№1 / 2015 / Одна страна



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата11.01.2017
өлшемі10,13 Mb.
#1680
1   2   3   4   5   6   7

28

бІр ЕЛ – бІр таҒдЫр 

· 

Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл



пайымдайды. Ірі мырзалар 

арасындағы алауыздықты, 

сол сияқты Әбілқайырдың 

кертартпалығын асау мінезді 

сұлтандар дер кезінде пайдалана 

алды. Дау-жанжалды қарама-

қарсы топтардың арасындағы 

болған жағдайлар, белгілі 

жазушы – Ілияс Есенберлиннің 

«Көшпенділер» эпопеясында 

көркем суреттелген. 

ҚОНЫС АУДАРУ

Бөлінуге бет алған сұлтандар 

ат басын оңтүстікке, Моғолстанға 

қарай бұрды. Бұл бөлініп 

шыққан топтың Әбілқайырдың 

қарамағындағылар мен оны 

жақтаушыларынан ерекше 

айырмашылығы болған 

еді. Жәнібек пен Керейді 

қолдаушылардың бір бөлігі, 

өздерін «қазақтармыз» деп атай 

бастады. Моғолстан халқының 

өмір сүру салты, тілі және 

мәдениеті бойынша, Әбілқайыр 

хандығындағы тұрғындардың 

айрмашылығы алшақ емес еді. 

Мұхаммед хайдар Дулатидің 

«Тарих-и Рашиди» еңбегінде, 

негізгі оқиғалар былайша 

беріледі: «...Сол заманда 

Әбілқайыр ханның Дешті-

Қыпшақ даласына түгелдей билік 

жүргізіп отырған кезі еді. Жошы 

ұрпағының сұлтандары жорық 

жасап, Жәнібек хан мен Керей 

хан одан қашып, Моғолстанға 

кетіп қалған еді. Есенбұға хан 

оларды құрметтеп қарсы алып, 

қоныстануға Моғолстанның 

(қазіргі кезеңде бұл мекен – 

хантау, с.с. хан тауы (төбесі) деп 

аталынады) батыс жағындағы Шу 

өзені алабындағы Қозыбасыны 

берді. Олар бұл аймақта 

тыныш өмір сүрген. Әбілқайыр 

хан қайтыс болған соң өзбек 

ұлысы бір-бірімен шайқасып, 

араларында үлкен келіспеушілік 

туды. Жұрттың көпшілігі Керей 

хан мен Жәнібек ханның жанына 

кетіп қалды. Олардың саны екі 

жүз мың адамға жетті, оларды 

өзбек-қазақ деп атай бастады. 

Қазақ сұлтандарының алғаш билік жүргізуінің басы 870 (1465-1466) 

жылдан басталады. <Алла жақсы біледі>. 940 (1533-1534) жылға дейін 

қазақтар Өзбекстанның көп бөлігіне өз биліктерін толық жүргізген еді». 

Мұндағы ақпарат бойынша мұсылман жыл санауындағы (хижра) 870 

жыл, қазіргі күнтізбе бойынша 1456 жылға сәйкес келеді. 

Сонымен қатар, әртүрлі мәліметтер негізінде Мұхаммед хайдар 

Дулати: « тамызда келген ханзадаларды құрметпен және ризалықпен 

«күтіп алды», яғни қуғындалушылар емес, сарай өкілдері ретінде»,-деп 

көрсетеді. Себебі ол кезеңде Әбілқайыр хан жағынан да, ойрат-жоңғар 

билеушілері тарапынан да мықты қысым көргендіктен, Моғолстан 

билеушісі Есенбұға ханға қазақтардың көшіп келгені және олармен одақ 

жасау пайдалы болды. Бұл Жәнібек пен Керей үшін де тиімді болды. 

Қазақ сұлтандарына сүйене отырып, Есенбұға негізгі қарсыластары 

жоңғарларға қарсы жаңа одақтастарын бағыттау арқылы өзінің кейбір 

сыртқы саяси міндеттерін шеше алды. Ортағасырлық автор Махмуд 

ибн Уали, Жәнібек пен Керейдің жауынгерлерінің Моғолстан өңіріндегі 

ойраттар және қырғыздармен бірнеше жыл шайқасқанын және оларды 

ығыстырғаны жөнінде хабарлайды. Бұл оқиғалар ғалымдар – М. 

Әбусейітова және К. Пищулина тарапынан терең зерттелінген. 

 Әбілқайырдан Керей мен Жәнібектің бөлінуі, қазақ мемлекеттігі 

құрылуының алғашқы қадамы ғана болған-ды. Бес томдық «Қазақстан 

тарихының» екінші томындағы (1998ж.) мәлімет бойынша, қоныс аударған 

тұста Жәнібек қырық жас шамасында болғандығы берілген. Ал, Керей 

29

№1

 / 2015



болса одан бірнеше жас үлкен 

болған-ды. Бұл тәжірибелі, 

ақылды саясаткерлердің алдын-

ала ойласа және келісе шешкен 

қадамы болды. Екінші жағынан, 

оларға мұндай қадам жасауға, 

Әбілқайырмен қатынасын үзуге 

түпкілікті шешім қабылдаған 

көшпелі тайпалардың жаппай 

көңіл-күйі мен олардың ниеттері 

де әсер етті. Жәнібек пен Керейді 

қолдаушылардың жылдам 

қарқынмен өсе түсуі, осы нұсқаны 

бекіте түседі. Бірақ, Есенбұғаның 

1462 жылы қайтыс болуымен 

Жетісуда қазақ билеушілеріне 

қарсы тұра алатын нақты күш 

болған жоқ. Есенбұғаның бауыры 

Жүніс хан бұл кезде Ташкентте 

жүрген. Моғолстандағы өзара 

қырқыстардың басталуы – Жәнібек 

пен Керейдің саяси бағытының 

алмасуына негіз жасады. 

Көп уақыт өтпей-ақ, табанды 

қазақ сұлтандары Моғолстан 

билеушілеріне бағынудан бас 

тартып қана қоймай, Жетісу 

аумағын өздеріне бағындырып, 

патшалық таққа отырды. Осы 

кезеңнен сұлтандар лауазымы 

өзгереді, оларды сенімді түрде 

хандар деп атай бастайды. 

Ортағасыр авторларының 

жазбаларына қарағанда, 1465 

жылға қарай, қазақтардың 

мемлекеті жан-жақтағы елдерге 

танымал болған. Кейбір 

зерттеушілер Керейді көбіне 

«Гирей» деп те атайды. Бірақ, 

қазақша дыбысталуының дәл 

бейнелеп жазылуына сәйкес, 

қазақ әдебиетінде оны «Керей» 

деп атайды. Біздің ойымызша, 

қазақ тіліндегі дыбысталуына 

сәйкес, «Керей» деп аталғаны жөн.

Болашақ сұлтандар және 

жасы жағынан кіші Жәнібек пен 

Керей Әбілқайыр ордасынан 

алыс аймақта, батысы – Еділдің 

(Волга) теріскей бетінде, шығысы 

– Ұлытау, солтүстігі – Атбасар, 

Көкшетау өңіріне көшіп-

қонып жүре алатын еді. Бұл 

мекеннің атаулары сол кезеңнің 

деректерінде жиі кездеседі. 

Жоғарыдағы себептерге байланысты Әбілқайырмен ешқандай 

одақтасуды қаламаған сұлтандардың соңғы қоныс аударуы, ақыр 

соңында шығысқа қарай, Шу мен Балқаш көліне бағытталды. Айта кететін 

жәйт, XV ғасырдың 40-60 жылдары аралығында Еділдің арғы жағында 

Астраханда, (Қажы-Тарханда), Қырымда, Қазанда тақ үшін толассыз 

соғыстар мен күрестер жүріп жатты, оны сол оқиғаға қатысушылар да 

жақсы білді. XV ғасырдың басында сол өлкелерде Тоқтамыстың да, 

Едігенің де және сұлтандардың ата-бабалары – Ұрыс хан мен Барақ 

ханның опат болған жерлері болатын. Сол аймаққа Жәнібек пен Керейдің 

барғысы да келген жоқ. Сонымен қатар, оларды қолдайтын ел де Дешті-

Қыпшақтың кең байтақ және шүйгінді шөбі бар даласында еді. 

ӘБІЛҚАЙЫР

Осы еңбегімді дайындаған кезде мен арнайы әрі қазақ, әрі ноғай, әрі 

өзбек ғалымдарының еңбектерін қарастырдым. Әбілқайыр хан туралы 

өзбек ғалымдары да көп жазған. Мысалы, авторлар Н. Норқұлов және У. 

Жораевтың VIII сыныпқа арналған оқулығында былай делінген, (Ташкент 

қ., «Шарк», 2001ж.): «XV ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Шейбани 

ұлысы күшейе бастайды: Шейбанидың ұрпағы Әбілқайыр хан (1412-1468) 

Во

сш



ес

тви


е А

бу

лх



аир

ан



а н

а пр


ес

то

л. М



ас

уд

и У



см

ани К


ух

ис

та



ни. «Т

ари


х-

иА

бу



лх

аир


ани


». М

ав

ер



анн

ах

р, 



1541 г

. Лонд


он, Б

ри

та



нск

ая б


иб

ли

от



ек

а

30



бІр ЕЛ – бІр таҒдЫр 

· 

Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл



Дешті-Қыпшақтың шығыс бөлігін 

жаулап алып, өзінің мемлекетін 

орнатады». 

Әбілқайыр хан 1447 жылы 

өзінің иелігіне Сырдарияның 

орта ағысындағы қалаларды 

– Сығанақ, Аққорған, Аркөк, 

Үзген және Созақ, Чинга Тура 

қаласында болған (қазіргі Ресей 

Федерациясындағы Тюмень қ.). 

Ол өзінің мемлекетінің астанасын 

кейін Сығанаққа көшірді. 

1447 жылы Шахрухтың 

өлімі туралы білген соң және 

Мәуереннахрдағы Ұлығбектің 

жоқтығын пайдаланып, 

Әбілқайыр хан Самарқандтың 

төңірегіне шапқыншылық 

жасайды. 1449 жылы Ұлығбектің 

өлімінен кейін, самарқандтағы 

билік үшін Темір ұрпағы 

ханзадаларының өзара күресі 

үдей түседі. Бұл жағдайды 

пайдаланған Әбілқайыр, 1451 

жылы Самарқандқа жорық 

ұйымдастырады және өзінің 

жақтасы Темір ұрпағының 

ішіндегі Абусайд сұлтанның таққа 

отыруына көмектеседі. 

Әбілқайыр жорықтан түскен 

мол олжасымен отанына 

оралды. Көрсетілген көмегі үшін 

ризашылығын білдірген Абусайд 

сұлтан Әбілқайырға Ұлықбектің 

қызы – Рәбия Сұлтанбегімді 

ұзатады. Өзбек ғалымдары 

Әбілқайыр ханның отанына 

қайтып оралу фактісін келтіре 

отырып, Әбілқайырдың отанының 

қай жерде екенін айтпайды. 

Сондықтан біз үшін Әбілқайыр 

ұлысының «отаны» немесе 

астанасы қайда екенін айқындау 

өте маңызды. 

Алтын Орда тарихын зерттеген 

көрнекті зерттеушілердің бірі 

– М.Г. Сафаргалиев ертеректегі 

авторларға (В.Бартольд, С. 

Ибрагимов) сілтеме жасай 

отырып, Әбілқайыр ұлысының 

астанасы бірнеше жыл Орда-Базар 

болғандығы жөнінде айтады. 

Әбілқайыр 1430 жылы Сібірден 

қайтып өзінің мемлекетінің 

астанасы – Орда-Базар қаласы 

екенін жариялайды. Кезінде М.Г. Сафаргалиев бұл қаланың қай жерде 

орналасқанын нақты айта алмаған. Ал кейінгі ізденістер Орда-Базар 

қаласының Орталық Қазақстандағы Ұлытау таулары бөктерінде болғанын 

көрсетеді. 

Шындығында, дамылсыз көшпелі мемлекет пен кең ауқымды 

территорияны тиімді басқаруға ыңғайлы, жоғары хан ставкасы – Дешті-

Қыпшақтың орталық бөлігінде болуы тиіс қой. Әбілқайырдың Орда-

Базардағы қолдаушылары кейінірек 40-шы жылдардың ортасында «ең 

жақсы қыстауға ие болу үшін, Сығанақ қаласына шабуыл жасауға бекінді. 

Әбілқайырдың қалың әскерін көрген қала хакімі (билеушісі), өз еркімен 

бағынғанын білдіріп қала кілтін тапсырады». Сығанақ қаласы Оңтүстік 

Қазақстан территориясында орналасқан және ол ертеректе Ұрыс хан мен 

Бараққа, яғни Жәнібектің аталарының иелігінде болған.

Осы тұста, өзбек тарихшылары тимурлықтар билік құрған жерлерде, 

Мәуереннахр ісіне Әбілқайыр жиі-жиі араласқандығы жөнінде айтады. 

 Ұлы сұлтандардың, оның ішінде Керейдің де қатысы болды деген 

Шах-Бұдақтың сарайдағы белгілі өлімі біздіңше, Сығанақта болуы керек 

және бұл оқиға одан кейінгі оқиғалар көрсеткендей, ерекше маңызды 

рөл атқарған. Дағдарысты жағдайға 1457 жылы Өз-Темір қалмақтарымен 

болған Әбілқайыр әскерінің жеңілісінің де кері әсер еткен. Әбілқайырдың 

қалмақтарымен келісімі ел ішінде қатты наразылық тудырған дейді 

ғалымдар. 

Сонымен қатар, қазақтар мен өзбектер арасының түпкілікті ажырауы, 

Әбілқайыр хан билігі кезеңінде емес, оның ұрпақтары – немерелері мен 

шөберелері тұсында болған. Таң қаларлығы, алғашқы қазақ хандары 

мен олардың ұрпақтары (балалары, немерелері) шейбанилерге жақын 

туысқан болып келгені, яғни ағайын және бөлелері. Бірақ, олар бір-

бірімен өзара билік пен басымдылық, қалалар мен байлық үшін қатты 

жауласты. Мысалы, Бұрындық ханның қызы Мұхаммед Бахадұр-хан 

Шейбаниге тұрмысқа берілді. Қасым хан мен Мұхаммед Шейбани 

бөле болып табылады. Деректерге сүйенсек, дала билеушілері білімді 

болған, олар жергілікті жердің медресесінде оқыған немесе Бұқараға 

барып даярлықтан өткен. Сұлтандар арасындағы қатынас хаттар түркі 

(шағатай тілінде), парсы тілінде, араб графикасында жүргізілді. Ол кезде 

Ислам Орталық Азияда басымдылық рөл атқарды. Сол кездегі көшпелі 

өзбектердің, ноғайлардың және қазақтардың тілі, сенімі мен мәдениеті 

өте жақын болған. Деректерге сүйенсек, қыпшақтар, наймандар, 

үйсіндер, арғындар, керейлер және керейттер, алшындар, дулаттар 

сияқты ірі рулар аталған этникалық топтар аталмыш хандық пен Ордада 

бірден кездеседі. Бірақ көшпелі өзбектер «өзбек» этнонимін Орта 

Азияның ежелгі аумағына көшірген Мұхаммед Шейбани және кеткен ел 

ортағасырлық Мәуреннахр мәдениеті мен отырықшылығын қабылдап, 

жергілікті тұрғындармен араласып кеткен. Бұл ажырасу сонымен қоса 

отырықшы парсыланған мәдениет пен көшпелі қазақ мәдениетінің 

айырылу бара-бара өзбек пен қазақ екі ұлт болып қалыптасып кетеді.

Менің топшылауым бойынша, өкпелі Керей мен Жәнібектің қоныс 

аударуы, әстеден Әбілқайыр ұлысының ыдырауын анықтайтын кезең 

болған жоқ. Бұл оқиғада шешуші рөл атқарған ұлы ханның өзі. Деректерде 

берілгендей, Әбілқайыр хан өзінің өркөкіректігімен бұл қоныс аударудың 

аса маңызды және өзіне тиімсіз салдарын көре алмады және шиеленісті 

реттеу үшін қандай да бір шебер дипломатиялық қадам жасамады. 

Ол керісінше 1468 (1469) жылы тәкаппар сұлтандарға қарсы соғысқа 

шықты. «Йети кудук» (Жеті құдық) маңынан алыс емес жерде кездескен 

екі жақтың әскерлері үш күн бойы тұрып ұрыс қимылдарына бармады. 

Оның себебі кейбір зерттеушілер айтқандай табиғи жағдай емес, оларды 



31

№1

 / 2015



тоқтатқан екі жақтың бірін-бірі 

жақсы білуінен әрі олардың өзара 

жақын туысқандық қатынастары 

болатын. Яғни екі жақты әскерлер 

бір-біріне туыс елдерден еді. 

Осы оқиға кезінде нөсерлі 

жаңбыр жауды, сосын қар жауды, 

қатты аяз басталды, ұзақ уақыт 

қимылсыз тұрған соң әскерлер 

тарады. Әбілқайыр болса, қайтар 

жолда безгек ауруына шалдығып 

кенеттен қайтыс болады. Өткен 

тарих бетінде Әбілқайыр тек 

өзбек ханы деген қатаң көзқарас 

бекіді. Ал, іс жүзінде Әбілқайыр 

Арал теңізінен алыс емес 

жерде дүниеге келген, Тобылда 

(Түменде) таққа отырған және 

Сығанақта жерленген. Осылайша, 

Әбілқайыр Қазақстан аумағында 

туылғандықтан, өмір сүргендіктен 

және қайтыс болғандықтан 

да, қазақ қайраткері ретінде 

басымдылық алады, ал хорезм 

мен Самарқандта ол тек әскери 

жорық жасаған.

БИЛІК БАСЫНДА

Жаңа хандықтың құрылу 

процесі күрделі геосаяси 

жағдайда өтті. Бұл – Еуропадағы 

дамудың өріс ала бастаған 

кезеңі яғни – Ұлы географиялық 

ашулар дәуірі болатын. Оңтүстікте 

севефидтік Иран шұғыл түрде 

қайта қаруланды. Шығыста 

Құбылай әулеті нығайды. 

Қазақстан тарихының белгілі 

зерттеушілердің бірі – Клавдия 

Пищулина Қазақстан тарихының 

бес томдығында Қазақ хандығының құрылуының хронологиясына қатысты 

өзінің дәйектерін келтіреді. Онда 1462 жылы Есен-Бұғының өлімінен кейін 

және оның бауыры Йунус (Жүніс) ханның Ташкентке кетуімен, Моғолстан 

билеушілерінің билігінің әлсіреген тұсында, Жәнібек пен Керей хандар 

билігі нығая түскені тұжырымдалады. Әбілқайыр ханның «1468/69 жылғы» 

өліміне байланысты, Қазақ хандығының өз алдына дербес шығуы үшін, 

Дешти-Қыпшақ даласындағы оқиғалардың барысын күтудің қажеті жоқ 

болатын. Профессор Б. Кәрібайдың пайымдауынша, Әбілқайырдың өлімі – 

1469/1470 жылдары болған. Осы жылдары Сырдария жағалауы қалалары 

аймағы мен Шығыс Дешті-Қыпшақтың далалық кеңістігінде қазақ 

хандарының билігі біршама нығаяды және кеңейеді. А. Чулошниковтың 

пікірінше: «Мәселе Өзбек ұлысындағы әулеттің ауысуында ғана тұрған 

жоқ, бастысы қазақ халқының құрылуымен, жеке мемлекеттің пайда 

болуында». Одан да басқа зерттеушілер, мысалы Сапар Ибрагимов 

хандықтың құрылу мерзімін XVI ғасырдың басына жақындатып, 

Қазақ хандығының XV-XVI ғасыр аралығында құрылғанын айтады. 

Біздің пайымымыз, Қазақ хандығының құрылу процесінің ауыр және 

салыстырмалы түрде ұзақ жолдан өткенін қолдайтындар пікірімен сәйкес 

келеді.


«Қазақ хандығының құрылуы бір мезгілде болған оқиға еместігін», 

Т.И. Сұлтанов әділ атап өтеді және оның пікірінше оқиғаның соңғы 

түйіні, «1470 жылы Әбілқайыр иелігіне Жәнібек пен Керейдің қайтып 

келуі және олардың жоғарғы билікті басып алуы». Бірақ, қазақ хандығы 

құрылу датасына қойылатын нүктеге қалай болғанда да зерттеушілердің 

айқындаған, 1465 жылды алу қажет.

Атақты татар ғалымы М.Г. Сафаргалиев Әбілқайыр хан Сырдария 

алқабын қалдыруға мәжбүр болды және Арал теңізі жағалауына кеткен 

деп көрсетеді. Бұл «бірқатар өзбек одағының» қатты көңілін бұзды. Ал, 

қазақтардың кетуімен (қоныс аударуымен) Әбілқайырмен көшпенді-

өзбектердің аз ғана бөлігі қалды деп мәлімдейді. Біз үшін өте маңызды 

ақпарат.


К. Пищулинаның пікірінше, Қазақ хандығының құрылуы Дешті-

Қыпшақта емес, Батыс Жетісу (Моғолстан) жерінде жүрген. Осы 

нұсқа шындыққа жақын келеді, бірақ көшпелі тайпалардың ауқымды 

жұмыла кірісетіндігін есепке ала, қазақ билеушілер билігінің Дешті-

Қыпшақ жерінде тарағанын да жоққа шығара алмаймыз, оның үстіне 

бұл аймақтар географиялық жағынан өте жақын. Айта кету керек, осы 

тұста К. Пищулина Зайн ад-дин Васифидің жазбасында Батыс Жетісу 

(Шу мен Талас алқаптары) аумағының алғаш рет «Қазақстан» атауымен 

аталынғаны, зерттеушілер көңілін аударғаны жөнінде айтады. Одан 

32

бІр ЕЛ – бІр таҒдЫр 

· 

Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл



әрі оқиға куәгері Фазлаллах 

ибн Рузбихан Исфаханидің 

хабарламасынан Әбілқайыр 

хан өлімінен кейін, өзбектер 

елінде үлкен бассыздықтардың 

туындағаны жөнінде үзінді 

келтіріледі. Онда: «Қазақ 

ұлысында сұлтандар хан 

болғандары үшін, өздерін мақтан 

тұтты. Мұндай жоғары лауазым 

бірінен кейін бірі, бірнешеуінің 

қолынан өткен соң, хандықтың 

кезегі Бұрындық ханға жетті, ол – 

даңқты хандар әулетінен шыққан 

ұлыстың ұлыларының бірі» 

екендігін баяндайды. 

Әбілқайырдың немерелері 

жастық шағында «қазақ» болған, 

яғни аталары сияқты олар да 

еркін қазақ сатысынан өткен. Бір 

кездері Мұхаммед Маңғыстауға 

жақын ноғайлармен де тұрған, 

бірақ кейін Түркістанға кеткен. Кейінірек олар өздерін «өзбектерміз» деп 

атаған тайпаларды басқарады. 

1499-1503 жылдары Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шейбани 

өзіне сенімді «көшпелі өзбектермен» Мәуереннахарды жаулап алуға 

кіріскені жәйлі айта келе, өзбек мектебіне арналған оқулық авторлары 

жазған тарихи оқиға былайша өрбиді: «Жорықта ол темуридтерді 

аңдаусызда бас салатын әскери тактиканы қолданған. 1504 жылы 

Ферғана түпкілікті алынады, ал мемлекеттің астанасы – Самарқанд 

қаласы болады». Мұхаммед Шейбани 1510 жылы сефевидтер (Иран) 

әскерімен шайқаста қайтыс болды. Ал бөлесі Мұхаммедтің қазасын 

естіген Қасым қатты қайғырған және қызылбастардан кек алу үшін үлкен 

ұлы Әбілқайырды (!) жұмсаған.

Қазақ хандығының құрылуы, қазіргі Қазақстан аумағы мен оған 

шекаралас XIV–XV ғасырлардағы аймақтардағы күрделі этносаяси, 

әлеуметтік-экономикалық және этномәдени процестердің нәтижесі 

болып табылады. Бұл процестердің басты нәтижесі, моңғолдық кезеңнен 

кейінгі мемлекеттер аясында (Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Сібір 

хандығы), біртұтас саяси бірлестік жолында бірігуге қажеттілікке мұқтаж, 

қазақ халқының қалыптасуының аяқталуына әкелген.

XV ғасырдың 60-шы жылдары сұлтандар билігі өздері құрған 

әлеуметтік құрылымда нығая түсті. Өздерінің көшпелі бірлестіктерге 

тән белгілері қалыптасты: билер соты, салық жүйесі, территориялық 



33

№1

 / 2015



шекаралары т.б. Сығанақ қаласы 

билеушілер ордасы, хандықтың 

астанасына айналды. 

XV ғасырдың 70-90-шы 

жылдары Қасым мен Ақназар 

тұсында Қазақ хандығы нығайды 

және оның шекаралары кеңейді. 

Олар астананы Сығанақтан 

ауыстырды.

Көңіл бөлерлік мәселе, тарих 

ғылымының жаңа бағыттарының 

бірі – популяциялық генетикамен 

айналысатын ғалымдар тобы, 

қазақ халқының біртұтас этнос 

ретінде қалыптасуы XV ғасырдың 

ортасы деген шешімге келуі, сол 

кезеңдегі саяси оқиғалармен 

толықтай сәйкес келеді. Жақсылық 

Сәбитовтың мәліметі бойынша 

ДНК сараптамасы қазақ руларының 

XIII – XV ғасырларда өмір сүрген 

ортақ ата-баба тұқымынан тараған 

еркектер жағының генетикалық 

ұрпақтарынан тұратынын 

көрсеткен. Сонымен қоса қазақ 

руларының рубасыларының 

барлығы дерлік XIII – XV 

ғасырларда өмір сүрген және 

Алтын немесе Ақ Орданың бас 

әмірлері болды. Бірақ, олардың 

орналасуының ең ежелгі тарихы 

Байқал өзенінен Дунайға дейінгі 

кең байтақ даланы қамтиды. 

Қыпшақ тілі негізінде қазақ тілі 

XV-XVI ғасырларда, түпкілікті 

қалыптасты. 

Жұртшылыққа белгілі қазақтардың Алаш деген де атауы бар. 

Дұрысы «Алаш баласы» ұғымы болуы тиіс. Аңыз-әңгімелер бойынша 

қазақтың барлық тайпалары мифологиялық Алаш тұқымынан тарайды. 

Ал шынында осы мезгілге дейін Алаш этнонимінің пайда болуы әлі де 

жұмбақ. Қазақтың өздерінен басқа құрамына ноғайлар, өзбек, қырғыз, 

түркімен, қарақалпақтар, тіпті қалмақтар (ойраттар) кіретін «Алаштың 

алты баласы» ұғымының қалыптасуы ежелден бастау алған және оның 

тамыры ежелгі түріктерге немесе Алтын Орда кезеңіне жайылады. Қазір 

Кавказ ноғайлары бізді «Алаш» деп атайды.

Жас Қазақ хандығы өмір сүруге қабілетті болып шықты. Әбілқайыр 

өлімінен кейін оның ұлысы ыдырай бастайды, көптеген тайпалар 

Мұхаммед хайдар Дулати көрсеткендей, қазақ сұлтандары Керей 

және Жәнібекке жаппай кете бастайды. Ал 1465-1466 жылдары 

қазақ хандарының билігі түпкілікті бекиді, Әбілқайыр хандығы 

территориясының үлкен бөлігі қазақтар жағына өтеді. Мұндай жағдайдың 

кереметтігі сол, хандық басында бір-бірімен туысқан екі адамның тұруы. 

Бірақ, тарихшылар (Әбусейітова М., Карибаи Б.) тұжырымдағандай, 

алғашқы хан Керей болған-ды. Жас жағынан да үлкен болған еді, 

Керейдің өлімінен кейін ол 1470 жылы билік Жәнібекке өтеді. Жәнібек 

қайтыс болғанда, хандық билікке Бұрындық келеді. Кейбір, зерттеушілер 

оның есімін шежіре жазушылар дұрыс бермегенін, нақтысында оның 

есімі, шындыққа жақын қазақ тіліндегі айтылуына сәйкес, Мұрындық 

болған деп есептейді. Біздің ойымызша, қазақ тілінің лексикасына сәйкес 

Мұрындық есімі шындыққа жанасады. Бір қызығы ноғай (татар емес) 

тілінде мұрынды олар «бұрын» дейді, ал мұзды – «бұз» дейді. Қалай 

аталса да Бұрындық (Мұрындық) хан қазақтың көшпелі мемлекетінің 

негізін нығайтуда маңызды рөл атқарды. Одан кейінгі қазақ хандары 

әулетін жалғастырушылар – Жәнібек ханның ұрпақтары болды.

Керей мен Жәнібек хандардың жерленген орындары жөнінде де 

бірнеше нұсқалар бар. Бір аңыз бойынша, Керей Астана қаласынан 

100 шақырым жердегі Қазақстанның солтүстігінде, ал Жәнібек болса, 

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақтан (Сығанақ) алыс емес жерде 

жерленгендігі айтылады. Мұқият зерттеуді қажет ететін одан да басқа 

мәліметтер көпшілік. Осы мерейтойды өткізер кезде көптеген ізденістер, 

терең зерттеулер туар деген, тарихымызға қатысты жаңалықтар да болар 

деген ойдамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет