5-ДӘРІС. БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМІН КӘСІБИ ДАЙЫНДАУДА ОНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МОДЕЛІ Мектеп мұғалімдерін кәсіби мамандыққа әзірлеуге қатысты қойылатын әлеуметтік сұраныстың өзгеруі, елімізде жүзеге асырылып жатқан білім беру жүйесіндегі қайта құру идеялары, мектептегі білім жүйесі дамуының жаңа бағыттары, үздіксіз білім беру принциптерін жүзеге асыру жағдайында мектеп мұғалімін дайындаудың қазіргі моделін жасау қажеттігінен туындайтын, жоғары педагогикалық оқу орындарында кәсіби мамандар даярлау жүйесіне деген жаңа көзқарастар енгізілген.
Ол көзқарастың бірі жоғары педагогикалық оқу орындарында мектеп мұғалімін кәсіби дайындаудың қазіргі моделін жасау. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың тиімді жолдарын анықтау, білім беру жүйесінің ұлттық моделін даярлау аса маңызды және күрделі мәселе. «Еліміздің бағдарларының жүзеге асуы осы мәселелерді шешуге байланысты. Біз экономиканы көтере бастаған қазіргі сәтте, әлеуметтік салаға назар аударуды күшейтетін уақыт келді... Нақ осында бізде көптеген шешілмеген мәселелер қордаланып қалды, ... орта және жоғары білім берудегі реформаларды ақырына дейін жеткізу керек» [3].
Тәуелсіздік алған күннен бастап білім беру жүйесінің дамуы елімізде, негізінен, екі бағытта жүргізіліп келді. Олар:
1) кеңес өкіметі жылдарында жинақталған барлық оң нәтижелерді сақтау;
2) қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік шарттарды ескере отырып, қазақстандық білім беру жүйесінің жаңа моделін жасау жолдарын іздестіру.
Зерттеліп отырған ұғымдарға арналған психологиялық және педагогикалық ғылыми әдебиеттерге талдау жүргізілді, математика мұғалімін кәсіби дайындауда оның әдістемелік құзырлылығын қалыптастыру мазмұнының теориялық негіздері анықталды. Онда «мұғалімінің әдістемелік құзырлылығы – әдістемелік нәтижеге жететін мұғалімнің тұлғалық кәсіби қасиеттілігі, оқытудың қазіргі технологияларын пайдаланып, пәнді оқытуға теориялық және практикалық дайындығының үйлесімділігі», - деп пайымдалған еді.
Осы анықтаманың және Г.Л. Луканкиннің математика мұғалімін кәсіби дайындаудың моделінің негізінде болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын қалыптастырудың моделін құру мәселесі қойылды.
Г.Л. Луканкиннің кәсіби дайындық моделі үш блоктан тұрады: мұғалім азамат тұлғасын қалыптастыру; тәрбиеші мұғалімді қалыптастыру; құзырлы маман, әрі пән мұғалімін қалыптастыру. Құзырлылықтың құрамы мынандай:
1) кәсіби дайындықтың әдіснамалық бағыттылығы;
2) қоғамдық-саяси пәндердің кәсіби-педагогикалық бағыттылығы;
3) психологиялық-педагогикалық дайындықтың кәсіби-пәндік бағыттылығы;
4) математикалық дайындықтың кәсіби бағыттылығы;
5) әдістемелік дайындықтың ғылыми-теориялық және практикалық бағыттылығы;
6) студенттердің үздіксіз педагогикалық практикасының ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру;
7) мамандарды дайындағанда тұлғалық-әрекеттік тұғырды жүзеге асыру;
8) мамандарды қазіргі педагогикалық және жаңа ақпараттық технологиялармен қаруландыру;
9) мұғалімдердің үздіксіз компьютерлік дайындығын жүзеге асыру;
10) оқу-ғылыми-өндірістік-педагогикалық кешенін жасау (ОҒӨПК) [223, c.59].
Мұғалімнің әдістемелік құзырлылығын қалыптастырудың мазмұндық моделін құру үшін алдымен мынандай мәселелерді қарастыру қажет болды:
– педагогикалық білім жүйесінде әдістемелік құзырлылықты қалыптастырудың педагогикалық шарттарын айқындау;
– математика мұғалімін кәсіби дайындауда оның әдістемелік құзырлылығын қалыптастырудың моделін құру және оны жүзеге асыру;
– әдістемелік құзырлы математика мұғалімінің моделін құру.
Сонымен, жоғары педагогикалық оқу орындарында болашақ мұғалімнің психологиялық, пәндік және технологиялық үш компоненттерден тұратын әдістемелік құзырлылық моделі құрылды (4-кесте, 64 б.) және оған қажетті кәсіби шарттар нақтыланды.
Әдістемелік құзырлылықты қалыптастыру үдерісі моделінің мәні – педагогикалық білім мен іскерлікті меңгеруді маңыздыландыру және кәсіби тұлғалық қасиеттер мен жеке тәжірибені құру. Ол үш сатыдан тұрады: психологиялық, мазмұнды іс жургізу, тәжірибелік.
Психологиялық сатыда әрекеттенуге бағыттайтын, іс-әрекетке кірісу қажеттілігін түсінетін мотивтер жүйесін, психологиялық білгірлікті қалыптастыру және болашақ мұғалімдерді педагогикалық, психологиялық, математикалық, әдістемелік білімді меңгеріге ынталандыру жүргізіледі. Ол үшін мотивациялық-танымдық, құнды-мағыналы таңдау, сезіну яғни сананың өзіне назарын аударып, өзінің психикалық күйіне ой жүгірту, сынды пікір алмасу қолданылады.
Мазмұнды іс жургізу сатысында мұғалімнің ұстаз ретінде субъектілік бағытын жүзеге асырудың ғылыми негізі құрылады. Ол үшін пікір алмасу, өзін-өзі тану, ізденіс, информацияларды сынмен талдау қолданылады. Бұл кезде дидактикалық біліктілік қалыптасады.
Тәжірибелік сатысында студенттердің азды-көпті тәжрибесін жаңа әдіс-тәсілдермен толықтырып, жаңарту және оған кәсіби өзін-өзі жетілдіруге нұсқау беріп, оқу-тәрбие үдерісінде сабақтарды үйлесімді ұйымдастырып, ойын түрлерінде жүргізу, студенттердің шығармашылық проекттерін жүзеге асыруларын қадағалау арқылы оларға технологиялық біліктілік қалыптастыру жүргізіледі.
Біз болашақ мұғалімнің әдістемелік құзырлылығын психологиялық, пәндік және технологиялық үш компоненттердің біртұтас құрамында қарастырдық.
Жүргізілген диагностика көмегімен және ғылыми талдау негізінде, құрамында аталған компоненттер енген әдістемелік құзырлылық құрылымының біртұтас көрінісін көрсететін, БММӘҚ қалыптастыру моделі 1-суретте келтірілді.
Ұсыналған модель бойынша әдістемелік құзырлылықты қалыптастыру психологиялық, теориялық және практикалық дайындықтарда жүзеге асырылады. Олар: педагогикалық іс-әрекетке ынталандыру; өзін-өзі тұлғалық және кәсіби дамыту, өзін-өзі жетілдіру; кәсіби әдістемелік және тұлғалық даму мен жаңа технологияларды меңгеруді байланыстыру, педагогикалық психодиагностика әдістерін меңгеру; математика педагогикасын, психологияны, математиканы оқытудың жаңа технологияларын меңгеру; педагогикалық үдерісті моделдей білу және ұйымдастыру; кәсіби әдістемелік тәжірибе жинау үшін оқу-тәрбие үдерісінде математиканы оқытудың технологияларын қолдана білу.
Әрбір компоненттің пайда болуы оның cипатының және қасиеттерінің біртұтас жүйенің бөліктері ретінде қалыптасуымен байланысты болды.
Педагогикалық институтта математика мұғалімін кәсіби дайындауда оның әдістемелік құзырлылығын қалыптастырудың моделі үш дайындықты қамтиды: 1) Мамандыққа психологиялық дайындық;
2) Теориялық дайындық;
3) Практикалық дайындық.