1- дәріс болашақ МҰҒалімнің КӘсіби дайындығын қҰзырлылық ТҰРҒыдан қарастыру



бет1/13
Дата15.11.2023
өлшемі74,09 Kb.
#123286
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Құзырлылық. Лекциялар 2к


1- ДӘРІС
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҒЫН ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚАРАСТЫРУ

Қазақстан Республикасында 2005-2010 ж.ж. білімді дамыту туралы мемлекеттік заңында білім сапасын арттыруға және әлемдік деңгейде бәсекелесе алатын мамандар даярлауға міндет қойған. «Тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтындай маман болатындай деңгейге көтерілу» үшін жоғары педагогикалық оқу орындарында маман даярлау жүйесін модернизациялау қажеттігі туды [1].


Бүгінгі күні жоғары мектеп сынмен ойлайтын, мәдениет нормалары, демократиялық құндылықтары, этикалық қағидалары қалыптасқан ... жаңа дәуірдің мамандарын еңбекке даярлауы қажет. Жұмыс берушілер кәсіби білім мен біліктен басқа маманның ауызша және жазбаша хабарласып, қарым-қатынас жасай білетін, командада жұмыс істей алатын, тапқыр, жауапкершілік және ұйымдастырушылық қабілеті бар, шығамашылық тұрғыда үнемі білімін жетілдіретін маманды құндайды [5, Б. 21-22].
Мұның өзі болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындығын құзырлылық тұрғыдан қарастыруды талап етіп, оның мазмұнын жаңарту мәселесіне әкеп тірейді. Болашақ маманды даярлау мәселесі қоғам дамуының барлық кезеңдерінде өзектілігін жойған емес. Себебі адамзаттың дамуының әр сатысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері өзгеріп отырады да, мамандарды даярлау мәселесіне де жаңа талаптар туындап отырады. Болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының мазмұны мен құрылымын қарастыру үшін, алдымен «кәсібилік» ұғымының мәніне тоқталайық. Психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді зерттеу «мұғалімнің кәсібилік» ұғымының әртүрлі анықталатынын көрсетті. Оның себебі: кәсібиліктің деңгейлерінің бірнеше болғандығынан деп ойлаймыз. Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, кәсібилік қалыптасу стадиясы (педагогикалық жоғары оқу орырдарындағы студенттер), кәсібиліктің даму стадиясы (жас мұғалімдер), кәсібиліктің жетілу және өзін-өзі жетілдіру стадиясы.
Педагогикалық кәсібилік мұғалім мамандығымен байланысты. Олай болса, оны педагогикалық іс-әрекет, мұғалімге қойылатын талап және оның дайындығы аумағында қарастыруға болады.
«Кәсібилік» ұғымының сөздіктерде және энциклопедиялық басылымдарда бұрын болмағанын, болса да оны мағынасы жақын сөздермен ауыстырғанын көрдік. Мәселен, С.И. Ожеговтың «Орыс тілі сөздігінде» «маман», «кәсіби», «мамандық» ұғымдары негізгі жұмыспен айналысуға байланысты қолданатынын көрдік [6].
Үлкен совет энциклопедиясында «кәсібилік», «кәсіби дайындық», «кәсіби бағыт», «кәсіби білім» ұғымдарына анықтыма берілген. Мысалы, «кәсібилік – белгілі бір мамандыққа сай ... қолданылатын сөз», «кәсіби дайындық – нақты бір іс-әрекет аумағындағы жұмысты орындауға қажет арнайы білім, білік және дағды жиынтығы» [7].
Педагогикалық энциклопедияда «кәсіби дайындық – нақты бір мамандық бойынша жұмысты жемісті орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін арнайы білім, білік және дағды, сапа, еңбек тәжірибесі және тәртіп нормаларының жиынтығы» ретінде қарастырылады [8].
Ресей педагогикалық энциклопедиясында «кәсіби бағдар», «кәсіби білім» «кәсібилік», «кәсіби өзін-өзі анықтау» ұғымдарының мағнасы ашылған, ал «кәсібилік», «педагогикалық кәсібилік» ұғымдары қарастырылмаған.
Г.М. Коджаспирова мен А.Ю. Коджаспировтың педагогикалық сөздігінде «мұғалімнің профессиограммасы», «кәсіби бағдар» ұғымдары қарастырылады және педагогикалық шеберлік ұғымының мағынасын ашқанда кәсібилікті пайдаланады [9, Б. 124]. «Педагогикалық шеберлік – педагогикалық іс-әрекетті жоғары деңгейде меңгергендік; арнайы білім, білік және дағды, педагогтың оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін тиімді басқаруға және мақсатты педагогикалық әсер етуге қажет тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттері» [7, Б.8].
Кәсіби білім энциклопедиясында кәсібилікке байланысты ұғымдардың мазмұны елу беттен астам көлемінде ашып көрсетілген. Онда «маман», «мамандану», «кәсіби құзырлылық», «кәсіби дайындық», «кәсіби маңызды қасиеттер», «педагогтың кәсіби-педагогикалық мәдениеті» және басқа да көптеген ұғымдар ашып көрсетілген. Энциклопедияда кәсіби-педагогикалық білімге көп көңіл бөлінген [10]. Кәсібилік «практикалық іс-әрекетінде қабылдаған, ақылы функционалдық міндеттерді құзырлы орындай білу қабілеті; орындалатын міндеттердің күрделілік деңгейіне сай шеберлік деңгейі» [10, Б.379]. Әрмен қарай «кәсіби педагогика», «кәсіби білім» ұғымдары анықталады да педагогикалық кәсібилікке анықтама берілмеген.
В.А. Сластенин, И.Ф. Исаев, А.И. Мищенко, Е.Н.Шияновтың «Педагогикасында» «педагогикалық кәсібилік» ұғымының мағынасы қарастырылып, оның негізгі компоненттері (кәсіби құзырлылық, кәсіби іс-әрекет, кәсіби шығармашылық, кәсіби білік, кәсіби шеберлік) ғылыми негізделген [11].
«Қазіргі педагогикалық іс-әрекеттің кәсібилігі, оның тиімділігін бақылау және өзін-өзі бақылау мақсатындағы ғылыми зерттеу элементтерін енгізу», – деп есептейді Н.В. Кузьмина. Ол мұғалімнің іс-әрекетінің тиімділігі «педагогикалық мәселелерді шешуге байланысты оқу-тәрбие үдерісіне бөлінген белгілі бір уақытта, барлық немесе бірнеше оқушылардың ақырғы межеге жетуін қамтамасыз ететін біртіндеп жасалатын педагогикалық мақсатқа сәйкес амалдар жүйесі. Бір сөзбен бұл өлшенетін шеберлік» ретінде қарастырылады. [12, Б.9].
З.И. Равкин мұғалімнің кәсібилігіне мынандай анықтама береді: «мұғалімнің кәсібилігі – арнайы және жалпы мәдениеттілік дайындықтың жоғарғы деңгейі, кәсіби және жалпы эрудиция, еңбек рыногында бәсекелікті қамтамасыз ететін касиет және біртұтас педагогикалық үдерісте білімнің әлеуметтік, интеллектуалдық, адамгершіліктік құндылықтарын бекітуге және дамытуға бағыттылық». [13, Б.29].
Е.И. Рогов маман тұлғасының даму концепциясын құрып, «кәсібилік» ұғымын «адамның іс-әрекетті ұзақ орындау және оны меңгеру үдерісінде күрделі кәсіби мәселелерді жоғары сапалы тиімді деңгейде, ерекше жағдайда шешуді қамтамасыз ететін психофизиологиялық, психикалық және тұлғалық өзгерістердің жиынтығы» [14, Б. 22].


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет