1 -дәріс кіріспе: курстың мақсаты мен міндеттері, топырақтану ғылымының ҚЫСҚаша даму тарихы


Топырақтың типтеріне тән өзіндік құрылымы



бет15/72
Дата14.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#74403
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   72
Байланысты:
Дәріс топыр 1-15-3

Топырақтың типтеріне тән өзіндік құрылымы. Мысалы, дәншелі структура қара топыраққа, жаңғақша стуктура орманның сұр топырағына, тақталы және жапырақшалы структуралар күлгін топыраққа, бағаналы, ірі призма тәрізді және тоң кесекті структуралар сортаң топырақтарға тән.
Топырақ құрылымы деп оның тығыздығының және қуыстылығының сырт көрінісін атайды. Топырақтың тығыздығы далалық жағдайда өңдеуші (плуг, тырма, культиватор) құралдарға тигізетін қарсы әсерімен анықталады. Топырақ құрылымын бос (пышақ, күрек жеңіл кіреді), тығызданған (аталған құралдар біраз күш салғанда кіреді), тығыз (құралдар күшпен кіреді) құрылымдар деп бөледі.
Топырақтың қуыстылығын қуыстардың мөлшеріне, структура аралық жарықтардың енділігіне қарай анықтайды. Ұсақ қуысты құрылымда қуыстың диаметрі 1 мм-ден кем, қуысты құрылымда қуыстар ірі, тар жарықты құрылымда ол 3 мм-ден артық болады. Тығыз және қатты топырақтарда ағаш және шөптесін өсімдектердің тамырлары жайылып өсе алмайды. Қаттылығы 60-65 кг/см2, тығыздығы 1,9 г/см3 топыраққа өсімдік тамыры кірмейді. Топырақтың қуыстылығы, аэрациясы, су өткізгіштігі, ауыл шаруашылығы машиналарының тарту күшіне тигізетін қарсы әсері осы тығыздыққа байланысты болады.
Топырақты зерттегенде өсімдік тамырларының тереңдеп жайылуын да белгілеу керек. Шөптесін өсімдіктердің тамырлары беткі қарашірікті қабаттарды жасайды, ал ағаш өсімдіктері тамырларының гумус жасауда ролінің аз екенін байқаймыз.
Інқазғыш жануарлар (борсық, суыр, саршұнақ, тышқандар, т.б.) топырақтарды араластырумен болады. Бұл қарашірікті қабаттардың қалыңдауын күшейтеді. Бұлар шөбі шүйгін өскен жерлерде көп болып, өз алдына топырақ әртүрліліктерін жасайды. Мысалы, індік қара топырақ осы жолмен түзілген.
Топырақтың қалыптасуында әртүрлі химиялық қосындылар түзіледі. Олар топырақ массасында біркелкі тарайды немесе әртүрлі формалы болып жиналады. Гипергенез (грек тілінде гипер – үстінде, генезис – шығу тегі, яғни – жер бетінде үгілуден шыыққан) және топырақ түзілу процесінде жасалған сырт пішіні анық, топырақ массасынан жақсы ажыратылатын химиялық қосындыларды жаңа түзінділер дейді. Бұлардан басқа биологиялық текті жаңа түзінділер де болады. Олар зоогендік (капролиттер – құрттар экскременттері, илеу жасағандағы құмырсқалар кесекшелері, құрт жолдары, індер) және фитогендік (кесекшелер бетіндегі тамыршалар іздері – дендриттер, т.б.) болып бөлінеді.
Жаңа түзінділер – ерітінділерден кристалдану, коллоидтық ерітінділерден гельге түсу, гельдердің қайта кристалдануы, алмасу және т.б. процестерінде жасалады. Дегенмен, жаңа түзінділердің жасалуы топырақ жаратылу процесімен бірге жүретіндіктен биогендік процесс те болып есептеледі. Жаңа түзінділер көмірқышқылды әк, темір және марганецтің түйірлері (бобовина), темірдің сары дағы немесе сызығы, марганецтің қара дағы түрінде болады. Солтүстіктегі темір-марганец жаңа түзінділері орнына оңтүстікке қарай карбонатты (СаСО3, MgCO3) жаңа түзінділер басым келеді.
Далалық аймақ топырақтары жаратылуында темір-марганец, темір-силикат жаңа түзінділері жасалуы тоқтап карбонатты жаңа түзінділер, олардың ішінде гипстің ұсақ кристалды дрүздары (бір негізге бекіген кристалдары), конкрециялары көптеп жасалады.
Құрғақ даланың қоңыржай климаттық жағдайында гипстік жаңа түзінділерге жұқа қабық және жиынтықтар жасайтын суда ерігіш хлоридтер мен сульфаттар қосылады.
Шөлді аймақ гипсті және хлоридті-сульфатты жаңа түзінділер басым келеді. Ыза суы жақын жерлерде олар кристалдар өскіндерін, друздарды, ірі конкрецияларды, пластарды (тақталарды) құрайды.
Карбонаттық жаңа түзінділер зең немесе саңырауқұлақ мицеллийі тәрізді жіпшелер, қопсыған дақтар түзеді де, әктен тұратын «аққөзшелер» және карбонаттар мен гипстен тұратың тығыз конкрециялары «журавчиктер» деп аталады. Жаңа түзінділер, негізінен жоғарғы қабаттардан шайылып келген тұздардан аралық (иллювиалдық) қабатта жасалады. Химиялық құрамына қарай хлоридтер мен сульфаттардың түстері ақ, ақшыл (глаубер тұзы – ақшыл, гипс – ақ), әк – ұн – ақ түсті, темірдің гидроксидері – қызыл қоңыр, тат, охра түсті, темірдің оксиді – лас жасыл, көгілдір, марганец қосындылары – қара, кремний қышқылы – ақшыл түсті болады. Қара шірінді қоңыр, қарақоныр жылтыр дақтар жасайды.
Қосындыларға топырақ массасынан анық бөлінетін, бірақ топырақпен генетикалық байланысы жоқ заттар, мысалы, топырақ түзуші жыныстардың құрамына кіретін, бірақ топырақ түзілуіне қатыспайтын қой тастар, малта тастар, бақалшақтар, жануарлар сүйектері, шифер, кірпіш, ағаш және т.б. адам тіршілігімен байланысты археологиялық қалдықтар жатады. Қосындылар топырақ түзілуінде инертті денелер болып есептеледі. Бірақ топырақтың шығу тегі, жасы туралы ұғымдар береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет