11- дәріс. Суреттерді дешифрлеу әдістері және дешифрлеу белгілері
Әуефото суреттерді дешифрлеу үшке бӛлінеді: камералдык, далалық, ауадан
кӛзбен шолу. Ауаның зерттеу ерекшеліктеріне байланысты камералдық пен далалық
дешифрлеудың араларында бірнеше варианттары пайдаланады: жалпы далалық,
жалпы
камералдық, таңдаулы далалық камералдық дешифрлеу мен жалғасу, камералдык
дешифрлеу таңдаулы далалық пен жалғасу.
Фото суреттерде нысандарды камералдық зерттеу түрін камералдык дешифрлеу
деп атайды. Әуесуреттердегі нысандарды және олардың ерекшеліктерін далада
(табиғатта) анықтау түрін –
далалық дешифрлеу, ал ауадан - кӛзбен шолып бақылау
(аэровизуальный) деп атайды.
Суреттерде
далалық дешифрлеу
түрі толық және нақты болып шығады, бірақ,
анықтайтын нысанды сол жерге барып тексеру керек. Осыған байланысты, бұл
дешифрлеу түрінің еңбек кӛлемі тым жоғары және кӛп қаржы бӛлінуді талап етеді.
Сонымен қатар, дешифрлеудың бұл түрі табиғи және климат жағдайларына байланысты.
Бұл әдіс арқылы сапасы жоғары
мәліметтерді алуға болады, жобалау-ізденіс
жұмыстарында пайдаланылады. Далалық дешифрлеуды үлкен елді мекендер мен
қоныстық ландашафттар және түрлі құрылыстар бар аудандарда жүргізеді.
2.
Камералдық дешифрлеу -
ең қарапайым, ӛте жылдам, ӛнімділігі
жоғары және
ұтымды әдіс. Ол табиғат және климат жағдайымен байланысты емес.
Арнайы түсірімдерді пайдалану арқылы анықтайтын нысанның сапасын,
толықтығын, нақтылығын арттырады, кӛлемін ұлғайтады, камералдық жұмыстардың
сапасын
далалық жұмыстарға жақындатады, кейде жергілікті жер туралы түсірілмей
қалған маңызды мәліметтерді алуға кӛмектеседі. Жалпы камералдық дешифрлеу адамдар
тұрмайтын, баруға қиын биік таулы аймақтарды, батпақты жерлерді, шӛл мен тундраның
кейбір аудандарын картаға түсіруде пайдаланады. Камералдық дешифрлеу жұмыстарын
келесі тәртіп бойынша жүргізу керек:
а) алдымен суретке түсірілген аймақ бойынша ғылыми әдебиеттер,
картографиялық мәліметтер мен анықтамалы материалдар жинау;
б) стереоскопты пайдаланып суреттегі
аймақпен жалпы фотосұлбалар, әуе- және
ғарыштық суреттерін карастыру, жақсы танылатын нысандармен (негізгі гидрографиялық
торды, ӛсімдіктер мен топырақтардың ірі контурларын, темір және автожолдарды т.б.)
дешифрлеу арқылы танысу;
в) құралдар мен дешифрлеушы эталондарды пайдалана отырып әрбір
стереоқоссуретті нақты, толығырақ дешифрлеу.
Дешифрлеуші эталон болып нысандардың немесе олардың кӛлемінің
фотосуреттері алынады. Эталондар екі түрлі болады: жүйелік және аймақтық. Жүйелік
эталондар ландшафттың немесе нысанның бір элементін сипаттайды. Аймақтық
эталондар
ландшафт, мекен, фациялар бойынша нысандардың қарым - қатынасын
сипаттайды.
Камералды-далалық
дешифрлеудің
технологиясы
алғашқы
камералдық
жұмыстарда қарастырылады, кейіннен алдын – ала белгіленген маршрут бойынша
орналасқан жергілікті жердің эталонды үлескілерін далалық түрде зерттеуге кіріседі.
Зерттеу кезінде бұндай үлескілер ішінде аймақтың негізгі сипаттамасын, әр түрлі
нысандардың
қасиеттерін, олардың тура және жанама дешифрлеушы белгілерін
анықтайды.
Камералды-далалық дешифрлеу негізінде эталондарда-үлескілерде немесе
эталондарда-маршруттарда далалық жұмыстармен бірге камералды жұмыс түріде
жүргізіледі.
Эталонды үлескілерде, бажайлайтын ӘФС кездесетін жергілікті жердің нысандары
мен элементтері болуы керек. Бұл үлескілер физиқалық-географиялық және
геоморфологиялық жағдайы бойынша белгіленеді.