070-нұсқа мәтін Бөлтірік шешеннің сөзі



бет26/40
Дата22.11.2022
өлшемі0,55 Mb.
#51719
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40
Байланысты:
070-í?ñ?à ì?ò³í Á?ëò³ð³ê øåøåíí³? ñ?ç³

2320-нұсқа 1-мәтін
Қазақ халкының салт-дәстүрі бойынша азаматтың үш жұрты болады. Олар өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты. Бұл үшеуі де жанашыр, сүйеніш болып саналады. Осы үш жұртқа қатысты айтылатын туыстық қатынас «ағайын», «туыс», «ілік», «жамағайын», «жекжат»,
«жұражат», «кұдандалы» деп аталады. Қазақтар үш жүзге, тайпаларға, руларға бөлінгенімен, бірін-бірі бөтен санамайды. «Қарға тамырлы қазақпыз», - деп, аты-жөнін сұрастырып отыру дәстүрге айналған.
Ата - әкенің әкесі, оны ел-жұрт «ақсақал» деп кұрметтейді. Мұндай кісілер төрден орын алады, оларға әрқашан құрмет көрсетіледі. Оның жолын кесіп өтуге болмайды. «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» дегендей, ата - ел ұйтқысы, батагөйі, ақылшысы болып есептеледі. Жастар атадан бата алуға тиіс. «Аталы ел - баталы» деген мақал бар. Атаның айтқаны кейінгілерге заң.

  1. Бір отбасындағы туыстық атау

  1. «Ағайын»

  2. «Жамағайын»

  3. «Құдандалы»

  4. «Жекжат»

  5. «Ілік»

  1. Жігіттің шыққан тегіне байланысты атау

  1. Нағашы жұрты

  2. Жұрағат




  1. Қайын жұрты

  2. Жекжат

  1. Өз жұрты

2-мәтін

Әйгілі жазушы Г.Бельгер: «Неміс тілі, қазақ тілі, орыс тілі - шабытымның үш кайнар бұлағы»,



  • деген екен. Бүгінгі күні бірнеше тілді қатар игерген адамдар саны күн санап артуда деп әбден айтуға болады. Ондаған тілдерді қатар үйренуге қабілетті адамдарды «Полиглот» деп атайды.

Орыс жазушысы А.П.Чеховтың «Бірер тіл білмеген адам өзін құжатсыз жандай сезінеді» деген қанатты сөзі бар, көп тіл игергісі келетіндерге бірнеше кеңес:

  1. Үзбей жаттығу. Атақты неміс археологы Генрих Шлиман үнемі жаттығуының арқасында күніне прозалық мәтіннің жиырма бетін жаттап алуға қолы жеткен. Ол орыс тілін 6 апта ішінде үйренген.

  2. Алдымен негізгі тілдерді, ал содан кейін сол тілдерге жакын тілдерді үйрену қажет екен. Әрине, адам көбірек тіл білсе, жаңа тілді игеру де жеңіл болады.

  3. Ең бастысы - қорыкпау керек. Тілді үйрене жүріп, өз ойыңызды сол тілде түсіндіруге тырысу керек. Үйреніп жүрген тілде сұрақ қоя отырып, тіл білетін және өзіңізге көмек көрсете алатын адаммен барынша көбірек сөйлесіңіз.

  4. Музыканы көбірек тыңдап, есту қабілетіңізді дамыта беріңіз. Өйткені ол - шетел тілін үйренуде жақсы көмекші.

Олай болса, достар, полиглот болғыларың келсе, тек алға ұмтылыңдар! Антик
философтарының «тілді бесіктегі деміңнен соңғы деміңе дейін үйренсең де аз» дегенін ұмытпайық!

  1. «Полиглот» деп кімдерді айтамыз?

  1. Жазушылық қабілеті бар адамдарды

  2. Өлең оқу мәнері жақсы адамдарды

  3. Он шақты тіл меңгергендерді

  4. Екі тілді меңгерген адамдарды

  5. Музыкалық қабілеті жоғары адамдарды

  1. Қандай мақал-мәтел берілген мәтіннің мазмұнын ашып тұр?

  1. Тілі тәтті жая жейді, тілі қатты таяқ жейді.

  2. Тіл қаруы - сөз, сөз қаруы - ой.

  3. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

  4. Басқа пәле - тілден.

  5. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

  1. Бірінші кеңеске сәйкес тіл үйренуге негіз болатын басты әрекет

  1. Тілдердің ұқсастығы

  2. Музыка тыңдау

  3. Қоркынышты жеңе білу

  4. Адамның жеке қабілеті

  5. Күн сайынғы жаттығу

  1. Мәтін бойынша адамның есту қабілетін қалай арттыруға болады?

  1. Ән шырқау арқылы

  2. Әуезді саз тыңдау арқылы

  3. Әдемі сөйлеу арқылы


  1. мәтін

  1. Музыка жазу арқылы

  2. Көп әңгімелесу арқылы

  1. Пілдер - ежелгі тұмсықтылар тобынан біздің заманымызға жеткен жалғыз жануар. Бұрын олардың түрі 40-қа жеткен болса, бүгінде үш қана түрі бар: Саванналық африка пілдері, африкалык орман пілдері және азиялық пілдер. Пілдің дене тұрқы - 6-8 метр, салмағы 9 тоннадай болады. Олар 70-80 жыл өмір сүреді. Негізгі ерекшелігі - үстіңгі ерніне жалғасқан ұзын ет тұмсығы (хобот). Олар мұны адамдардың қолындай пайдаланады. Сол арқылы заттың иісін біледі, сезеді және орап ұстайды. Піл тұмсығы бір мезгілде 7,5 литр суды ұстап тұра алады. Пілдердің көздері жақсы көрмейді, есесіне олар ешбір жаратылыс сезбейтін иісті сезіп қояды. Оның тұмсығында 40 мыңнан астам рецептор бар. Пілдің кейбір тұстарындағы тері қалыңдығы - 4-5 сантиметр болады.

  2. Пілдер мұңаяды, уайымдайды, сағынады, ағайындарына көмектеседі, музыкамен айналысады, сурет салады. Өздерінің дене көлеміне қарамастан олар епті және тез қозғалғыш келеді және олардың тепе-теңдік сақтау кызметі жақсы дамыған. Басқа ірі сүтқоректілер секілді пілдер ыстықка қарағанда салқын жерді жақсы көтереді. Күннің ең ыстық уақытын көлеңкеде өткізіп, денесін салқындату мен жылу алмасуды жақсарту үшін үздіксіз құлақтарын қағады. Олар суға шомылып, өздерінің үстеріне су құйып, батпақ пен шаңда аунағанды ұнатады. Бұл әрекеттер терілерінің құрғап кетуінен, күнге күюден және шыбын-шіркейдің шағуынан қорғайды.

  1. Пілдер — отбасылық өмірді қадір тұтатын жануарлар. Олардың аналықтары әркашан отбасымен бірге өмір сүреді, өлгенде немесе адамдар ұстап алғанда ғана бөлінуі мүмкін. Олар топ-тобымен жүреді. Топтағы пілдер саны 6 мен 12-нің аралығында болады. Ал аталық пілдер 12 жасқа таяғанда отбасынан бөлініп шығады. Дүниеге жаңадан келген пілдің баласы аяққа тік тұра алады. Салмағы 120 кг-ға жуық болады. Туғанда көзі соқыр болатындықтан, анасының тұмсығына арқа сүйейді. Жаңа туған пілдің өмір сүруге қабілеті болмағандықтан, анасы мен олардың тәжірибелі мүшелері оны үйрете бастайды. Анасы оған бірнеше күтуші таңдап, өзі сүтін көбейту үшін азық жинауға кетеді. Пілдер күніне 100 литр су ішіп, 300 кг шөп жей алады. Пілдер тәулігіне 3 сағат шамасында ғана ұйықтайды. Жалпы олардың өмірінің басым бөлігі тамақ іздеуге кетеді. Яғни, бір тәуліктің 20 сағатын осыған арнайды.

  2. Пілдер - Африка мен Азияның қалың ормандарында және ашык өлкелерінде мекендейді. Азия пілдерінін мекендейтін аймағы: Оңтүстік және Солтүстік-Шығыс Үндістан, Шри-Ланка, Непал, Бутан, Бангладеш, Мьянма, Тайланд, Лаос, Камбоджа, Вьетнам, Оңтүстік-Батыс Қытай, Малайзия, Индонезия және Бурней аймақтары.




  1. Пілдердің қай мүшесі ең көп кызмет атқарады?

  1. Аяғы

  2. Тұмсығы

  3. Көзі

  4. Құлағы

  5. Басы

  1. Мәтін мазмұны бойынша пілдер неліктен құлақтарын қағады?

  1. Күнге күймес үшін

  2. Шыбын-шіркейден қорғану үшін

  3. Денесіне батпақ шашу үшін

  4. Суықтан қорғану үшін

  5. Жылу алмасуды реттеу үшін

  1. Жаңа туған пілге қатысты дұрыс мәліметтер

  1. Аяғына тік тұра алмайды

  2. Салмағы 120 келіге жуық болады

  3. Туғанда көзі соқыр болады

  1. Бірінші мен үшінші дұрыс

  2. Бірінші мен екінші дұрыс

  3. Екінші мен үшінші дұрыс

  4. Үшеуі де бұрыс

  5. Үшеуі де дұрыс

  1. Мәтін бойынша пілдерге қатысты дұрыс нұсқа.

