11-дәріс.Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
1.Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты ретінде. Мемлекеттің шығу тегі туралы теориялар мен тұжырымдар.
Мемлекеттің белгілері мен құрылымы. Үкімет пен үкімет формалары. Мемлекеттің функциялары, олардың қазіргі жағдайда өзгеруі. Қазіргі заманғы тәуекелдер жағдайында саясатты әзірлеу. Қазақстан Республикасы Мемлекті. Қазіргі Қазақстандағы демократиялық мемлекеттілікті қалыптастыру және дамыту.
2. Құқықтық мемлекеттің мәні. Конституция қоғамның негізгі заңы болып табылады. Қазақстан Республикасының егеменді мемлекетінің Конституциясы.
3. Азаматтық қоғамның өлшемдері. Құқықтық мемлекет пен Қазақстандағы азаматтық қоғам арасындағы қарым-қатынас формалары
Сабақтың мақсаты: саяси жүйенің орталық институты ретінде және саяси биліктің негізгі институты ретінде мемлекеттің мәнін ашу, мемлекеттің негізгі типтерін және жіктелу негіздерін меңгеру.
Мемлекет саяси жүйенің орталық институты болып табылады. Ол билік өкілеттіктерін өз қолына жинақтайды және жүзеге асырады, әлеуметтік процестерді басқарады және реттеп отырады. Мемлекет – белгілі бір территорияда халықтарды біріктіретін және саяси элита бекіткен заң тәртіптері арқылы өмір сүретін институт. Мемлекеттің шығуын ғылым адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік таптар мен топтардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің орнығуымен байланыстарды. «мемлекет» деген атау термин ретінде жаңа заманда пайда болды. Н. Макиавелли өзінің еңбегінде қоғамнан тыс ерекше билік құрылымын түсіндіру үшін алғаш рет stati терминін пайдаланды, яғни латынның состояние – қалыпты жағдай деген сөзінен туды.
Мемлекеттің пайда болуы туралы мәселелер көптеген жылдар бойы ұзақ талқыланып, нәтижесінде, әртүрлі гипотезалар мен теориялар жасалынды.
Алғаш рет мемлекет түрлерін типтеуді Аристотель жасады. Геродот пен Пллатонды үлгі етіп, мемлекетті монархияға, аристократияға, политейге бөлді.
1. Теократиялық - құдайдың құдыретімен пайда болу теориясы. Негізін салғандар: А. Августин, Ф. Аквинский.
2. Патриархалды теория – отбасындағы әкенің билігі руға, рудан тайпаға, тайпалардың қауымдастыққа және одан үлкейіп, мемлекет қалыптасады. (Платон, Аристотель, кейіннен Р. Филмер).
3. Қоғамдық келісім теориясы - қоғамның табиғи жағдайынан мемлекеттікке өтуі адамдардың өзара келісімге келу нәтижесінде қалыптасты. (Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж.Ж. Руссо).
4. Күштеу теориясы – бір тайпаның басқа тайпаны басып алуы нәтижесінде мемлекет пайда болды. «Күш, соғыс, күрес, зорлық – мемлекеттің негізгі атасы». (Л. Гумплович, К. Каутский)
5. Органикалық теория - мемлекет органикалық даму нәтижесінде пайда болды. Мемлекеттің миы (басқарушылар) және оның шешімін орындау құралдары (бағыныштылар) болады. Егер биологиялық организмдер ішінде ең қабілеттілері тірі қалса, әлеуметтік организмде соғыс нәтижесінде мемлекет құрылып, үкімет қалыптасады. (Г. Спенсер).
6. Психологиялық теория – адамның психикалық қасиеттерімен, оның биопсихикалық түйсігімен (инстинкт). Адам тумысынан әлемдегі күштіге бағынышты болып келеді. (Л.Петражицкий)
7. Марксистік теория – мемлекет таптар мен жеке меншіктің шығуымен пайда болды. (Ф. Энгельс, К. Маркс).
Мемлекеттің белгілері:
1. территориясы – мемлекеттік билік белгілі бір аумақ шеңберінде ұйымдасады және онда тұратын барлық адамдарға таралады.
2. азаматы – сол аумақта туғанның барлығы азаматтыққа ие болады;
3. Ерекше көпшілік биліктің болуы
4. Мемлекеттік егемендігі – мемлекеттік биліктің ішкі және сыртқы саясатты жүргізудегі тәуелсіздігі.
5. Күштеу аппаратының болуы - мемлекет белгілі бір жағдайларда заң негізінде күштеу амалдарын пайдалана алады.
6. Салық салу.
Мемлекет саяси билік институты ретінде төменлегі негізгі жүйелерден құрылады:
Билік жүйелері:
заң шығарушы билік органдары;
атқарушы билік органдар;
сот билігі органдары.
2. Қадағалау-бақылау органдары:
- прокуратура;
- полиция, милиция;
- кеден қызметі, кеден органдары;
- салық инспекциялары және салық полициясы;
- есеп палатасы;
- қадағалау органдары (экологиялық, орман, балыққорғау және т.б.).
3. Қорғаныс органдары:
- қарулы күштер;
- ұлттық гвардия, ішкі әскер;
- қауіпсіздік органдары;
- шекара қызметі, шекаралық әскер, шекаралық қарауыл.
Мемлекет формалары:
1. Басқару формасына қарай: монархиялық және республикалық.
Монархия – мемлекеттік билік бір адамның қолында жинақталып, әкелен балаға мирас ретінде қалып отырады.
Абсолютті монархияда мемлекет басшысының билігі шексіз, яғни үкіметті монарх тағайындайды және ол монархтың алдында ғана жауапты (Непал, катар, Сауд аравиясы).
Конституциялық монархияда монарх билігі конституциямен шектеледі, оған қарсы шығуға немесе өзгертуге монархтың ешбір құқығы жоқ. Дуалистік, парламенттік. Алғаш мұндай мемлекет Ұлыбританияда пайда болды,одан кейін Жапония,Бельгия, Голландия,Испания,Марокко,Швеция т.б. п.б.
Республика – мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары сайлау нәтижесінде қалыптасатын басқару түрі. (Президенттік, Парламенттік, Аралас – үкіметтің қызметіне парламенттік бақылау орнатылған күшті президенттік билік).Президенттік баскарудың классикалық түрін АҚШ бастаған. Аралас президенттік –парламенттік мемлекеттер :Австрия,Франция,Финляндия,Португалия,Туркия т.б.
2. Мемлекеттік құрылысына қарай: унитарлы, федеративті, конфедеративті.
3. Мемлекет саяси тәртіп түріне қарай: демократиялық, тоталитарлы, авторитарлды болып бөлінеді.
4. Саяси өмірдің тұрақтылығы мен үздіксіздігіне қарай мемлекет: тұрақсыз және тұрақты мемлекет түрлеріне бөлінеді.
Тұрақсыз мемлекеттер президенттердің, үкіметтің, парламенттің, конституцияның жиі өзгеруімен, бүліктер мен қайта құрулардың болуымен ерекшеленеді.
5. Мемлекет басым қызметтеріне қарай: әскери немесе полициялық, әлеуметтік, құқықтық болып бөлінеді.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметтері.
Мемлекеттің іішкі қызметтері:
1. Саяси қызметтері:
- саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- билік өкілеттіктерін жүзеге асыру;
- саяси бағдарды анықтау.
2. Экономикалық қызметі – экономикалық процестерді ұйымдастыру, үйлестіру және реттеу.
3. Құқықтық қызметтері:
- құқықтық нормаларды жасау және бекіту;
- құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;
- қоғамдық қатынастарды және азаматтардың мінез-құлықтарын реттеу;
- қоғамдық құрылысты экстремизм, терроризм сынды қауіптерден қорғау.
4. Ұйымдастырушылық қызметтері:
- шешімдерді орындау;
- мемлекеттік басқару аппаратын қалыптастыру және оны пайдалану;
- заңдардың орындалуын бақылау;
- саяси ж.үйенің түрлі субъектілерінің іс-әрекеттерін үйлестіру.
5. Әлеуметтік қызметі – адамдардың өмірлік маңызды қажеттіліктерін (жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, демалыс және т.б.) қанағаттандыру.
6. Мәдени-тәрбиелік қызметі – адамдардың мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ, азаматтарды тәрбиелеу.
Мемлекеттің сыртқы қызметтері:
1. Ішкісаяси қызметтері:
- өзге мемлекеттермен экономикалық, саяси, әскери, әлеуметтік және басқа да салалар бойынша ынтымақтасу;
- мемлекеттің халықаралық ұйымдарға қатысуын қамтамасыз ету.
2. Қорғаныс қызметі – елдің қауіпсіздігін, егемендігін және территориялық тұтастығын қамтамасыз ету.
Унитарлы мемлекет/ латынның біртұтас, біріккен/ Олар Греция, Италия, Қазақстан, Польша, Франция т.б.
Федерация :АҚШ,Бельгия,Бразилия, Германия, Канада, Малаазия, Австрия, Нигерия,Ресей т.б.
Конфедерация: Солт.Америка, Швецария т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |