070-нұсқа мәтін Бөлтірік шешеннің сөзі



бет24/40
Дата22.11.2022
өлшемі0,55 Mb.
#51719
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40
Байланысты:
070-í?ñ?à ì?ò³í Á?ëò³ð³ê øåøåíí³? ñ?ç³

2411 - Нұсқа

    1. мәтін

Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық қажет. Өнер біткеннің бәріне, жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа жанаспайды. Өлең өнері сөзбен, ал живопись (жанды жазу) өнері бояуымен құлпырады. Музыканың негізгі мақсаты - адамның эстетикалық қажетін қанағанттандыру. Бұл поэзияға да ортақ қасиет, ойткені тіл мен музыка тілі бір- бірінен етене қатысқан кезде музыканың әсерлілігі арта түседі. Бұл ғылым, яғни музыка өзінің байсалдылығынан айырылған адамды түзеуге, қызба адамды қалпына түсіруге, адамды ылғи да бір қалыпта ұстап тұруға құдіреті жетеді.

  1. Мәтін мазмұнына қандай нақыл сөз сәйкес келеді?

A) Жолың алыс болса, атынды қинама B) Кең пейілдіге ас көп
C) Жігітке жетпіс өнер де аз D) Еңбек ер атандырады E) Өнер - таусылмас азық

  1. Мәтін бойынша музыканың әсерлілігі қай кезде арта түседі?

A) Сәулет өнері мен музыка үйлескенде B) Спорт пен музыка үйлескенде
C) Тіл мен музыка үйлескенде D) Сурет өнері мен музыка үйлескенде
E) Қол өнері мен музыка үйлескенде

    1. мәтін

Күн ыстық, көптен жаңбыр жаумай тұр. Орман ішінде саңырауқұлақтар болар-ау дсген оймен, себет ала шыққанмын. Аралап келемін, ештеңе кезіге қоймады. Қалың ну арасынан бір алаңкай көрінді. Соған таяндым. Мұндай жерден ылғи да бір құбылыстар ұшыратуға болады. Бүгін солардың бірінің үстінен түстім. Сондағы құмырсқа илеуіне бір қара қарға аунап жатыр. Бұл
не? Әлде жараланып, илеуге жығылған соң, құмырсқалар талап жатыр ма? Байқаймын, олай емес. Қарға біресе бір жамбасына, біресе екінші жамбасына аунап түседі де, күнге аунаған тауықтай рахаттанып сілкініп-сілкініп қояды. Құмырсқа жабыла таласа да, соған шыдап баққан тәрізді.
Қара қарға онымен қоймай, құмырсқаларды тұмсығымен іліп алып, қанатының астына тығады. Қарға бірнеше минут осылайша құмырсқа илеуінде жатты да, бір бұтаққа барып қонды. Содан соң шаңды бұрқырата әбден сілкініп алды да, қауырсындарын тарақтап болып ұшып кетті.
Қара қарға сияқты басқа құстар да өз денесіне қан сорғыш насекомдарды құрту үшін құмырсқа илеуін осылайша емхана ретінде пайдаланады. Ал құмырсқа илеуіндегі қышқыл қансорғыш насекомдарды жойып жібереді.

  1. Мәтін стилін анықтаңыз

A) Публицистикалық B) Ауызекі сөйлеу C) Ғылыми D) Көркем әдебиет
E) Іс қағаздар

  1. Авторды таңғалдырған жағдай

A) Саңырауқұлақтың жоқтығы B) Қарғаның адамнан қорықпағандығы
C) Құмырсқалар илеуінің көптігі D) Қарғаның илеуді ем ретінде пайдаланғаны
E) Қарғаның құмырсқа илеуінен ұшып кетуі

  1. Мәтін не туралы?

A) Құмырсқалардың достығы туралы B) Ормандағы өсімдіктертуралы
C) Орман тіршілігі туралы D) Құмырсқа илеуінің емдік қасиеті туралы
E) Ормандағы құбылыс туралы

  1. Қорытынды бөлімінің мазмұнына қатысты тақырыптаңдаңыз

A) «Құмырсқа илеуі» B) «Қансорғыш жәндіктер» C) «Құстар достығы»
D) «Қара қарға» E) «Емдеу орталығы»

    1. мәтін

Тау етегі. Жалпақ аңғардың теріскей беті сірескен қалың қарағай. Күнгей беті тақырлау. Өрге тырмысып, жотаның төбесіне қарай өрмелеген, таспадай тартылған жалгыз аяқ жолдың жағасында бармақтай-бармақтай шілтиген кішкене кекшіл гүлдер өсіп тұр. Әлденедей үмітпен алысқа, көкпеңбек аспанға телміреді.

  • Сонша қадалып, қайда қарап тұрсыңдар? - деп сұрады гүлдерінің желкесіне өрмелеп шығып алған қызғылт түсті, белі қылдырықтай, буындары бунақ-бунақ құмырсқа.

  • Бір қиырға созылып, бел-белестерден асып кетіп жатқан жалғыз аяқ соқпақтың қайда барып тұйықталатынын білу үшін соның түкпіріне көз жіберіп тұрмыз.

  • Оның сендерге не қажеті бар? Мына өсіп тұрған жерлеріннің өзі қандай әсем, жаннат секілді. Шөбі де қою, құйқадай ұйысқан.

  • Жаңа ғана алақандай қызыл қанат көбелек төбемізден елпелектей ұшып өтті. Соның басқан жолының түбін бағдарлап тұрмыз. Күндердің күнінде ұша қалсақ, адаспаспыз.

  • Қолдан келмейтін әрекеттің қамын жеп, босқа әуреленбей-ақ қойындар.

  • Е, неге, біз де жол тауып алайық та.

  • Гүлдер ұшпайды, орнында тұрып тұқым себеді. Сол тұкымы келесі жылда көктеп, ұрпагы тарайды. Ал гүлдің ұшқаны - өлгені. Шаңға көміліп, жүргіншілер табанының астында жаншылып жатады.

Құмырсқаның сөзінен шошыды ма, әлде иланды ма, бармақтай гүлдер таласып дау айтпастан бүрісе состиып қалысты. Жел есті. Қарағайлар уілдей теңселеді.
Жұлдыздар төніп, Қадала жерге қарайды. Жарығын төгіп, Бақытқа соны балайды. Үмітке теліп,
Телміртіп тұрды талайды
Алайда гүлдер қызыл қанат көбелек ұшып кеткен кеңістіктен көз алмайды. Әлдеқандай бір жарқын жол іздеген отты үміттерінен арыла алар емес.
305

  1. Мәтіннің тақырыбына лайық атау

A) Қызғаншақ құмырсқа B) Гүлдер айтысы C) Қызық қанат көбелек
D) Арманшыл гүлдер E) Орындалған арман

  1. Гүлдердің армандауына себеп болған не?

A) Жел B) Жұлдыздар C) Қарағай D) Құмырсқа E) Көбелек

  1. Құмырсқа мен гүлдердің диалогынан гүлдердің қандай қасиеті көрінеді?

A) Даукестігі B) Мақсатшылдығы C) Арманшылдығы
D) Қайрат-жігері E) Талапшылдығы

  1. Құмырсқаның: «Қолдан келмейтін әрекеттің қамын жеп, босқа әуреленбей-ақ қойыңдар» деген сөздері қандай мақсатпен айтылған?

A) Қол ұшын беру үшін B) Көңілін көтеру үшін C) Босқа үміттендірмеу үшін
D) Қанаттандыру үшін E) Жігерлендіру үшін

  1. Мәтіннің стилі

A) Публицистикалық B) Ауызекі сөйлеу C) Ғылыми D) Ресми іс қағаздар
E) Көркем әдебиет

  1. Мәтін тақырыбына сәйкес мақал-мәтел

A) Жақсы сөз - жарым ырыс B) Шірік шірітеді, бұзық бүлдіреді
C) Арманның үлкен, кішісі болмайды D) Таң атпаймын десе, күн қоймайды
E) Жол мұраты – жету

    1. мәтін

Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің бірі - ср балаға айдар шаш және кекіл қою. Қазақ халқының салт-дәстүрінде адам шашын ерекше қастерлеген. Қазақта
«Айдарлы бала - айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтын көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған. Бұл ғұрып ер балаға жасалады.
Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір айдар қойған, кекіл таққан балаларды жиі көретін болдық. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше назар аударып, көрген жерде қастарына шақырып, аты-жөнін сұрап, ықылас-баталарын беріп жатады. Жасының ұзақ, денінің сау болуын тілейді. Халық айдарлы балаға тіл-көз тимейді деп есептеген. Қойылған айдарды бала жеті жасқа немесе он үш жасқа келгенше тіл-көзді сұғынан сақтайды деп алғызбаған. Халық дәстүрінде балаға сұқтанған адамның көзі айдарға түсіп алдансын деген сеніммен қояды. Айдар қойған баланың шашын сүндетке отырғызғанда ғана алады деген ұғым бар. Тарихи деректерге сүйенсек, Кенесары Ханның інісі Наурызбай батырдың айдары болған. Қазақта Айдар деген адам есімі де бар.
Қазақтар тәрізді Тайланд халқы да балаларына айдар кояды. Олардың наным-сенімдсрі бойынша аурушаң балаға айдар қойса, ол тез сауығып кетеді. Тайландтықтар бала сырқатынан сауығып кеткен соң айдарды алып тастайды екен.

  1. Мәтін мазмұны бойынша тайландтықтар баланың айдарын қай кезде алады?

A) Алғаш аңға шыққан кезде B) Бала сырқатынан айыққан кезде
C) Жеті жасқа толган кезде D) Мүшел жасқа келген кезде E) Үйленген кезе

  1. Айдарға байланысты қазақтын наным-сенімінкөрсетіңіз

A) Бала дәулетті, бай адам болады B) Бала болашақта ғалымболады
C) Тіл мен көзден сақтайды D) Баланың дос-жарандары көп болады
E) Бала аурудан тез сауығып кетеді

  1. Мәтін бойынша баланың айдарын қай кезде алады?

A) Қырқынан шығарған кезде B) Тілі шыққан кезде C) Сүндетке отырғызған кезде
D) Он жасқа толған кезде E) Тәй-тәй басқан кезде

  1. Мәтін мазмұнына қатысы жоқ тұжырымды табыңыз

  1. Айдар шашты ұл баламен қатар қыз балаға да қояды

  2. Айдар қою бүгінгі күні қайта жаңғырған

  3. Айдар қою дәстүрі басқа халықта да бар

A) Екінші мен үшінші B) Біріншісі мен екіншісі C) Тек екіншісі
306
D) Тек үшіншісі E) Тек біріншісі
17. Мәтінге байланысты дұрыс тұжырымдарды табыңыз

  1. Айдар шаш қою - ежелгі салт-дәстүріміздің бірі.

  2. Айдарлы балалар үлкендердің ерекше назарында.

  3. Наурызбай батырдың айдары болған.

A) Біріншісі мен екіншісі B) Үшеуі де бұрыс C) Екіншісі мен үшіншісі
D) Біріншісі мен үшіншісі E) Үшеуі де дұрыс

  1. Мәтінге атау беріңіз

A) Бүгінгі шаш үлгісі B) «Айдар» есімі туралы C) Тайландық «Айдар»
D) Айдар шаш E) Қарын шаш

  1. Мәтін стилін анықтаңыз

A) Ауызекі сөйлеу B) Ресми C) Іс қағаздар D) Ғылыми E) Көркем әдебиет

  1. Мәтін бойынша салт-дәстүріміздің жаңарған белгісі

  1. Ұлттық киім киген балалар жиі кездеседі

  2. Шашына үкі таққан қыздар жиі кездеседі

  3. Батыстық үлгідегі шаш үлгісі жиі кездеседі

  4. Бұрымды қыздар жиі кездеседі

  5. Айдар, кекіл қойған балалар жиі кездеседі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет