1- дәріс. Әлеуметтану және әлеуметтанудың болашағы



бет8/40
Дата02.03.2023
өлшемі225,45 Kb.
#71385
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
Рөлді қабылдау
Символдық интеракционизм теориясының өткен ғасырдағы ең ықпалды зерттеушісі Джордж Герьберт Мид болды. Мид (1934) өзім деген ұғым «мен» және « мені» деп аталатын екі компоненттен тұрады деп есептеді. Ағылшын тілінің грамматикасына сәйкес біз бірдеңе жасасақ, онда мен сөзін қолданамыз, біреу бізге бірдеңе жасағанда («мен анамды тыңдамадым, сосын ол мені жазалады») мені сөзін қолданамыз. Сол себепті Мид мен сөзі «өзім» ұғымының өздігінен болатын бөлігін, жасампаз бөлігін білдіреді, ал мені сөзі өзгелердің пайымдауын растайтын өзгелік бөлікті білдіреді деп сипаттайды.
Мид қоғамда әрекет етуді және «менің» қалауыммен «мені» деген қоғамдық сананы таразылап теңгеруді рөлдік қабылдау арқылы үйренеміз деп сенді. Рөлдік қабылдау дегеніміз-әлемде түсінуде өзгелердің маңыздылығын біртіндеп өзге пікірлерді қабылдауды үйрену процесі.
Мидтің айтуынша, рөлді қабылдау бала кезде, отбасының құқықтары мен міндеттерін білі керек болғанда басталады. Баласы ретінде бізден не күтетінін түсіну үшін әке-ананың көз қарасын білуіміз керек. Біз өзімізді ата-анамыздың көз қарасы арқылы көруді және солардың пікірі бойынша мінез-құлқымызды бағалауды үйренуіміз тиіс. Олардың ой-пікірлері мен өзіміздің қалауымызды білген кезде өз міндеттерімізді түсіне аламыз.
Мид балалар қоғамда қалай әрекет ету керектігін ойын арқылы дамытатынын айтады. Үйде анасы тамақ пісіріп, әкесі жөндеу жұмыстарын жасап жүрсе, қыз ойыншық пішпен, ұл ойыншық балғамен ойнауды қалыпты деп есептейді. Ата-анасы жалғыз басты немесе ата-аналары күні бойы жұмыста жүретін балалар ойыншық машинаның ішіне ойыншық портфель немесе ойыншық аспаптарды салып жүруді ұнатуы мүмкін.
Бұл дегеніміз- балалардың ойыны көбінесе олар үшін маңызды адамдардың мінез-құлқына негізделеді деген сөз. Мыс, ата-анасы мен бауырлары балалардың өзін-өзі бағалауына қатты әсер етеді. Балалар өскен соң отбасынан тыс басқа адамдарымен көбірек араласқанда, мәселен, мұғалімдері, көршілері және жұмыс берушілері сияқты өзге адамдардың өзіне не күтетініне болжам жасай бастайды.
Сөйтіп, олар өздерінің мінез-құлқын тек өздері үшін маңызды тұлғалардың көз-қарастары арқылы ғана емес, сонымен қатар Мидші айтқандай, «жалпы басқалардың»,яғни қарым-қатнас жасайтын барлық басқа адамдардың пікірлері арқылы бағалауды үйренеді. Жалпы, басқалардың пікірін түсіну мәдениет нормалары мен құндылықтарын білумен тең. Бұл процесс арқылы, мәселен, америкалық нигериялық не поляк ретінде әрекет етуді үйренеміз.
Адамдардың барлығы нормалары мен құндылықтарын үйренсе, бұл олардың бәрі бірдей әрекет етіп, бәрі бірдей ережелерге бағынады дегенді білдірмейді. Әрбір адам өзінше дараланғанмен оған ықпал ететін маңызды тұлғалар болады. Олар әр түрлі мәдениет пен субмәдениеттерде өседі, әркімнің білім алу және ақша сияқты әлеуметтік ресурстарға қол жеткізу деңгейі әртүрлі болады. Сондықтан адамдар қоғамның ережелеріне бағынуға бейімделеді немесе басқа жолды таңдай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет