21.Тіл мүкістігін түзету үшін арнаулы сабақтар жүргізу Тіл мүкістігін түзеуде баламен неғұрлым жиі әрі жеткілікті түрде әңгімелесудің маңызы зор. Өкінішке орай, қара қазан қамымен, нәпақа табу мұратымен жүрген ата-ана балаға көп уақыт жұмсай алмайды. Шыны керек, ертегі айтудың өзі келмеске кетіп бара жатқан жайы бар. Сондықтан бұл ретте негізгі міндет балабақшалардағы топқа жүктеледі. Шынтуайтында, екі жасқа дейін баланың былдырлағаны құлаққа жағымды естілсе, ал екі жастан асқан бала әлі былдырлап жүрсе, онда ол логопедтің қарауына қаралғаны жөн..
Тіл мүкістігін түзеуде : -Тыныс алу жаттығулары;
-Су-Джок терапия;
-Түрлі дидактикалық,қимылды,мазмұнды,сюжетті, рөлді ойындар және
шығармашылық жұмыстар;
-АРТ терапия;
-лого-ырғақ жаттығулары ;
-Артикуляциялық жаттығулар;
-Жалпы және қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулардың
маңызы зор.
Су-Джок терапия ХХ ғасырдың аяғында Сеул халық университетінің профессоры Пак Чже Ву өзінің шығыс медицинасын зерттеу жұмысы барысындағы жаңалығы ретінде, адамдардың өзін-өзі түрлі кеселдерден емдей алатындай ерекше әдістемелерін паш етті. Ол әдістеме «су джок» (корей тілінен аударғанда «су» — алақан, «джок» — табан) деп аталды
«Су Джок» терапиясын пайдалана отырып: бұдыр-бұдыр шарлармен, қыры бар қарындашпен екі алақанның ортасына салып айналдыру арқылы жұмыс жасаймыз. Жеке және топпен балалардың өз бетімен саусақтарына массаж жасауға дағдыландырамыз. Мәселен, сырты бұдыр кішкене шар немесе жаңғақты алақанға салып айналдыру арқылы баланың ұсақ моторикасын дамытамыз. Яғни, бұл саусақтарға массаждың бір түрі. Сол секілді карандаш, пластилин, мозайкамен жұмыс та, құмды,қиыршық тасты уыстау, тиындарды іріктеу, көз алдына елестету арқылы ауаға белгілі бір бейненің суретін салу- саусақ қимылын жетілдірудің, ми жұмысын жақсартудың бірден бір жолы.
Арттерапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. “Арттерапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде кеңiнен тараған. Арттерапия арқылы тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп, шығармашылығын шыңдайды. Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен, заттарға деген сындарлы көзқараспен жаңа шешім және идеяларды ұсыну мүмкіндігімен, өз білімін, икемділігі мен дағдысын іске асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білуімен сипатталады. Арт терапияға құммен ойналатын ойындар мен дәстүрден тыс сурет салуды жатқызға болады.