1 – деңгей 11. XX ғасырдың 70 жылдарың басына дейін бастауыш мектепте жазудың қандай белгілер сақталды


– деңгей 11. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Әліппе" пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына талдау



бет2/5
Дата25.12.2022
өлшемі23,32 Kb.
#59573
1   2   3   4   5
Байланысты:
сауат ащу экзамен 11-21

2 – деңгей
11. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Әліппе" пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына талдау
«Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына сәйкес әзірленді.
2. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны А.Байтұрсынұлының мынадай ұстанымдары негізінде айқындалды, ол оқулық жазуда басшылыққа алынады:

  1. дыбыспен жаттығу;

  2. әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу;

  3. оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту;

  4. білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу.

3. Әріп таныту реті А.Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесімі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды.
4. «Әліппе» пәнінің мақсаты – дыбыспен жаттығу, әріп таныту, оқуға, жазуға, ауызша және жазба мәтін құрауға үйрету.
5. Оқу бағдарламасының міндеттері білім алушының мынадай дағдыларын қалыптастыруды көздейді:
1) оқу әрекетіне бейімдеу;
2) дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;
3) дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға үйрету;
4) әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету;
5) дыбысты әріппен таңбалап, жазуға дағдыландыру;
6) сөзді буындап оқуға, тұтас оқуға, мәтінді түсініп оқуға машықтандыру;
7) жазу дағдысын (қатесіз, көркем жазу) қалыптастыру;
8) сөздік қорын байыту;
9) коммуникативтік дағдыларын (өз ойын толық жеткізе білу, өзгенің пікірімен санаса білу, әңгімелесу, сөйлеу әдебін сақтау) қалыптастыру;
10) тілдік бірліктерді (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс) ажырату, салыстыру, топтастыру, талдауға үйрету;
11) тілдік білімі мен дағдыларын тәжірибеде қолдана алу;
12) танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту;
13) ана тіліне, Отанына, туған еліне, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту;
14) жеке тұлғалық қасиеті мен әлеуетін ашу;
15) тұрақты зейіні мен есте сақтауын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастыру;
16) физиологиялық ерекшеліктерін ескеру және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.
«Әліппе» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына
6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды.
7. Оқу пәнінің мазмұны:
1) қазақ тілінің дыбыстық және әріптік жүйесінен;
2) негізгі тілдік бірліктерден (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс);
3) қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;
4) орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен құралады.
8. «Әліппе» пәнін оқыту екі кезең бойынша (әліппеге дейінгі кезең –12 сағат, әліппе кезеңі – 84 сағат) ұйымдастырылады.
9. «Әліппе» пәнінің мазмұны І жартыжылдықта «Әліппе» оқулығы (әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдері) арқылы жүзеге асырылады.
10. Әліпбидегі әріптер мен әрбір әріптің дыбыстық мәнін, қарапайым тілдік ұғым мен түсініктерді меңгертудің реті мен көлемі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет