1- дәріс. Әлеуметтану және әлеуметтанудың болашағы


Өмір жолындағы әлеуметтену



бет16/40
Дата02.03.2023
өлшемі225,45 Kb.
#71385
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40
Байланысты:
лекция

Өмір жолындағы әлеуметтену
Әлеуметтену агенттері туралы бөлімде айтылғандай, әлеуметтену өмір бойы жалғасады: бала кезден басталып ересек кезімізді толық қамтып, тіпті кәрілікке дейін созылады.
Балалық шақ
Балалардың ерте жастан әлеуметтенуі алғашқы әлеуметтену деп аталады. Алғашқы деп аталуы 2 нәрсеге байланысты: адамның тұлға ретінде қалыптасуы осыдан басталады және кейінгі даму үшін бұл өте маңызды. Осы кезеңде балалар жеке қасиеттер мен өзін-өзі бағалауын дамытады: Маторикасын, ақыл ой қабілетін, және тілдік дағдыларын қалыптастырады. Өз қоғамында қолайлы деп санайтын құндылықтар мен мінез-құлықтарды үйренеді.
Ұғымдар қорытындысы: әлеуметтену түрлері әлеуметтендірудің алғашқы және басқа түрлерін сипаттайды.
Алғашқы әлеуметтену кезеңінде балалар қоғамының нормалар мен құндылықтарын үйреніп, қолданады. Көпшілігі қоғамдық ережелерге бағыну, алдымен өз отбасының, содан соң басқалардың қолдауы мен сүйіспеншіліге ие болудың басты кілті екеніне үйренеді.
Жас балалар өз отбасының сүйіспеншілігі мен қолдауына тәуелді болғанына соншалық, олардың көкейінде үнемі «отбасының сенімен ақтауым керек» деген ой тұрады. Бұл- қоғам мүлерәне сәйкестенудің маңызды қадамы. Егер бұл дағды балалық шақта қалыптаспаса оны кейін қалыптастыру мүмкін емес.
Жаһандық көзқарас: Жапония мен АҚШ-тағы мектепке дейінгі әлеуметтену.
Бала кезімізден үйренген немесе үйренбеген нәрселердің өміріздің соңына дейін әсері болары сөзсіз. Мысалы, 3 жасқа дейін қалыптасқан сөздіік қорымыз оқуға деген қабілетімізге, жоғары оқу орны ықпал етеді. Өкінішке орай байлар мен ақ нәсілді ата-аналармен салыстырғанда орта деңгейдегі кедей, жұмысшы тап және афроамерикалық ата-аналар өз балалармен едәуір аз сөйлеседі. Және сөйлескенде де қолданатын сөздік қоры тым жұтаң. Нәтижесінде, 3 жасқа келгенде кедей отбасынан шыққан балалар жұмысшы отбасы балаларына қарағанда 33 пайызға аз сөз беледі. Ал сөздің қоры орта деңгейлі отбасы балаларынан 50 пайызға аз болады. Кейде немесе афроамерикалық ата-аналар балалармен көбірек сөйлессе, мұндай айырмашылық болмас еді. Қазір көптеген ұйымдар ата-аналардың көз-қаоасын өзгертуге немесе балалардың арнайы мектепке дейінгі бағдарламаларда оқытуға ықпал етіп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет