1- дәріс. Әлеуметтану және әлеуметтанудың болашағы


-дәріс. Мәдениет морфологиясы



бет29/40
Дата02.03.2023
өлшемі225,45 Kb.
#71385
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40
Байланысты:
лекция

13-дәріс. Мәдениет морфологиясы
1.Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау.
2.Мәдениетті аксиологиялық, өркениеттік, құрылымдық, антропологиялық, экономикалық түсіндіру.
3.Теориялық концепциялары: Ф. Боас, Л. Уайт, З. Фрейд,К. Леви-Стросс, К. Маркс, Э. Тайлор, О. Шпенглер, А. Тойнби,Л. Гумилев, П. Сорокин, С. Хантингтон және т.б.


Сабақтың мақсаты: Мәдениет ұғымы және оның мәнін ашу, мәдениет ұғымының қалыптасуы тарихымен және мәдениеттің құрылымы, мәдениет морфологиясын түсіну, анықтау.
Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б. Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланыста. әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды,оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.
Мәдениетті әлеуметтік қызметтің бір түрі ретінде қарастырғанда мынадай екі ерекшелік байқалады:
Мәдениетті нормалардың, әдістердің, рәсімдердің жиынтық процесі ретінде қарастыратын субъектілік, қызметтік ерекшелік;
Мәдениетті мәдени процестің, шығармашылық қызметтің белгілі бір қортындысы, нәтижесі ретінде қарастыратын объектілік, құндылықтық көзқарас:Бұл жағдайда мәдениет материалдық және рухани құндылықтардың тарихи қалыптасқан жүйесі ретінде көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет