1- дәріс. Әлеуметтану және әлеуметтанудың болашағы



бет28/40
Дата02.03.2023
өлшемі225,45 Kb.
#71385
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
Бақылау сұрақтары:

  1. Мемлекет қашан және қалай пайда болған?

  2. Адамдардың мемлекетке бірігу себептері неде?

  3. Мемлекеттің құрылы әр мемлекеттер неліктен түрліше болып келеді?

  4. ҚР мемлекетінің даму бағыттарын атаңыз

12-дәріс. Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар
1.Әлемдік саясат және әлемдік саяси үдеріс.Халықаралық қатынастар түсінігі және негізгі субъектілері. Халықаралық қатынастар теориясындағы теориялық әдістер мен негізгі дәстүрлі мектептер.
2.Қазіргі халықаралық тәртіптің тарихи типтері мен ерекшеліктері. Халықаралық қатынастар жүйелерінің типологиясы мен олардың қызмет етуінің құрылымдық заңдылықтары.
3.Қазіргі халықаралық қатынастардың дамуының негізгі үрдістері. Әлемдік саяси үдерістердің жаһандануы мен қазіргі жаһандық қауіп қатерлер.
4.Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан. Қазақстан сыртқы саясатының басымдық бағыттары – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті күшейту.


Мақсаты: халықаралық саясат, сыртқы саясат және халықаралық қатынастар мәнін ашу.

Әлемде бүгінде екі жүзден астам мемлекеттер өмір сүреді және олардың арасында өзара қатынастар орнаған. Халықаралық қатынастар –халықтар, мемлекеттер, экономикалық және құқықтық ұйымдар арасындағы халықаралық аренадағы экономикалық, саяси, мәдени, құқықтық байланыстарының жиынтығы.


Халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері:

  1. халық

  2. мемлекет

  3. мемлекетаралық ұйымдар

  4. дүниежүзілік, аймақтық, саяси үкіметтік ,үкіметтік емес ұйымдар және мүдделес топтар

Олардың ішіндегі ең маңыздысы мемлекет болып табылады, себебі, мемлекет - өзге мемлекеттермен қатынасуға, келісім жасауға, соғысты жариялауға, бейбіт келісімдер жасайтын, егемендік, қауіпсіздік, территориялық тұтастықтың міндеттерін шешетін және легитимді өкілеттікке ие, жалғыз жалпы ұлттық институт.
Халықаралық қатынастардың заңдылықтары:

  1. халықаралық қатынастардың негізгі қатысушылары егеменді мемлекеттер болып табылады, олардың халықаралық әрекет формалары - әскери стратегия және дипломатия.

  2. Мемлекеттік саясат екі түрде жүзеге асады: ішкі және сыртқы, яғни халықаралық, олар өзара байланысты және бір-бірінен ерекшеленеді.

  3. халықаралық экономикалық жүйе аясында әрекет ете отырып, әрбір мемлекет төмендегі мақсаттарға қол жеткізуге тырысады: экономикалық пайда, әлеуметтік тұрақтылық және өздеріңің саяси мақсаттарына жету құралдарын иемдену.

  4. Мемлекеттің халықаралық саясатының нәтижесі ұлттық мүддеге негізделеді.

  5. Ұлттық мүддені қорғау мемлекеттің табиғи, экономикалық және басқа ресурстарына қатысты ең күшті әскери потенциалды иеленуді қажет етеді.

  6. Кез келген мемлекеттің өз ұлттық мүдделерін қанағаттандыруға тырысуының нәтижесі – әлемдік аренада нақты тепе-теңдік күшті қалыптастыру болып табылады.

  7. Соғыстың болу болмауында ядролық қару басты роль атқарады.

  8. әскери потенциалы тұрғысынан ең ірі мемлекеттер, яғни ұлы державалар арасында күштерді бөлуге байланысты қосполярлы, үшполюсті, мультиполярлы жүйе қалыптасуы мүмкін.

Халықаралық қатынастың түрлері:

  1. Саяси, экокнмикалық

  2. Иделегиялық , әлеуметтік

  3. Мәдени,тғылыми-техникалық

  4. Әскери стратегиялық

Халықаралық қатынастың негізгі басымдықтары:

  1. Соғыс пен бейбітшілік

  2. Жалпы ортақ қауіпсіздік

  3. Қоршаған ортаны қорғау

  4. Артта қалушылық пен кедейшілікті жеңу

Мемлекеттік саясат екі түрде жүзеге асады: ішкі және сыртқы, яғни халықаралық, олар өзара байланысты және бір-бірінен ерекшеленеді.
Сыртқы саясат - сыртқы саяси іс-әрекет өзге субъектілері –мемлекеттермен, ұйымдары мен одақтары, шетелдік қоғамдық бірлестіктер. әлемдік және аймақтық халықаралық ұйымдармен қатынастарын реттейтін мемлекеттің халықаралық аренадағы іс-қимылы. Сыртқы саясатты жүзеге асыру формалары:
- мемлекеттер арасында дипломатиялық қатынастар орнату (немесе оның деңгейін төмендету, тоқтату, қатынастар ушыққанда соғыс жариялау);
- халықаралық ұйымдар аясында мемлекеттің өкілдігін ашу немесе оларға мүшеллікке ену;
- шетелдік қоғамдық қозғалыстармен, бірлестіктермен және ұйымдармен достық қатынаста әріптесу;
- мемлекет өкілдіктерімен, болашақта дипломатиялық қатынас орнату мақсатымен халықаралық қоғамдық құрылымдар өкілдіктерімен әртүрлі деңгейде тұрақты қатынас жасау және қолдау.
Шет елдік әріптестермен тұрақты байланыс арқылы мемлекет сыртқы саясатын жүргізуде әртүрлі әдістер мен құралдарға қол жеткізеді:
1) тұрақты ақпарат алмасуды, әртүрлі дейгейдегі сапарларды іске асырады;
2) түрлі мәселелер төңірегінде ашық және құпия сипаттағы екіжақты және көпжақты келісімдер мен шарттарды бекітуге дайындық;
3) мемлекеттердің сыртқы саяси іс-қимылдарының мүмкіндіктерінің дамуына немесе шектелуіне ықпал етеді;
4) соғысқа дайындалуға және сыртқы саяси жағдайдағы соғыс қимылдарын жүргізу үшін тиімді жағдайды қамтамасыз ету. Соңғы онжылдықтарда халықаралық өмірдің өрекниетті қатысушылары ракеталы-ядролық соғысты болдырмауға, халықаралық шиеленістерді келісім арқылы реттеуге, техногенді апаттардың алдын алуға, аштықпен күреске, қоршаған ортаны қорғауда бірлескен шаралар ұйымдастыруға басты назар аударуда.
Сыртқы саясат қоғам атынан сөйлеу, оның мүддесін білдіру, оны жүзеге асырудың нақты әдіс-тәсілдерін таңдау құқығы берілген ресми субъектілердің әрекеттестігі және іс-қимылы. Мемлекет халықаралық аренада екі негізгі форма дипломатия мен стратегияны қабылдайтын сыртқы саясат арқылы өзін танытады. Олардың міндеті – ұлттық мүддені көздеу, ең алдымен, бостандықты, қауіпсіздікті және адамның, қоғам мен мемлекеттің дамуы үшін тиімді жағдайларды қамтамасыз ету.
Сыртқы саясат – мемлекеттің ұлттық мүддені жүзеге асыру мақсатында олардың қатынастарын реттейтін халықаралық аренадағы іс-әрекеті.
Мемлекеттің сыртқы саясатының мақсаты:
1. Ішкі саяси бағдар үшін сыртқы саяси шарттарды қамтамасыз ету.
2. Халқаралық қатынастар жүйесінде қалыптасқан сыртқы саяси міндеттерді жүзеге асыру.
Халықаралық қатынастарға төмендегі факторлар әсер етеді:
1. Әлемдік қаржылық-саяси жағдай
2. Әскери-стратегиялық жағдай
3. Жеке мемлекеттердің ықпалы
4. Шикі және табиғи ресурстардың жағдайы.
Үшінші мың жылдықтағы адамзат алдындағы негізгі проблемаларға оның өмір сүруіне, барлық халықтың өміріне қатысты мәселелер жатады. Мұндай проблемалар глобальды немес жаһандық деп аталады. Қазіргі халықаралық қатынастардың дамуының бірінші тенденциясы олардың глобализациялануы, яғни олар экномиканы интернационализацияға, ортақ әлемдік байланыс жүйесін дамытуға, ұлттық мемлекет қызметінің өзгеруіне және әлсіреуіне негізделеді.
Халықаралық қатынастардың дамуының екінші тенденциясы глобальды проблемалардың өсуіне және олардың шешілуіне негізделеді.
Оларды талдау бірнеше негізгі топтарға бөліп қарастыру қажет:

  1. халықаралық әлеуметтік-саяси проблемалар: ядролық соғысты болдырмау, қарулану деңгейін төмендету, аймақтық, мемлекетаралық шиеленістерді реттеу, халықтар арасында келісімді бекіту;

  2. халықаралық әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемалар: баяу дамушы және осыған байланысты кедейшілік пен мәдени артта қалуды болдырмау, энергетикалық, шикізаттық және азық-түліктік дағдарысты шешу жолдаурын іздестіру, демографиялық жағдайларды оптимизациялау, ғарыштық кеңістік пен Әлемдік мұхитты бейбіт мақсатта игеру, өнімнің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  3. адам проблемасы: негізгі құқықтар мен бостандықты сақтау, адамға қажетті өмірлік шарттарды қамтамасыз ету, қоғамдық қатынастарды демократияландыру, мәдениетті дамыту және сақтау.

Өзінің сипаты жағынан ғаламдық проблемалар әртүрлі болады, алайда олардың бәрі адамзаттың географиялық бірлігі мен оның өмір сүруінің принципіне бағынады.
Халықаралық қатынастарды қайта құру төмендегіге негізделеді:

  • күш қолданудан бас тарту және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • халық арқылы жасалған әлеуметтік және саяси таңдаудың толық мойындау еркіндігі;

  • өркениетті сақтаудың міндеттерін шешіде елдер мен әлемнің аймақтарымен ықтымақтасуды тереңдету;

  • мемлекетаралық қатынастарды идеологияландырудан бас тарту және диалог пен компромисске, яғни бітімшілікке дайын болу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет