Топырақтардың дегумификациясы – топырақпен гумусты әртүрлі себептерден жоғалту, олардың арасында негізгі себеп – топырақтардың гумус жағдайын ұстап тұру арнайы шаралардың қолданусыз тың жерлерді игеруде және жайылымдарды егістіктерге айналдыруда топырақ түзілудін табиғи үрдісінің өзгеруі.
Топырақтың құнарлығы, факторлары және элементтері. Топырақ құнарлығының жерді игеру кезіндегі өзгерістері, оның жақсарту жолдары.
Құнарлылық – топырақты тау жыныстарынан ерекшелендіретін топыраққа тән маңызды сапалық қасиет. Құнарлылық деп топырақтың өсімдіктер өнімділігін қамтамасыз ету қабілетін айтады. Ол бip мезгілде және үзіліссіз өсімдіктерді керекті су және қорекпен қамтамасыз ету жағдайымен қатар, оттегі мөлшерінің жеткілікті және топырақтардың өсімдіктердің тамыр жүйелері ушін қолайлы физикалық қасиеттері болған кездерінде қамтамасыз етіледі.
Топырақ құнарлығын анықтайтын жағдайлар өсімдіктің өciп және дамуына тікелей әсер ететін тура және жанама болуы мүмкін. Тура жағдайларға жеткілікті пайдалануға ынғайлы су қоры, аэрация, орта реакциясы, пайдалануға ынғайлы қосылыстар формасы мен мөлшері, қоректік элементтер және олардың қатынасы. Жанама жағдайларға жатқызылатыны: ил бөлшектері, қарашірік, микроағзалар саны, топырақтың тамыр таралатын қабатын шектейтін тығыз горизонттардың тереңдігі, топырақты өңдеу. Тура және жанама жағдайлар өзара тығыз байланыста және өсімдік өнімділігіне өте үлкен әсерін тигізеді.
Өсімдік тірішілігінің әpбip жеке жағдайы немесе факторы өсімдіктің өcyi үшін жеткіліксіз (минималды) болуы мүмкін, ынғайлы (оптималды) болғанда өсімдік ең жоғарғы өніміділік береді, егер артық (максималды) болса токсикоз болып, өсімдік өніміділігі нашарлап кетеді. Топырақтың жалпы құнарлығы әpбip өсімдікке әсер eтyi кезінде минимум мен максимумда болатын жағдайлармен анықталатын болады. Өсімдіктің ең жоғаргы өніміділігі топырақтың ең жоғарғы құнарлығына сәйкес келетін әртүрлі жағдайлардың ыңғайлы құрамдары мен қатынастары кезінде байқалады.
Әртүрлі топырақ-климаттық зоналарда топырақ құнарлығын анықтайтын жағдайлар әртүрлі. Тундра аймағында шектейтін факторлар төменгі температура мен топырақтың жоғары ылғалдылығы, орманды зонада – артық ылғалдылық пен топырақ қышқылдығы, орманды-дала және дала зоналарында – ылғал жетіспеушілігі мен топырақта көбінесе натрийдың, хлордың артықтығы. Құмдауыт топырақтарда ылғалдылық пен қоректік элементтерінің жетіспеушілігі, ауыр саздақ топырақтарда – аэрация нашарлығы және топырақтың жоғары тығыздығы. Сонымен, құнарлылық топырақ түзілу жағдайларының өзгеруіне байланысты шeктeлeдi.