070-нұсқа мәтін Бөлтірік шешеннің сөзі



бет22/40
Дата22.11.2022
өлшемі0,55 Mb.
#51719
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
Байланысты:
070-í?ñ?à ì?ò³í Á?ëò³ð³ê øåøåíí³? ñ?ç³

2350-Нұсқа 1-мәтін



  1. Зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау алыстан көк толқынның қонырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар.

  2. Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ.

  3. Құсы кеп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс кұраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді.




  1. Екінші азатжолда не туралы айтылған?

  1. Көлді мекендейтін жәндіктер туралы

  2. Көл атауы туралы

  3. Көлдің көлемі туралы

  4. Қамысты құрақтағы құстар туралы

  5. Көлдегі балықтар туралы

  1. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде?

  1. Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты

  2. Көк толқындардың жылдамдығына байланысты

  3. Көл толқынының сылдырына байланысты

  4. Көлдің әдемілігіне байланысты

  5. Көл толқындарының бұйралығына байланысты




  1. мәтін

Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, 3 баласы бар. Екіншісі - бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ болғаны ішінен: «Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады»,


— деп ойлайды. «Мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ». Осындай ойымен түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үйінің алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: «Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар - қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды», — дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағанын екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған жағдайды түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тыя алмады.



  1. Автордың мэтінді жазудағы мақсаты қандай?

  1. Ниеттес адамдардың мейірімділігін үлгі ету

  2. Үлкенді сыйлауды дәріптеу

  3. Адал еңбек етуге шақыру

  4. Адамдарды кәсіппен айналысуға шақыру

  5. Көркем мінезді үлгі ету

  1. Екі дос неліктен өнімді бір-бірінің үйіне тасыды?

  1. Досы отбасын асырай алмағандықтан

  2. Досы өтініш жасағандықтан

  3. Досына қарыз болғандықтан

  4. Өзі үйленбеген, бойдақ болғандыктан

  5. Досына көмектескісі келгендіктен

  1. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді?

  1. Жақсы жұмыс - жанға тыныс. D) Айтулы достың малы бір,

  2. Ақыл - дария, алсаң да таусылмайды, Кемедегінің жаны бір. Жер - қазына саусаң да таусылмайды. E) Еңбегің қатты болса,

  3. Ақымақ достан ақылды қасың жақсы. Татқаның тәтті болар.

  1. Неліктен достардың өнімі азаймады?

  1. Жерлері құнарлы болғандықтан

  2. Өнімді үнемдеп пайдаланғандыктан

  3. Екеуі еңбексүйгіш болғандыктан

  4. Бір-бірінің үйіне өнім апарғандықтан

  5. Өнімді көп жинағандықтан

  1. мәтін




  1. Аяқ астынан есіктің алдында жатқан, талай жылдан бері керегіме жарап жүрген балтам жоғалды. Ары іздедім, бері іздедім - жоқ. Қора-қопсының ішін аударып-төңкеріп, астан- кестеңін шығара қарадым. Жоқ. «Өз-өзіңе мығым бол, көршіңді ұры тұтпа» деген нақылды ұлық тұткан қазакеңнің ұрпағы болған соң, дымым ішімде.

Досхан деген қызметтес дизайнер жігіт қайным болып келеді. Ол жұмысқа осы балта жоғалатын күні алғаш рет «шайтан арбамен» келген болатын. Әрі ол үйінде қызу құрылыс жұмысын бастап жатыр. Күдігім соған ауғандай.

  1. Тағы да бір күн өтті. Аяқ астынан жиенім келе қалсын.

  • Аға, өткен жолы тойға шақыру таратып жүріп көлігіммен үйіңізге соқсам, есіктеріңіз құлыптаулы. Ары отырып, бері отырып, сіздер келе қоймаған соң, көршілеріңізге қалдырып кетіп едім. Әйтеуір аманат қой, соны алған-алмағаныңызды білейін деп келіп едім, - дейді.

  • Ауыл қалай, ағайындар аман ба? - деп хал сұрасып жатырмыз.

  • Иә, аға, бәрі жақсы, сол жолы құрылысқа қажетті заттар алып кеткен едім. Соның біразын осы жолы түгендеп әкетіп барамын, - деді.

Ойыма әлгі қу балтам caп ете түссін. Жиенімнің жүзіне қарасам, қыбыжықтап төмен қарағандай болды. Көзін көзіме тура қарамай алып қаша береді.

  1. Балта табылғанша қанша адамды ұры етерімді кім білсін. Сенбі күні кешкілік үйді жинастырып жүрген қызым: - Көке, іздеп жүрген балтаңыз мынау ма? - деп құж желке балтамды аяқ киім қоятын сөренің астынан шығарып тұр. «Сен алдың!» демесем де, ішкі ойыммен ұры тұткан маңайымдағылардан ұят болды. Енді балтам табылған соң, Досханға да, Құраққа да, жиеніме де қараймын, олардың түрлерінен ешкандай ұрлық жасаған

«қылмыскердің» белгісін таба алмадым. Балта табылған соң, әлгі күдік-күмәндар күл болып ұшып кеткендей. Досханның баяғы сол жымия күліп жүргені, Құрақтың сол еңбекқорлығы, жиенімнің жібектей ұяңдығы, басқа ештеңе жоқ.

  1. Өзгені өзгеге танытуға, ғайбаттауға, нақақтан жала жабуға, қара күйе жаға салуға құмарақпыз, ал енді өзге түгілі өзімізді өзіміз осы күнге дейін танымай келгенімізге қайранмын. Үш күн тығылып жатып, өзімді өзіме танытқан «алтын сапты» балтама қарай бердім.




  1. III бөлімнен автордың қандай адам екені көрініп түр?

  1. Өзінің кемшілігін түсіне алатын

  2. Өзінің кемшіліктерін мойындамайтын

  3. Нәрсенің байыбына бармай жатып әрекет жасайтын

  4. Түк болмағандай өмір сүре беретін

  5. Өзінің іс-әрекетіне сенімді

  1. Жиенінің қандай әрекеті «балтаны осы ұрлады» деген сенімін нығайта түстi?

  1. Оның үй иесінің жоғында келіп-кеткені

  2. Жиенінің шакыру билеттерін таратуы

  3. Әңгіме кезінде жиенінін ұялып, төмен карай бергені

  4. Жиенінің аяқ астынан келуі

  5. Жиенінің қолының шеберлігі

  1. Кандай жауап мәтіннің негізгі түйіні бола алады?

  1. Өзін танымаған өзгені танып жарытпас.

  2. Досыңның қимасына көз салма.

  3. Ат жүйрігін түлкі сүймес.

  4. Ала жіпті аттамағанның абыройы артык.

  5. Бұзауды ұрлаған өгізді де ұрлайды.

  1. Қорытынды бөлімдегі автордың айтқысы келген ойы

  1. Дәлелсіз айып таққандарды кешіре білу керек.

  2. Алдымен адам өзін-өзі танып білуі керек.

  3. Адамды танып-білмей, шешім қабылдаудың сөкеттігі жоқ.

  4. Барлық адамды танып-білу мүмкін емес.

  5. Балтасының табылғандығына қуанышын.

  1. мәтін қандай стильде жазылған?

  1. Публицистикалық C) Көркем әдебиет Е) ауызекі сөйлеу

  2. Ресми ісқағаз D) Ғылыми

  1. 1 бөлімде автор алдымен кімнен сезіктенді?

  1. Жиенінен C) Өзінен E) Құрақтан

  2. Отбасы мүшелерінен D) Қызметтесінен

  1. мәтін




  1. Жеделхат - телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат. Қазіргі заманда ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен, жеделхаттар өз маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі қымбат, оның үстіне чертеж (сызба, кесте) немесе фотосурет жібермейтін болсақ, факсты қолдану міндетті емес. Ал телефон арқылы жүргізілген әңгімені іске тігіп қоя алмайсың, сондықтан ең ыңғайлысы жеделхат болып табылады.

  2. Жеделхатты кез келген қызметкер кұрастырып жібере алады; қажет болған жағдайда жеделхат мәтіні мен онда берілген мәліметті растауға болады. Жеделхат ең ұзақ дегенде 10-12 сағаттан соң, қажет болса бір сағаттан соң да жеткізілетіндігіне 100% сенімді болуға болады.

Жеделхат мәтіні қысқа, дәл, ең ұзақ дегенде 300 сөзден аспауы керек. Қысқа жеделхаттың бағасы да томен болады. Цифрлар жазбаша түрінде беріледі, ешбір түзетулер болмағаны жөн.

  1. Жеделхаттар ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Ішкі жеделхаттарға мемлекет ішінде жіберілетіндер мен қабылданатындар, ал халықаралық жеделхаттарға шет елдерге жіберілген немесе шет елдерден келгендері жатады. Ішкі жеделхаттар «үкіметтік», «жедел», «жай» болып үшке бөлінеді.

Басқа құжаттар сияқты жеделхаттың да өз реквизиттері болады. Олар: жеделхаттың категориясы мен түрі, номері, датасы, жіберілген уақыты, алушының аты мен адресі, мәтін, қол.

  1. Жеделхат...

Мекенжайы («кімге»). Алдымен жеделхатты алушының толық почта индексі, елдің аты, елді мекеннің аты, типі (қала, ауыл, т.б.), көшесі, үй номері, корпус, офис номері жазылады. Мысалы: 480021, Қазақстан,
Алматы қаласы,
Мұқанов көшесі, 227, офис 47 немесе
250000, Украина,
г. Киев, Почтовая пл, дом 18, кв 44.
Алушының аты-жөні («кімге»). Адресаттың аты-жөні, әкесінің аты толық жазылады, кейде фамилия орнына қызметі көрсетіледі. Мысалы, «Директорға», «Білім меңгерушісіне» т.б.

  1. Жеделхат мәтіні. Жеделхаттың негізгі мақсаты керекті ақпаратты тез жеткізу болғандықтан, оны қысқа және түсінікті етіп жазу керек. Бірақ сөздерді түсініксіз етіп қысқартып тастаудың қажеті жоқ, түсінікті, стандарт қысқартуларды ғана пайдаланған жөн. Егер жеделхат мақсаты алушыдан ақпарат алу немесе мәселені шешу т.б. болса, онда етістіктерді бұйрық рай тұлғасында беріңіз. Мысалы: «жіберіңіз», «салып жіберіңіз», «шешім қабылдаңыз» т.б. Ал жеделхат жауап беру мақсатында жазылса, етістік ашық рай тұлғасында колданылатын. Мысалы: «алдым», «жеткізілді», «келеді», «орындалады», «барады» т.б.

«Тез арада», «жеделдетіңіз», «жедел», «қалай да» сөздерін орынсыз көп қолданудың қажеті жок, себебі сіздің жеделхат жібергеніңіздің өзі алушыға көп нәрсені білдіріп тұр. Цифрларды жазбаша жазған дұрыс. Мысалы: 101347 - бір нөл бір үш төрт жеті, бұларды бір сөз ретінде біріктіріп беруге де болады. Мысалы: бірнөлбірүштөртжеті.
Мәтін мазмұнына нұқсан келмейтін болса жалғаулық, көмекші сөздер, тыныс белгілері
қолданылмайды. Жеделхат мәтінінде түзетулер болмауға тиіс және сөздер тасымалданбайды. Жіберуші қолы. Жеделхат мәтініне қол қойылған кезде фамилия қажет болғанда жіберушінің қызметі қоса корсетіледі.

  1. Ақпарат алу немесе мәселені шешу мазмұнындағы жеделхатта қолданылатын етістік формасы

  1. Қалау рай C) Қалау мен ашық рай E) Бұйрық рай

  2. Ашық рай D) Шартты рай

  1. Қай жауапта III бөлімде берілген мәлімет дұрыс жеткізіліп тұр?

  1. Ел ішінде жүретін хаттарға ешқандай белгі қажет емес.

  2. Ел мен ел арасында жүретіи қүжатгарды «сыртқы» құжаттар дейді.

  3. Халықаралық кұжаттарда «үкіметтік» деген белгі болуы мүмкін.

  4. Құжат елден шетелге жіберілгенде «жедел» деген белгі қойылады.

  5. Бір ел ішінде қатынап жүретін құжаттарды «жай» құжаттар дейді.

  1. Жеделхаттың мәтініндегі ең көп сөз саны

A) 200 B) 250 C) 100 D) 150 E) 300

  1. Қандай сөзді IV бөлімдегі көп нүктенің орнына қоюға болады?

  1. сипаты C) бланкісі E) толтыру үлгісі

  2. мәтіні D) құрастыру үлгісі

  1. Жеделхаттың бөлінуі

A) 5 B) 1 C) 3 D) 2 E) 4

  1. Қандай құжат түрі ақпараттық-анықтамалық құжаттарға жатпайды?

  1. Телефонхат C) Акті E) Құттықтау хат

  2. Жеделхат D) Түсініктеме

  1. Жеделхатты жеткізудің ең қысқа мерзімі

  1. 1 сағат C) 24 сағат E) 3 сағат

  2. 10-12 сағат D) Жарты сағат

  1. Жеделхатта цифрлардың жазылуы

  1. Цифрлар жазылмайды C) Жазбаша жазылады E) Бөлшек түрінде

  2. Рим цифрымен D) Арап цифрымен




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет