңқардан кейін онын соңынан көгершін ұшырылды. Бұл әдіс жыртқыш құстың аңшылык машығын есіне түсіруі үшін қажет.
Неліктен сұңқарды ұшырғаннан кейін соңынан көгершінді ұшырған?
Машығын еске түсіру үшін
Құстардың серіктесіп ұшуы үшін
Көгершінді босату үшін
Көгершінмен салыстыру үшін
Оларды жарыстыру үшін
Мәтін мазмұнына сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.
Бұл жер табиғаты құс өсіруге қолайсыз
Құсбегілікпен арабтар сәндік үшін айналысты
Құстардың арнайы емделу орталықтары бар
Аңшылыкпен тек казақ халкы айналысады
Біріккен Араб Әмірлігінде табиғат ресурстары тапшы
Мәтіннін реттілігін көрсетіңіз 1 .Қаржылық көмек
Мемлекеттік қолдау
Жоба жетекшісінің көзқарасы
Еркіндіккебосау 5.Экологиялык жоба
A) 2.4.1.3.5.
B) 5.3.1.2.4.
C) 5.4.2.3.1.
D) 1.4.5.2.3.
E) 3.1.5.4.2.
Мәтінде кейіпкер көзқарасы қай азатжолда бейнеленген?
5
3
1
2
4
Неліктен Араб елдері бұл жобаны халықаралық денгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап келеді?
Құстарды табиғи жолмен тамақтандыру үшін
Құстардың жасыл алқапқа тигізер пайдасы үшін
Құстардың ортаға бейімделуі үшін
Құтгардың бостандықта таралуы үшін
Елінің мәртебесін көтеру үшін
Мәтін не туралы?
Аңшылык
Құстарды қорғау
Құстардың уақытша бостандығы
Ителгілердің өмірі
Сұңқарлар өмірі
Дубайдағы экологиялык агенттік жобасының басты мақсаты
Саятшылық өнерді жандандыру
Сұңкар түрлерін жинау
Сұңкарлардын санын қалпына келтіру
Қаражат табу үшін өсіру
Сән-салтанат, серілік кұру
Мәтіннін бірінші азатжолы қандай мақсатта берілген?
Ақсүйектердің саятшылық өнерін дәріптеу
Араб Әмірлігімен жасалған экономикалык келісімшартты жариялау
Экологиялық бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы мәлімет беру
Құстарды еркіндікке жіберу туралы мәлімет беру
Құсбегілік қазақтың ұлттық өнері екендігін жеткізу