  1. Тепе-теңсіз алыптар

  2. Азиялық алыптар

  3. Еуропалық алыптар




  1. Африкалык епсіздер

  2. Сахаралык епсіздер

  1. Пілдер 1 тәуліктің қанша уақытын ұйқыға арнайды?

  1. Төрттен бірін.

  2. Екіден бірін.

  3. Үштен бірін.

  1. Пілдердің қай мүшесі нашар дамыған?

  1. Есту мүшесі

  2. Дәм тату мүшесі

  3. Көру мүшесі

  4. Алтыдан бірін.

  5. Сегізден бірін.




  1. Қозғалыс мүшесі

  2. Сезу мүшесі




    1. мәтін

Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің бірі - ер балаға айдар шаш және кекіл қою. Қазақ халкының салт-дәстүрінде адам шашын ерекше қастерлеген. Қазақта
«Айдарлы бала - айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтын көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған. Бұл ғұрып ер балаға жасалады.
Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір айдар қойған, кекіл таққан балаларды жиі көретін болдық. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше назар аударып, көрген жерде қастарына шақырып, аты-жөнін сұрап, ықылас-баталарын беріп жатады. Жасының ұзақ, денінің сау болуын тілейді. Халық айдарлы балаға тіл-көз тимейді деп есептеген. Қойылған айдарды бала жеті жасқа немесе он үш жаска келгенше тіл-көздің сұғынан сақтайды деп алғызбаған. Халық дәстүрінде балаға сұқтанған адамның көзі айдарға түсіп алдансын деген сеніммен қояды. Айдар қойған баланың шашын сүндетке отырғызғанда ғана алады деген ұғым бар. Тарихи деректерге сүйенсек, Кенесары Ханның інісі Наурызбай батырдың айдары болған. Қазақта Айдар деген адам есімі де бар.
Қазақтар тәрізді Тайланд халқы да балаларына айдар қояды. Олардың наным-сенімдері

бойынша аурушаң балаға айдар қойса, ол тез сауығып кетеді. Тайландтықтар бала сырқатынан сауығып кеткен соң айдарды алып тастайды екен.

  1. Айдарға байланысты қазақтың наным-сенімін көрсетіңіз

  1. Бала болашақта ғалым болады

  2. Бала дәулетті, бай адам болады

  3. Бала аурудан тез сауығып кетеді

  4. Тіл мен көзден сақтайды

  5. Баланың дос-жарандары көп болады

  1. Мәтін бойынша баланың айдарын қай кезде алады?

  1. Тілі шыққан кезде

  2. Қырқынан шығарған кезде

  3. Сүндетке отырғызған кезде

  4. Он жасқа толған кезде

  5. Тәй-тәй басқан кезде

  1. Мәтін мазмұны бойынша тайландтықтар баланың айдарын қай кезде алады?

  1. Үйленген кезде

  2. Алғаш аңыға шыққан кезде

  3. Мүшел жасқа келген кезде

  4. Жеті жасқа толған кезде

  5. Бала сырқатынан айыққан кезде

  1. Мәтінге байланысты дұрыс тұжырымдарды табыңыз

  1. Айдар шаш қою - ежелгі салт-дәстүріміздің бірі.

  2. Айдарлы балалар үлкендердің ерекше назарында.

  3. Наурызбай батырдың айдары болған.

  1. Біріншісі мен үшіншісі

  2. Үшеуі де бұрыс

  3. Үшеуі де дұрыс

  1. Мәтінге атау беріңіз

  1. «Айдар» есімі туралы

  2. Қарын шаш

  3. Бүгінгі шаш үлгісі

  4. Біріншісі мен екіншісі

  5. Екіншісі мен үшіншісі




  1. Тайландтық «Айдар»

  2. Айдар шаш

  1. Мәтін мазмұнына қатысы жоқ тұжырымды табыңыз

  1. Айдар шашты ұл баламен қатар қыз балаға да қояды.

  2. Айдар қою бүгінгі күні қайта жаңғырған.

  3. Айдар қою дәстүрі басқа халықта да бар.

  1. Тек біріншісі,

  2. Біріншісі мен екіншісі

  3. Екінші мен үшінші

  1. Мәтін стилін анықтаңыз

  1. Ауызекі сѳйлеу

  2. Fылыми

  3. Ic-қағаздар

  4. Кѳркем әдебиет

  5. Ресми

  1. Тек екіншісі

  2. Тек үшіншісі




  1. Мәтін бойынша салт-дәстүріміздің жаңарған белгісі

  1. Айдар, кекіл қойған балалар жиі кездеседі

  2. Бұрымды қыздар жиі кездеседі

  3. Ұлттық киім киген балалар жиі кездеседі

  4. Шашына үкі тақкан кыздар жиі кездеседі

  5. Батыстық үлгідегі шаш үлгісі жиі кездеседі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет