1-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз
«Қыз Жібек» фильмі
«Қыз Жібек» фильмінің оқиғасы ауыз әдебитінің мұрасы «Қыз Жібек» жыры негізінде түсірілген. Режиссері Сұлтан Қожықов. Бұл фильм қазақ киносының алтын қорына енген. Мұндай фильм оған дейін де, кейін де әлі түсірілген жоқ. Бұл қазақ киносының классикасы. Басты рөлдегі Қыз Жібекті ойнаған – Меруерт Өтекешова, Төлеген – Құман Тастанбеков, Бекежанның рөлін ойнаған – Асанәлі Әшімов деген қазақтың белгілі театр және кино актерлері. Фильмнің сценариін жазған атақты жазушы Ғабит Мүсірепов екі жастың махаббатын да, қазақ халқының салт-дәстүрін де табиғатпен үйлестіріп бере алған. Сол идеяны режиссер да өте жақсы сақтаған. Фильмде барлық актерлер тамаша ойнаған. Кейіпкерлер, олардың костюмдері, музыка, табиғат бәрі, бәрі үйлесіп тұрады. 1970 жылы, қазіргі Масанчи көшесі бойындағы «Целинный» кинотеатрында алғаш көрсетілді.
Фильмді түсіру жұмыстары Семей, Көкшетау, Ақтау өңірлері мен Алматы облысының сол кездегі Күрті ауданында, Жаркент маңында, Іле өзенінің жағалауында жүргізілген. Басты кейіпкер Жібек рөліне лайықты бойжеткенді табу мақсатында 1968 жылы 1 қаңтарда «Лениншіл жас» (қазіргі таңда «Жас Алаш») газетіне хабарландыру жарияланады. 400 қыздың ішінен таңдап алынады. Ол кезде Меруерт 18-19 жаста болған екен. Сол кезде Төлегеннің рөлін ойнаған Құман Тастанбеков 25 жаста, Ал Бекежанның рөлін ойнаған Асанәлі Әшімов 33 жаста болған екен.
Төлегеннің ақсауыты мен Жібектің бүрмелі көйлегі бұл күнде «Қазақфильм» мұрағатында сақтаулы. Бішкек қаласының хайуанаттар бағынан киноға түсіру үшін арнайы аққулар әкелінген. Түрлі себептермен киноның 500 метрлік лентасы қиылған. Түпнұсқада фильм ұзақтығы 3 сағаттан асады. Фильмге сегіз, он, он алты қанатты жалпы саны отыздан асатын киіз үйлер арнайы тігілген.
Фильмнің бас суретшісі Гүлфайруз Ысмайылова киноны көркем безендіру үшін мың жарымнан астам эскиз жасаған екен. Кино түсірілімі аяқталған соң, фильмдегі бас кейіпкерлерді ойнаған актерлер шын өмірде бір-бірімен бас қосады. Олардың қазір үш баласы бар. Олар фильмде де, өмірде де махаббаттың символына айналды.
2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыздар.
1. Өзіңіздің сүйікті фильміңіз туралы айтыңыз. Ол фильм сізге неліктен ұнайды. Актерлері туралы мәлімет білесіз бе?
2. Досыңызға сол фильмді көруге ақыл-кеңес беріңіз. Оны қызықтырыңыз.
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті есімдіктерді қойыңыз
Адам ... сөзіне жауап беру керек.
... үйім – өлең төсегім.
... елде сұлтан болғанша, ... еліңде ұлтан бол.
Мен ... туған-туыстарымды жақсы білемін.
Үйге мен білмейтін ... адамдар кірді.
Балаларға ... адамдармен сөйлесуге болмайды.
... көзіме өзім сенбеймін.
4-тапсырма. Оқыңыз. Аударыңыз.
Әке-шешемді қатты сағындым, жаз шыққанша, әзер шыдадым. Шай ішкелі, екі сағат болды. Жолға шыққалы, бір ауыз сөз айтпады. Жиналыс аяқталғанға дейін, біраз уақыт бар. Саяхатқа барарда, саған телефон соғамын. Көктем келісімен, жер көгере бастады. Досымды соңғы рет көргеннен бері, алты айдай болыпты. Ауылда жаңа сауда орталығы ашылғалы, халыққа ыңғайлы болды. Зауыт жабылған кезде, үш мыңдай адам жұмыссыз қалды. Елімнен кетерде, барлық достарыммен қоштасып үлгермедім. Қазақстанға келісімен, осы университетті таптым. Үйге қайтарда, маған да айтшы, бірге қайтайық.
5-тапсырма. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
Жаңбыр жауып тұр. Науқан басталды. Астық себілді. Мұхтар – жазушы. Сабақ басталды. Қонақтар жиналды. Бидай – дақыл.
6-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді оқы, көп нүктенің орнына тиісті тыныс белгісін қойып жаз.
1. Кел, балалар, оқылық ... Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық .... 2. Өлеңім, шарла ауылды, Тыңда, дала Жамбылды ... Тыңда, Қастек, Қаскелең... 3. Шіркін, Ақмоншақ... Көркі ғой біздің ауылдың .... Ақылы қандай ... Мінезі қандай ... Адамгершілігі қандай ... Нағы еңбек сүйгіш адам ғой .... 4. Түу ... Бұл не деген əсем əн еді ... 5. Ол қандай кемеңгер, адал жан ....
7-тапсырма. Берілген сөздерден жай сөйлем құрастыр.
1. Соңында, қарлы, қар, қыстың, астынан, өсіп шығады, бəйшешек.
2. Бəйшешектер, неліктен, өседі, қардың, астында.
3. Гүлдер, жақсы көреді, өте, күн сəулесін.
4. Тезірек, бəйшешек, екен, көрінсе.
5. Бармақшымыз, бəріміз, бəйшешек, тауға, теруге.
8-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті пысықтауышты қойыңыз.
1. Менің əжем … жүреді. 2. Саған … барамын. 3. Мəтінді … жаттап ал. 4. … қар ериді. 5. Мен … жылы тудым. 6. Біздің … базар бар. 7. Мен … жақсы сөйлеймін. 8. Біз Жаңа жылды … қарсы алдық. 9. Киім сататын дүкенде … адам бар. 10. Мен оған… айттым. 11. Ол мұнда … келді. 12. … жауап бер.
Достарыңызбен бөлісу: |