бойынша бағалау. Топырақтар құнарлылығы әртүрлі болатындықтан, өсімдіктерді өcipy үшін олардың қайсысы қолайлы қайсысы қолайсыз екенін білу керек. Бұны топырақтарды бip-бipiмeн, олардың қасиеттерін және өсімдіктер өнімін салыстыра отырып, басқаша айтқанда салыстырмалы бағалау жүргізе отырып жасауға болады.
Мұндай бағалау бip немесе бірнеше биологиясы ұқсас дақылдардың дамуын анықтайтын, өте маңызды қacиeттepiбойынша жақын топырақтарды бipiктipyжолымен, яғни агроөндірістік топтар бойынша орындалуы мүмкін. Бағалау нәтижесінде салыстырмалы түрдегі топырақтардың үлкен топтары мен олардың жуық сапасы қандайда бip ауылшаруашылық дақылдарды өcipy бойынша ұсыны-стармен бipге көрсетіледі.
Heгізгі дақылдардың өнімділіктерімен тығыз байланытағы топырақ қасиеттерінің салыстырмалы бірліктерінде (балл бойынша) өрнектелген құнарлылығын сапасы бойынша бағалау топырақтарды бонитеттеу (лат. Bonitos – жақсылық) деп аталады.
Топырақтарды бағалау ауылшаруашылық дақылдары мен орман ағаштары түрлерінің өcyi үшін өте маңызды объективті белгілер мен қасиеттерге негізделеді.
Бағалау үшін алынған топырақ қасиеттері өсімдіктер өcyi үшін тура немесе жанама әсер ететін болуы мүмкін, сондықтан топырақтарды бонитеттеу кезінде оның маңызды қасиеті – құнарлылығы көрсетіледі.
Бонитеттеу немесе топырақтарды сапалық бағалау, жеке дақылдар немесе олардың топтары үшін жасалған бонитеттеу кестесі түрінде келтірілоеді. Мұндай кестелердің құрастырылу дұрыстығын өсімдіктер өнімділігі баллдары және топырақтар қасиеттері бойынша алынған баллдарды салыстыру арқылы тексеріледі. Баллдар өзгерісінің сипаты бірдей болуы керек. (6 кесте).
Біздің елде 100-балдык ашық және жабық шкалаларды қолданады. Ашық шкалада 100 балл деп орташа өнімділікті топырақтар касиеттері, жабығында – өніміділігі жоғарғы топырақтар қасиеттері алынады.
Топырақты сапалық бағалау нәтижелерін жерлерді тіркегенде, жер үлескілерін немесе зонаның өнімділігін, дақылдардың жоғары өнімділігін анықтағанда, топырақтардың құнарлығын жоғарылататын әдістерді құрастыруда және басқа мақсаттарда пайдаланады.
Т опырақтардың құнарлылығын жоғарылату әдістері әртүрлі және олар ауылшаруашылық және орман дақылдарының өcyiн шектейтін жағдайларды жоюға бағытталған. Бұл үшін топырақтық-климаттық зоналар бойынша топырақтарды тиімді өндеу үшін арнаулы машиналар кешені таңдалады.
Эрозия қарқынды жүретін аудандарда топырақтарды аудармай жырту қолданылады; ылғалдылығы жоғары жерлерде топырақтарды плантажды терең өңдеу басым. Барлық зоналарда егістіктерге, питомниктерге және орман дақылдарына, ал соңғы кездерде ормандарда да тыңайтқыштарды енгізу кеңінен қолданылады. Гербицидтер мен арборицидтер бағалы ағаштардан қоректік элементтер мен ылғалды алып қалатын керексіз өсімдіктерді жоюға мүмкіндік бе-реді.
Гидротехникалық мелиорация, құрғату ылғалданған топырақтардың құнарлылығын күрт жоғарылатуды қамтамасыз етеді. Орманда кәpi, шipiгeн ағаштарды кесу топырақтардағы биологиялық үрдістерді тездетеді. Тұқым тектерін таңдау қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты аралас ормандар отырғызу, топырақтағы қоректік элементтердің көбеюіне септігін тигізеді, физикалық қаси-еттерін жақсартады.
Орман төсенішінің ыдырауын реттеу бойынша жиi қолданылатын тәсілдер: жинау, тазалап әкету, қопсыту. Бұл тәсілдерді дұрыс пайдаланған кезде топырақтардың құнарлылығы жоғарылайды.
Ормансыз жерлерде ауыспалы eгicтік, топырақтарды зоналық ерекшеліктері бойынша жүйелеп өңдеу, тыңайтқыштар себу, батпақтанған жерлерді құрғату, құрғақ зоналарлы ылғалдандыру, су және жел эрозияларымен күресу шаралары және т.б. арқылы топырақ құнарлығын жоғарылатуға болады.