Дәріс 14. Болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын қалыптастыру әдістемесі Математика мұғалімін кәсіби дайындауда оның әдістемелік құзырлылығын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық және әдістемелік негіздері арқылы БММӘҚ қалыптастыру моделі құрылған еді. Болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын (БММӘҚ) қалыптастыру әдістерді, құралдарды, педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты диссертацияның 3 және 4-бөлімдерінде баяндалып келді. Енді БММӘҚ қалыптастыру моделін жүзеге асыру (синтез) келтірілді.
Болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын қалыптастыру моделін жүзеге асыруда төмендегі іс-әрекеттер орындалды:
1) Қойылған мақсат, міндеттерге жету үшін жоғары педагогикалық оқу орындарында студенттерді оқыту қағидалары мен болашақ мамандарды кәсіби даярлау қағидалары анықталды және БММӘҚ қалыптастыру мәселесін зерттеудің әдіснамалық тұрғылары ретінде біртұтастық, тұлғалық, құзырлылық тұғыр, мәдениетнамалық, іс-әрекеттік, деңгейлік, жүйелілік тұрғылар алынды.
2) Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзырлылығын дамытудың көкейкесті бағыттарын зерттеу арқылы, зерттеу мәселесіне арналған ғалымдардың еңбектеріндегі «кәсіби-педагогикалық құзырлылық» ұғымының мағынасын пайымдау нәтижесінде болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығының мағынасы анықтады және психологиялық, пәндік және технологиялық компоненттерден тұратын моделі жасалды;
3) БММӘҚ-ның моделі бойынша және әдістемелік құзырлылық кәсіби-педагогикалық құзырлылықтың негізгі құраушысы болғандықтан, кәсіби-педагогикалық құзырлылықтың ғылыми-педагогикалық деректемелері негізінде БММӘҚ-ты қалыптастырудың психологиялық, теориялық және практикалық дайындықтардан тұратын мазмұны айқындалды.
4) Болашақ мамандарды кәсіби даярлау қағидалары және БММӘҚ қалыптастыру мәселесін зерттеудің әдіснамалық тұрғыларына ұстанып, философия, әлеуметтану, педагогика, психология, физиология, жоғары математика курстары, МОТӘ және арнайы курстар: «Математиканы оқытудың инновациялық әдістері» және «Мамематиканы оқытудың жаңа технологиялары», МЕШП және т.б.курстары арқылы математика мұғалімін кәсіби даярлау үдерісінде зерттеу қасиетінің барлық компоненттері біртұтас қалыптасады.
5) Аталған курстарды оқытудың түрлері (психологиялық-педагогикалық тренингтер, проблемалық лекциялар, дискуссиялар, сауалнамалар, әдістемелік семинар, ғылыми-практикалық конференция, курстық жұмыс, ойын және жарыс түріндегі практикалық сабақтар, пед.практика, дипломдық жұмыс, ашық сабақтар және т.б.) арқылы студент-математиктермен психологиялық, теориялық және практикалық дайындықтар жүргізілді.
6) БММӘҚ қалыптастыру мақсатында «Математиканы оқытудың инновациялық әдістері» атты арнайы курс жүргізіліп, студенттер математиканы оқытудың негізгі ғылыми әдістері, математикалық моделдеу әдісі, интерактивті оқыту әдісі, миға шабуыл, көрнекі-белсенді оқыту әдісі, сабаққа ынталандыру әдісі және т.б. инновациялық әдістер кешенімен танысып меңгерді.
7) БММӘҚ қалыптастыру моделін тиімді жүзеге асыру үшін студенттерге «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» (МОТӘ), «Математика тарихы» пәндерінен оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК) (орыс және қазақ тілдерінде); «МОТӘ», «Математика» – оқу құралдары; «Математиканы оқытудың негізгі әдістері», «Развивающие задачи», «Развитие математических способностей учащихся» – әдістемелік нұсқаулар; МОТӘ-нен электрондық оқулық дайындалды
8) БММӘҚ қалыптастыру моделін жүзеге асыруда дамыта оқыту, проблемалық, эвристикалық, бағдарламаланған, денсаулық сақтау технологиялары, ақпараттық телеқатынастық технологиялар және интерактивті оқыту әдістемесі, ОТ және АТ интеграциялау әдістемесі, жеделдетіп оқыту әдістемелері қолданды.
9) БММӘҚ қалыптастыру мақсатында жүргізілген кәсіби дайындықтың нәтижесі тексерілді.
БММӘҚ қалыптастыру моделін жүзеге асырудағы оқытушы мен студенттердің іс-әрекеттерінің арасындағы байланыс 31- кестеде көрсетілді.
БММӘҚ қалыптастыру моделін жүзеге асыруда Ю.К. Бабанскийдің оқыту үдерісін біртұтастық тұғыр негізінде ұйымдастыру және оқу-танымдық іс-әрекетті жүзеге асыру әдісі, оқу-танымдық іс-әрекетке ынталандыру және мотивация әдісі, оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімділігін бақылау және өзін-өзі бақылау әдістерін толығымен негізге алынды.
Оқу-танымдық іс-әрекетке ынталандыру және мотивация әдісі болашақ математика мұғалімін кәсіби дайындаудың алғашқы сатысында интенсивті жүргізілді.
Оқытушы мен студенттердің іс-әрекеттері мынандай байланыста болды:
1) Студентке кәсіби дайындықтың бастапқы деңгейінде мотивация жоғары деңгейде психологиялық әсер ету арқылы жүргізілді; Психолог Г. Резапкинаның тесті негізінде психологиялық тест құрылды.
Оқытушы әдістемелік құзырлылықты қалыптастыру қағидаларына сүйеніп студенттерге МОТӘ курсында әдістемелік бағдар берді;
3) Студентке педагогикалық шарттар жасалынып, БММӘҚ қалыптастырудың моделі жүзеге асырылды;
4) БММӘҚ қалыптасқандық деңгейі 2 қосымшадағы (Қ) психологияляқ тест, 3 сауалнама (3Қ), 4 сұрақ жауап (4Қ), тапсырма (10Қ), тест (11Қ) бойынша бағаланды Бақылау және эксперименталды топтардағы студенттердің мектепте жұмыс істеуге психологиялық, практикалық және теориялық дайындықтарының деңгейі (7Қ, 8Қ, 9Қ) бағаланды, БММӘҚ қалыптастырудағы кәсіби дайындық деңгейін көрсететін ұстанымдар анықталды.
Теориялық және практикадық дайындық оқытушы мен студенттердің іс-әрекеттерінің ынтымақтастығы нәтижесінде үйлесімді өтті және кәсіби дайындық деңгейінің көрсеткіші артып, студенттердің әдістемелік құзырлылық компоненттері біртұтас қалыптасты.
ДӘРІС 15 ӨТІЛГЕН МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚАЙТАЛАУ, ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.