3 – деңгей 11.Тіл дамыту жұмыстарының жүйелілігі. Оқушылардың тілін дамыту үшін әліппедегі мәтіндер мен берілген сөздер өмірдің әр саласын қамтиды: балалар мен үлкендер өмірі, табиғат құбылыстары, баланы қоршаған сан алуан заттар, өсімдіктер, жануарлар дүниесі т.б. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Айтылған сөзді дұрыс қабылдамайынша оны ұғыну мүмкін емес. Бұл екі үдеріс бір мезгілде жүріп отырады, бір-бірінсіз іске аспайды.
Оқушылар әр топтағы заттармен, олардың қызметімен, неден жасалғанымен танысады. Соңында оларды топтастырады, негізгі белгілеріне қарай ажыратады. Мысалы, шеті иректелген жапырақты ағаштарды бір топқа, қылқан жапырақты ағаштарды екінші топқа (шырша, үйеңкі) т.б. жіктей алады.
Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. Әліппе кезеңіндегі негізгі міндет – балаларды ауызша сөйлем құрауға үйрету. Әліппедегі суреттердің көпшілігі балаларды сөйлем құрауға үйретуді және олардың сөйлеу қателіктерін түзетуді көздейді.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы 1 сынып оқушыларының сөз, сөйлем ұғымдарынан тұратыны белгілі. Олар сөйлемді сөзге бөледі. Бір сөйлемде қанша сөз бар екенін анықтайды, өздері екі-үш сөзден сөйлем құрайды. Ертегіні қайталап айтқанда, әңгімелескенде олар сөйлеммен сөйлейді. Сөйлеу өзінің қызметін дұрыс атқару үшін екі сипат болуы шарт. Ол – сөйлеудің мазмұндылығы мен мәнерлілігі. Сөздің мазмұндылығы дегеніміз – айтылатын сөздің тазалығы, 82 айқындығы. Сөздің мәнерлілігі дегеніміз – адамның сөйлемді өзінің эмоциялық бояуымен, сазымен айта білуі. Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық еттері т.б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді. Байланыстырып сөйлеуге үйрету сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі. Ол (сұрау) әңгіменің жоспары іспеттес болуы керек. Логикалық байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін диафильм, мультфильм деформациялық мәтіндер алған жақсы.
21.Мұғалімдердің оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары Өзіндік жұмыс – оқушының білім, білікті меңгеруі, оларды қолдану тәсілдерін игеруі үшін мұғалімнің қатысуынсыз ұйымдастырылатын іс-әрекеті.
Өзіндік жұмыс екі түрге бөлінеді: жазбаша, ауызша, ауызша түрі сирек қолданылады. Өзіндік жұмыстың ұзақтығы, оның мөлшері мен күрделілігіне және балалардың оқу, жазу жылдамдықтарына, зейініне, жалпы қабілеттілігіне байланысты болады.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда нұсқауларға маңызды роль жүктеледі: сілтемелер, алгоритмдер, кестелер, дайын үлгілер, жаттығуды орындау тәсілдері т.б.
Шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру, сөздік қорларын көбейту, білім алуға қызығушылықтарын арттыру. Ойлау мен сөйлеу тәсілдерін дамыта отырып өзіндік ой-пікірлерін жазбаша жеткізуге машықтандыру. Рухани құндылықтарын қалыптастыру. Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Міндеті: ойын еркін, нақты жеткізе біліп, қорытынды жасай білуге үйрету. Сөз мағынасын түсініп, байланыстырып сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету. Шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
Сөздік диктант
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2. Жоқ әріпті қой:
К. н, жү .ек , то . ғай, қ .р, қ . с
3.Ұйқасын тап:
Аз болса да жауын,
Азу тісі қарыс,
Бітік өсті ...............
Ну қамыста.........